Instruction for Use

36
Ыдыс жуғыш машинаны ең алғаш рет пайдаланбас бұрын:
A. Су жұмсартқышты орнатыңыз
B. Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұздан 1,5 кг салыңыз да, тұз сауытына су толтырыңыз
C. Шайғыш зат диспенсерін толтырыңыз
D. Жуғыш затты салыңыз
A. Су жұмсартқыш
Су жұмсартқышты қолдан баптау керек, ол үшін су кермектігі тетігін пайдаланыңыз.
Су жұмсартқыш құйылатын судың құрамындағы машинаға зиян келтіретін немесе оның
қызметінің тиімділігін төмендететін минералдар мен тұздарды кетіру үшін жасалған. Осы
минералды заттар мен тұздардың мөлшері неғұрлым көп болса, судың кермектігі де соғұрлым
жоғары болады. Су жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сəйкес баптау керек.
Тұратын жеріңіздегі судың кермектігі туралы мəліметтерді жергілікті су шаруашылығын
басқаратын мекемеден ала аласыз.
Тұз тұтыну мөлшерін реттеу
Ыдыс жуғыш машина қолданылатын судың кермектігіне қарай тұз тұтыну мөлшерін реттейтін етіп
жасалған. Мұның мақсаты – тұз тұтыну деңгейін оңтайландыру жəне лайықтау.
Тұз тұтыну мөлшерін реттеу үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
1. Тұз сауытының қақпағын бұрап ағытып алыңыз.
2. Сауыттың үстінде көрсеткі белгісі (бүйір жақтағы суретті қараңыз)
салынған шығырық бар, егер қажет болса, қолданылатын судың
кермектігіне қарай отырып, шығырықты сағат тілінің бағытына
қарсы “-” қалпынан “+” қалпына дейін бұраңыз.
Реттеу барысында келесі сызбаны ескеруді ұсынамыз:
1-ескертпе
°dH = 1,25 °Кларк = 1,78 °fH = 0,178 ммоль/л
°dH : Неміс градусы
°Кларк : Ағылшын градусы
°fH : Француз градусы
Құбырдағы судың кермектігі туралы ақпарат алу үшін жергілікті сумен жабдықтау
мекемесіне хабарласыңыз.
2-ескертпе
/ = Тұз қосудың қажеті жоқ
= “-” белгісіне қою
+ = “+” белгісіне қою
Орт.= ортасына қою
“-” белгісі жəне “+” белгісі
ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
СУДЫҢ КЕРМЕКТІГІ
Таңдағыш
тетіктің орны
Тұзды
пайдалану
мөлшері
(грамм/цикл)
Автономды
(цикл/1 кг)
°dH °fH °Кларк ммоль/л
0~8 0~14 0~10 0~1,4 / 0 /
8~22 14~39 10~28 1,4~3,9 20 50
22~45 39~80 28~56 3,9~8 Орт. 40 25
45~60 80~107 56~75 8~11 + 60 16