Instruction for Use
50
Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктердегі кермек судан жиналған
қақты уақытылы тазалап отыру керек, сонда,
бүріккіш түтіктердің саңылаулары мен
подшипниктеріне қоқыс тұрып қалмайды.
Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалған
саңылауларын, жуу нəтижесін жақсарту үшін
инемен шұқып тазалауды ұсынамыз.
Ыдыс жуғыш машинаны күтіп ұстау жолдары
• Əрбір жуу циклынан кейін
Əрбір жуу циклынан кейін құрылғыға құйылатын суды жауып, ылғал немесе жағымсыз иіс
тұрып қалмас үшін есігін сəл ашыңқырап қойыңыз.
• Ашаны розеткадан суырыңыз
Тазалау немесе күтіп ұстау жұмыстарына кіріспес бұрын, əрқашан ашаны розеткадан
суырыңыз.
• Ешбір еріткіш немесе жеміргіш заттарды пайдаланбаңыз
Ыдыс жуғыш машинаның сырты мен резеңке бөліктерін тазалау үшін еріткіш немесе жеміргіш
тазалау құралдарын пайдаланбаңыз. Тек шүберек пен жылы сабын су ғана пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі бетіндегі дақтарды немесе таңдақтарды аздаған сірке суы немесе ыдыс
жуғыш машинаға арналған жуғыш зат қосылған суға матырылған шүберекпен тазалаңыз.
• Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде
Жуу циклын ыдыс жуғыш машинаға ыдыс салмай орындап, содан кейін оның ашасын
розеткадан суыруды, су құятын шүмекті жауып, құрылғы есігін сəл ашық күйі қалдыруды
ұсынамыз. Сонда есіктің тығыздағыштарын ұзақ уақыт пайдалануға жарайды жəне
құрылғының ішінде иіс пайда болмайды.
• Құрылғыны жылжыту
Егер құрылғыны жылжыту қажет болса, оны тік қалыпта ұстауға тырысыңыз. Егер міндетті
түрде шалқайтып орнату қажет болса, онда осылай орнатуға болады.
• Тығыздағыштар
Ыдыс жуғыш машинадан иіс шығуының бір себебі тығыздағыштарда тағамның қалып қоюы
болып табылады. Дымқыл шүберекпен уақытылы тазаласаңыз, бұндай жағдайға жол
бермейсіз.
Бұранданы
ағыту