Instruction for Use

54
Есік серіппесінің тартылуын реттеу
Есік серіппелері зауытта сыртқы есікке дұрыс тартылып тұратындай етіп орнатылады. Егер ағаш
панельді орнату қажет болса, есік серіппесінің тартылуын реттеу керек. Болат сымды қатайтып
тарту немесе босату үшін реттегіш бұранданы бұрау арқылы реттегішті бұраңыз (5-суретті
қараңыз).
Есік серіппесінің серпімділігі есікті
толық ашқан кезде көлденең қалпы
тұрса жəне саусақпен сəл итерген
кезде жабыла бастаса, онда дұрыс.
5-сурет
Есік серіппесінің тартылуын реттеу
босату
Су төгетін түтіктерді жалғау
Диаметрі кем дегенде 4 см су төгетін түтікті ақаба су құбырына жалғаңыз немесе түтікті
майыстырмай, бүкпей раковинаға ағатын етіңіз. Құрылғымен бірге берілетін арнайы пластик тіректі
пайдаланыңыз (6-сурет). Түтік 400 жəне 1000мм биіктікте тұруы керек жəне су кері ағып кетпеу
үшін су батырылып тұрмауы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Арнайы пластик түтік тірегішті су төгетін түтік жылжып кетіп, су сыртқа ағып
кетпеу үшін қабырғаға мықтап бекіту керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: СУ ТӨГЕТІН ТҮТІКТІ A, B, С СУРЕТІНДЕ КӨРСЕТІЛГЕНДЕЙ ІЛІҢІЗ.
Су төгетін түтіктің ілгегін ас үйдегі
шкафқа жақындатыңыз.
Су төгетін
құбыр
Су төгетін түтіктің ілгегі
Санауыш
Алды
6-сурет
Су төгетін түтікті қосу