Instruction for Use

55
Ыдыс жуғыш машинаны орнату
1. Жиһаздың есігін ыдыс жуғыш машинаның сыртқы есігіне бірге жеткізілген қапсырма арқылы
орнатыңыз. Қапсырманы орнату үшін қосымша кітапшадағы суретті қараңыз.
2. Есік серіппелерінің тартылуы алты қырлы кілттің көмегімен реттеңіз, сағат тілінің бағытымен
бұрап, сол жəне оң жақ серіппелерді қатайтыңыз. Бұлай істемеген жағдайда ыдыс жуғыш
машинаға нұқсан келуі мүмкін (2-сурет).
3. Су құятын түтікті суық су жүйесіне жалғаңыз.
4. Су төгетін түтікті жалғаңыз. Сызбаға қараңыз (6-сурет).
5. Қуат сымын жалғаңыз.
6. Бекіткіш таспаны корпустың жұмыс бетінің астына бекітіңіз. Бекіткіш таспаның ұшының жұмыс
бетінің шетіне дəл келетініне көз жеткізіңіз.
7. Ыдыс жуғыш машинаны орнына қойыңыз.
8. Ыдыс жуғыш машинаның деңгейін реттеңіз. Артқы тіреулерін ыдыс жуғыш машинаның
алдыңғы жағынан, корпустың сол жəне оң жақтарында орналасқан бұрандаларды бұрап
реттеуге болады (5A-сурет). Алдыңғы тіреулерін реттеу үшін бұрағыштың көмегімен, ыдыс
жуғыш машина орныққанша алдыңғы тіреулерін бұраңыз (5B-сурет).
9 Ыдыс жуғыш машина орнында мығым тұруға тиіс. Оны мығым орнатудың екі тəсілі бар:
A. Жұмыс алаңын екі ағаш бұрағышты пайдаланып, жұмыс алаңының ыдыс жуғыш машинаға
салмақ түсірмеуін қадағалап орнатыңыз (6-сурет).
B. Мəрмəр немесе гранит жұмыс алаңдары ыдыс жуғыш машинаның бүйір жағындағы
панельге бекітіледі жəне ыдыс жуғыш машина ас үй қаптамасының корпусына бекітіледі.
Бұрандаға резеңке қалпақ кигізіңіз (7-сурет).
Бұранда
Конус тəрізді
құрал
Бұранда
Резеңке қақпақ
Жиһаздың есігі
Булануға қарсы
құрал
7-сурет