Instruction for Use

57
Жерге тұйықтау ашасын дұрыс пайдаланбау электр тоғы соғу қатеріне əкелуі мүмкін.
Жерге тұйықтау ашасының дұрыс қосылғанына күмəндансаңыз, білікті электршіге
немесе қызмет көрсету маманына хабарласыңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген ашаны өзгертпеңіз. Егер аша розеткаға дəл келмесе,
дұрыс розетканы орнату үшін білікті электрші маманды шақырыңыз.
Су жүйесіне жалғау
Суық су құбырына жалғау
Суық су құюға арналған түтікті бұрамасы 3/4 (дюйм) ағытпаға жалғап,
оның орнына мықты қатайтып бұралғанын тексеріңіз.
Су құбырына қосу түтіктері жаңа болса немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
болса, судың əбден тазарғанына көзіңіз жеткенше ағызып қойыңыз. Бұл
сақтық шарасы су келетін құбырдың бітеліп қалып, құрылғыны бүлдіруіне
жол бермеу үшін керек.
Ыстық су құбырына жалғау
Құрылғының түтігін үйдегі ыстық су құбырына қосуға (мысалы,
орталықтандырылған жүйе, жылыту жүйесі) тəрізді жүйелерге, егер
температурасы 60 C градустан аспаса қосуға болады. Бұндай жағдайда,
жуу циклының уақыты шамамен 15 минутқа қысқарады да, жуу циклының
нəтижесі шамалы төмендейді.
Ыстық су құбырына қосу үшін суық су құбырына қосу тармағында
көрсетілген қадамдарды орындап қосуға болады.
Су құятын түтікте көбірек су қалып қоюға жол бермеу үшін кранды пайдаланып болғаннан
кейін жабыңыз. (Аква-стоп құралы жоқ құрылғыларға қатысты емес.)
Ұзартқыш түтік
Егер ұзартқыш төгу түтігі керек болса, дəл сондай төгу түтігін пайдаланыңыз.
Ол 4 метрден артық болуға тиіс; əйтпесе ыдыс жуғыш машинаның тазартатын қабілеті азаяды.
Сифонды жалғау
Ақаба құбырға қосу үшін биіктік ыдыс жуғыштың табанынан 50 см (ең азы) жəне 100 см (ең көбі)
болуға тиіс. Су төгетін түтікті түтік қапсырмасымен бекіту керек.
Ыдыс жуғыш машинаны іске қосу
Ыдыс жуғыш машинаны іске қосардың алдында төмендегіні тексеру қажет.
1. Ыдыс жуғыш машинаның деңгейі дұрыс əрі орнықты болуы
2. Су құятын түтік клапанының ашық екені
3. Су өтетін қосылымдардан су ағуы
4. Сымдардың мықтап жалғанғаны
5. Электр желісіне қосылғаны
6. Су құятын жəне төгетін түтіктердің бұратылып қалмағаны
7. Орам материалдары мен қағаздардың барлығын ыдыс жуғыш машинадан алу керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ. Орнатып болғаннан кейін осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз.
Осы нұсқаулықта жазылғандар пайдаланушы үшін өте пайдалы.
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ: