Instruction for Use

KZ4
Қабырға немесе төбені бұрғылап тескенде электр сымдарын және/
немесе түтіктерін бүлдіріп алмаңыз.
Желдеткіш арналары әрқашан сыртқа шығуы тиіс.
Шығатын ауа құрылғы тұтынатын газдың түтінін шығаратын мұржа
арқылы желдетілмеуі тиіс, бөлек саңылауы болуы тиіс. Түтін шығаруға
қатысты барлық жергілікті ережелер орындалуы тиіс.
Сорғы газ және жанарғылардың өзге түрлерін қолданатын басқа
құрылғылармен бірге қолданылса, бөлмедегі теріс қысымы 4 Па (4 x 10
-5
бар) шамасынан аспауы тиіс.
Осыған байланысты, бөлменің дұрыс желдетілуін қадағалаңыз.
Өндіруші қате қолданыс немесе басқару тетіктерін қате реттеу
жағдайларына жауап бермейді.
Жүйелі тазалау және күтім жұмыстары құрылғының жұмысы дұрыс
болуы және сапалы болуы үшін өте маңызды. Май жиналып қалмас
үшін, ластанған беткейлерді жиі тазалап отырыңыз. Сүзгілерді жиі
тазалап, ауыстырып отырыңыз.
Құрылғы астында тамақты жалынмен (ambé) пісіруге болмайды.
Жалынды қолдану өртке себеп болуы мүмкін.
Қуырғанда, табаларды бақылаусыз қалдыруға болмайды, май
жалындауы мүмкін.
Сорғыны тазалау және сүзгілерді ауыстыру нұсқауларын орындамау
өртке себеп болуы мүмкін.
Түтін соратын сорғыны май сүзгілерін орнатпай ашуға болмайды және
әрқашан бақылауда болуы тиіс.
Газ құрылғыларын сорғы астында табамен бірге ғана қолдану қажет.
Үш газ жанарғысынан артық жанарғы қолданылғанда, сорғының тарту
деңгейі 2 немесе одан жоғары болуы тиіс. Бұл құрылғыда жылудың
жиналып қалуынан қорғайды.
Шамды суығанша ұстауға болмайды.
Сорғының шамын дұрыс орнатпай қолдануға немесе бақылаусыз
қалдыруға болмайды - ток соғу қаупі туындайды.
Орнату және күтім жұмыстары үшін жұмыс қолғаптарын киію қажет.
Бұл өнімді далада қолдануға болмайды.
Сорғы қосылып тұрғанда, сорғының қол жететін бөліктері ыстық болуы
мүмкін.
Бұл нұсқаулықта КҮТІМ ЖАСАУ/ШАМДЫ АУЫСТЫРУ бөліміде
көрсетілген шам түрін қолданып шамды ауыстырыңыз.
БҰЛ КІТАПШАНЫ БОЛАШАҚТА ҚОЛДАНУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ
Сәйкестік декларациясы 
Бұл құрылғы төмендегілерге сәйкес жасақталған, өндірілген және нарыққа өткізілген:
- "Төмен кернеу" директивасына 2014/35/ЕС байланысты қауіпсіздік мақсаттары;
- n. 66/2014, n. 327/2011, n. 244/2009, n. 245/2009, n. 1194/2012, n. 2015/1428 еуропалық ереженің эко дизайн
талаптары;
- 2014/30/EC "EMC" директивасының қорғаныс талаптары.
Құрылғы мақұлданған жерге тұйықтау жүйесіне тиісінше жалғанса ғана құрылғының электр қауіпсіздігіне кепілдік
беріледі.
Қуат үнемдеу бойынша кеңестер
Пісіре бастағанда сорғыны төмен жылдамдықпен қосыңыз және аяқтаған соң бірнеше минут қосулы күйінде
қалдырыңыз.