Instruction for Use

СІЗДІҢ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ
Бұл нұсқаулық жəне құрылғының өзі оқылып, барлық кезде сақталуы тиіс маңызды қауіпсіздік хабарламаларын қамтиды.
Барлық қауіпсіздік хабарламалары мүмкін қауіпті, жарақат алу мүмкіндігін азайту жолын түсіндіреді жəне нұсқау орындалмаған жағдайдың
салдарын хабарлайды.
- Кез келген орнату жұмыстарын орындаудан бұрын құрылғы қуат көзінен ажыратылуы тиіс.
- Орнату жəне техникалық күтім өндірушінің нұсқаулары мен жергілікті
қауіпсіздік ережелеріне сəйкес білікті техник маман тарапынан
жүзеге асырылуы тиіс. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген болмаса, құрылғының ешбір бөлшегін жөндемеңіз не
ауыстырмаңыз.
- Бұл құрылғының қасында жанармай немесе басқа жанғыш булар мен сұйықтықтарды сақтамаңыз немесе пайдаланбаңыз.
Электрлік жəне газ қосылымдары жергілікті заңнамаға сəйкес болуы тиіс.
- Пеш орнатылғанда толық ажыратуды қамтамасыз ететін контакт бөлуі кем дегенде 3 мм
болатын көп полюсті тізбек ажыратқышын қамтамасыз етіңіз.
- Ереже бойынша құрылғының жерге тұйықталуы талап етіледі.
- Құрылғы қуат көзіне қосылуы үшін розеткаға салынатындай қуат кабелінің ұзындығы
жеткілікті болуы тиіс.
- Газ қосылымы үшін тек икемді немесе қатты металл шлангіні пайдаланыңыз.
-
Қажет болса, электр қуатының сымы арнайы түрде өндірушінің түпнұсқалы жеткізілген сым
сипаттамаларына ұқсас қуат сымымен ауыстырыла алады. Бұл операция білікті электр
маманы тарапынан орындалуы тиіс.
- Өндіруші бұл ұсыныстарды орындамаған жағдайда орын алатын кез келген адам немесе
жануарлардың жарақаттары немесе мүлік зақымдалуы үшін жауаптан босатылады.
- Бірнеше айырды адаптерлерді немесе ұзартқыш сымдарды
пайдаланбаңыз.
- Қуат кабелін электр көзінен ажырату үшін оны тартпаңыз.
- Орнатудан кейін пайдаланушы электр құрамдастарына қатынаса алмауы тиіс.
- Құрылғыны денеңіз су болған кезде ұстамаңыз немесе жалаң аяқ болғанда пайдаланбаңыз.
- Бұл пеш (3-класс) жеке тұрмыстық мақсаттарда тағам дайындау үшін арналған. Бұл
құрылғыны бөлмені жылыту үшін жылытқыш ретінде пайдаланбаңыз. Бұл тұншықтырғыш
газбен улану немесе пештің шамадан тыс қызуына əкелуі мүмкін. Өндіруші тиісінше
пайдаланбау немесе басқару құралдарының дұрыс емес параметрлері қолданылу
жағдайында барлық жауапкершіліктен босатылады.
- Құрылғы мен оның қолжетімді бөліктері пайдалану кезінде қызуы мүмкін. Қыздыру
элементтерін ұстап алмау үшін сақ болу қажет. Үздіксіз бақылауда болмайынша, 8 жастан
кіші балалар алшақ болу керек. 8 жастан
үлкен балалар жəне дене, сезу не ақыл қабілеттері
шектеулі немесе тəжірибесі мен біліктілігі аз адамдар бұл құрылғыны біреудің бақылауында
қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқауларды алған жəне ықтимал қатерлерді түсінген жағдайда
ғана оны пайдалана алады. Олар құрылғымен ойнамау қажет. Балаларға тазалау жəне
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бақылаусыз орындауға рұқсат бермеңіз.
- Газ құрылғысын
пайдалану бөлмеде жылу жəне ылғалдылықтың түзілуін тудырады.
Бөлменің тиісінше желдетілуіне көз жеткізіңіз немесе сору мұржасы бар қақпақты
пайдаланыңыз.
- Үй жануарлары құрылғыдан алшақ ұсталуы тиіс.
- Ұзақ уақыт бойы пайдалану жағдайында қосымша желдету қажет болуы мүмкін (терезені
ашу немесе сору мұржасының жылдамдығын арттыру арқылы).
- Пайдаланудан кейін тұтқалар өшірулі күйде екендігіне көз
жеткізіп, негізгі газбен қамту
шүмегін не газ цилиндрінің клапанын жабыңыз.
- Қыздырылған майлар отқа оңай жанады. Май немесе спиртке (мысалы, ром, коньяк, шарап)
қаныққан тағамдарды дайындау кезінде əрқашан абай болыңыз.
- Қаптама материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Тазалау немесе қызмет көрсетуден бұрын пештің сууын күтіңіз.
- Тағамды плитада ыстық майға бақылаусыз
дайындау қауіпті, əрі өрт тудыруы мүмкін. Өртті
судың көмегімен ЕШҚАШАН сөндірмеңіз, бірақ құрылғыны өшіріп, содан кейін отты, мысалы
қақпақ немесе өрт жабынымен сөндіріңіз.
- Өрт қаупі: заттарды дайындау беттерінің үстінде сақтамаңыз.
Пешті қаптамасынан шығарудан кейін оның тасымалдау барысында зақымдаламағанына көз жеткізіңіз. Ақаулықтар туындаған жағдайда
дилеріңізбен немесе ең жақын орналасқан кепілдік бойынша қызмет көрсету бөлімімен хабарласыңыз.
Бұл нұсқаулықтар тек техникалық деректер тақтасында (плитаның астында) белгісі көрсетілген мемлекеттер үшін жарамды.
ОРНАТУШЫҒА АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Бұл өнім қалыңдығы 20 - 50 мм болатын жұмыс бетіне енгізіле алады.
Плитаның астында пеш болмаса, кем дегенде жұмыс бетінің саңылауына тек
болатын бөлгіш панельді енгізіңіз. Плитаның төменгі жағымен байланысты
болдырмау үшін ажыратқышты толығымен жабатын бұл панель жұмыс
бетінің жоғарғы бетінен төмен 150 мм максималды қашықтықта, бірақ ешбір
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл пайдаланушыларды өздеріне жəне басқаларға төнетін мүмкін қауіптер туралы ескертетін қауіпсіздікке қатысты қауіпсіздік
ескерту белгісі.
Барлық қауіпсіздік хабарламалары қауіпсіздік ескерту белгісін жəне келесі терминдерді қамтиды:
ҚАУІП
Болдырылмаған жағдайда ауыр жарақатты тудыратын қауіпті жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТУ
Болдырылмаған жағдайда ауыр жарақатты тудыратын қауіпті жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТУ
Бұл нұсқаулықтағы ақпарат дəл орындалмаған жағдайда мүліктің зақымдалуы мен жарақатты
тудыратын өрт немесе жарылыс орын алуы мүмкін.
Газдың иісі сезілген жағдайда орындалатын əрекеттер:
- Кез келген құрылғыны жақпаңыз.
- Ешбір электр қосқышын ұстамаңыз.
- Ғимараттағы ешбір телефонды пайдаланбаңыз.
- Көршілеріңіздің телефоны арқылы газ қызметімен дереу хабарласыңыз. Газбен қамтушының нұсқаулықтарын орындаңыз.
- Егер газ қызметімен хабарласа алмаңыз, өрт сөндіру бөлімінен хабарласыңыз.
- Орнату жəне қызмет көрсету білікті орнатушы, қызметтік агенттік немесе газ қамтушысы тарапынан орындалуы тиіс.
- Құрылғыларды тек жеткілікті желдетілетін бөлмелерде ғана пайдаланыңыз.
БҰЛ НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ САҚТАҢЫЗ
ОРНАТУ
400010791740
Өндіруші: Whirlpool Europe S.r.l. Viale G. Borghi, 27 21025 Comerio (VA) ITALY
KZ
ЕНДІРМЕЛІ ГАЗ ПЕШІНІҢ НҰСҚАУЛАРЫ
ES
PT
GR
RU
FR
AE
RO
(Кепілдіктегі жапсырманы мұнда
жапсырыңыз)

Summary of content (4 pages)