Instruction for Use

KK63
SETTINGS (ПАРАМЕТРЛЕР)
1. Кейбір дисплей параметрлерін өзгерту үшін, «Функциялар» тұтқасын бұрау арқылы негізгі
мəзірден «SETTINGS» (ПАРАМЕТРЛЕР) тармағын таңдаңыз.
2. түймешігін басу арқылы растаңыз: дисплейде өзгертуге болатын параметрлер
көрсетіледі (тіл, дыбыстық сигналдың деңгейі, дисплей жарықтығы, уақыт, қуат үнемдеу
функциясы).
3. «Қарау» тұтқасын бұрау арқылы өзгертуге болатын параметрді таңдаңыз.
4. Растау үшін түймешігін басыңыз.
5. Параметрлерді өзгерту үшін дисплей нұсқауларын орындаңыз.
6. түймешігін басыңыз; сіздің таңдауыңызды растай отыра дислейде хабар пайда
болады.
Назар аударыңыз: Пеш өшірілген кезде ECOMODE (қуатты үнемдеу) функциясы таңдалса
(ON) (ҚОСУЛЫ), дисплей сағатты көрсете отыра бірнеше минуттан кейін өшеді. Дисплейдегі
ақпаратты көру үішн, шамды қайта қосыңыз, түймешіктердің бірін жай басыңыз немесе
тұтқалардың бірін бұраңыз. Дайындау функциясы барысында ECOMODE режимі
белсендірілсе, ішкі жарықтандыру шамы дайындаудың 1 минуты өткен соң өшеді жəне
пайдаланушы қандай да бір əрекет жасаған кезде қайта белсендіріледі. Егер бір жағынан
функция таңдалмаса (OFF) (ӨШІРУЛІ), бірнеше минуттан кейін дисплей тек таңдау үшін
қолжетімсіз болады.
ПЕРНЕЛЕРДІ ҚҰЛЫПТАУ
Бұл функция басқару панеліндегі түймешіктер мен тұтқаларды құлыптау үшін
пайдаланылады.
Белсендіру үшін жəне түймешіктерін бірдей уақытта кемінде 3 секунд бойы басыңыз. Егер
белсендірілсе, түймешіктердің функциялары құлыпталады жəне дисплейде тиісті хабар мен
белгісі көрсетіледі. Бұл функцияны дайындау барысында да іске қосуға болады. Өшіру үшін
жоғарыдағы процедураны қайталаңыз. Пернелерді құлыптау функциясы белсендірілген
кезде, тұтқаны 0 (нөлге) бұрау арқылы пешті өшіруге болады. Алайда, бұл жағдайда алдын
ала таңдалған функция қайта орнатылуы керек.