Instruction for Use

KK65
SHORTCUTS
(ЖЫЛДАМ ЕНГІЗІЛІМДЕР)
Ең жиі пайдаланылатын 10 функцияға тікелей қатысу
үшін. Қажетті функцияның параметрін өзгерту үшін,
«ДАЙЫНДАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ТАҢДАУ» мақаласын
қараңыз.
АРНАЙЫ РЕЖИМ
DEFROST (ЕРІТУ)
Тағамның ерітілуін жылдамдатуға арналған. Тағамды
ортаңғы сөреге салыңыз. Тағамның сыртта кеуіп
қалуын болдырмау үшін тағамды қаптамасында
қалдырыңыз.
KEEP WARM
(ЖЫЛУДЫ САҚТАУ)
Жаңа дайындалған тағамды ыстық жəне қытырлақ
күйінде сақтау үшін (мысалы: ет, қуырылған тағам
немесе флан). Тағамды ортаңғы сөреге салыңыз.
Пештегі температура 65°С градустан жоғары болса
функция белсендірілмейді.
RISING (ҚАМЫРДЫ АШЫТУ)
Тəтті немесе ащы қамырды оңтайлы ашыту үшін.
Бұзылудан сақтау үшін, пештегі температура 40°C
градустан жоғары болса функция белсендірілмейді.
Қамырды 2-ші сөреге қойыңыз. Пешті алдын ала
қыздыру қажет емес.
CONVENIENCE
(ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ДАЙЫН)
Бөлме температурасында сақталған немесе тоңазыту
сөресіндегі дайын тағамдарды дайындау (бисквиттер,
сұйық торт қоспалары, маффиндер, сұйық тағамдар
жəне нан-тоқаш өнімдері). Бұл функция барлық
тағамдарды жылдам дайындайды; сонымен қатар оны
дайындалған тағамды қайта қыздыру үшін
пайдалануға болады. Тағам қаптамасындағы
нұсқауларды орындаңыз. Пешті алдын ала қыздыру
қажет емес.
MAXI COOKING (МАКСИ
ДАЙЫНДАУ)
Еттің үлкен кесектерін (2,5 кг-нан жоғары) пісіруге
арналған. Кесектердің мөлшеріне қарай, 1 немесе
2-сөрелерді пайдаланыңыз. Пешті алдын ала қыздыру
қажет емес. Еттің екі жағының да біркелкі қуырылуына
қол жеткізу үшін оны дайындау барысында аударып
отыру ұсынылады. Тым құрғап кетпеуі үшін етке дүркін-
дүркін май құйып тұру ұсынылады.
FROZEN FOOD
(МҰЗДАТЫЛҒАН
ТАҒАМ)
Lasagne
(Лазанья)
Функция дайын мұздатылған тағамның 5 түрлі түріне
арналған оңтайлы дайындау температурасын жəне
режимін автоматты түрде таңдайды. 2-ші немесе 3-ші
сөрені пайдаланыңыз. Пешті алдын ала қыздыру
қажет емес.
Pizza
(Пицца)
Strudel
(Штрудель)
French
Fries (Фри
картобы)
Bread (Нан)
Custom
(Арнайы)
Басқа тағам түрлерін дайындау үшін температураны
50-250°C аралығында орнатуға болады.
ECO FORCED AIR
(КҮШЕЙТІЛГЕН
ВЕНТИЛЯЦИЯСЫ БАР
ECO РЕЖИМІ)
Бір сөреде турама салынған қуырдақтар мен
бөлшектелген етті дайындау үшін. Бұл функция
тамақтың шамадан тыс құрғап кетуінен сақтайтын
үзілмелі, нəзік желдеткіш қолдауын пайдаланады. Бұл
ECO режимде дайындау барысында жарық өшіп
тұрады жəне растау түймешігін басу арқылы уақытша
қосуға болады. Энергия тиімділігін арттыру үшін,
дайындау кезінде есікті ашпау ұсынылады. 3-деңгейді
пайдалану ұсынылады. Пешті алдын ала қыздыру
қажет емес.