Instruction for Use

220
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
МҰЗДАТҚЫШТЫҢ САҚТАУ
СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫ
Үлкен өнімдерді сақтау үшін себеттерді алу.
Тағам өнімдерін тікелей мұздатқыш
сөрелеріне қою.
Қосымша алмалы керек-жарақтарды алып
тастау.
Ауа шығару аймағын (өнімнің ішіндегі артқы
қабырғада) тағам өнімдерімен бұғаттамаңыз.
Барлық сөрелер, жапқыштар және тартып
алынатын себеттерді алуға болады.
Құрылғының ішкі температураларына
қоршаған орта температурасы, есік ашудың
жиілігі және құрылғының орналасқан орны
әсер етуі мүмкін. Температураны орнату
кезінде осы факторларды ескеру қажет.
Басқасы көрсетілмесе, құрылғы керек-
жарақтарын ыдыс жуу машинасында жууға
болмайды.
ФУНКЦИЯЛАРЫ
ON/STANDBY (ҚОСУҮТУ
РЕЖИІ)
Бұл функция мұздатқыш
бөлімдерінің On/Stand-
by режимін іске қосады.
Құрылғыны күту режиміне
ауыстыру үшін Қосу/Күту
түймесін 3 секунд бойы басып
ұстап тұрыңыз.
Құрылғының күту режимінде
екендігін көрсету үшін On/
Stand-by белгішесінің артқы
шамынан басқа барлық
белгішелер өшіріледі.
Құрылғы күту режимінде
болғанда, тоңазытқыш
бөлімшенің ішіндегі шам
жұмыс істемейді.
Бұл операция құрылғыны қуат
көзінен ажыратпайтынын есте
сақтаңыз.
Құрылғыны қайта іске қосу
үшін, On/Stand-By түймешігін 3
секунд басып тұрыңыз.
СМАРТ ДИСПЛЕЙ
Бұл қосымша функцияны
қуатты сақтау үшін
пайдалануға болады.
Смарт дисплей функциясын
белсендіру үшін дыбыстық
белгі естілгенше
Тоңазытқыш
°C және
Қатырғыш °C
түймелерін бір мезгілде 3
секунд бойы қатар басып
тұрыңыз.
Бұл функцияны өшіру үшін,
дәл сол процедураны
қайталаңыз. Бұл функция
құрылғыны қуат көзінен
ажыратпай, тек сыртқы
дисплей тұтынатын қуатты
азайтатынын есте сақтаңыз.