Instruction for Use

KZ
225
ҚАТЫРҒЫШ БӨЛІМІ
Қатырғыш қатырылған тағам, мұз кесектерін
жасау және балғын тағамды мұздатқыш
бөлімінде сақтауға арналған тамаша орын.
24 сағаттық кезеңде сақауға болатын балғын
тағамның килограммдық мөлшері техникалық
деректер тақтасында көрсетілген (…кг/24 сағ).
Егер қатырғышта сақталатын тағам мөлшері
аз ғана болса, қатырғыш бөлігінің ең салқын
бөлігін (әдетте ортаңғы бөлік) пайдалануды
ұсынамыз.
БАЛҒЫН ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ ЖӘНЕ САҚТАУ
БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
Барлық мұздатылған тағамдарға белгі қойып,
күнін белгілеген жөн. Тағамды белгілеу азық-
түлікті анықтап, сапасы нашарлағанға дейін
қанша уақыт жарамды болатынын анықтауға
көмектеседі. Жібітілген азық-түлікті қайтадан
мұздатпаңыз..
Мұздату алдында балғын тағамды
төмендегілерге салыңыз да, мықтап жабыңыз:
алюминий жұқалтыр, азық-түлік пленкасы, ауа
және су өткізбейтін пластикалық пакеттер,
балғын тағамды мұздатуға жарамды
қақпақтары бар полиэтилен контейнерлер
немесе мұздатқыш контейнерлер.
Жоғары сапалы мұздатылған тағам алу үшін
мұздатылатын тағам балғын, піскен және
жоғары сапалы болуы қажет.
Балғын көкөністер мен жемістер
таңдалғаннан кейін толықтай нағыз тағамдық
құндылығын, тығыздылығын, түсін және жұпар
иісін сақтап қалу үшін мұздатылғаны жөн.
Кейбір етті әсіресе жабайы құс етін мұздату
алдында іліп кептіру қажет.
Мұздатқышқа салу алдында ыстық тағамды
суытып алыңыз.
Ішінара немесе толық жібітілген тағамды
дереу жеп қою керек.
Мұзы ерітілгеннен кейін тағам пісірілмесе, оны
қайта мұздатпаңыз. Пісірілгеннен кейін, мұзы
ерітілген тағамды қайта мұздатуға болады.
Шөлмектерді ішіндегі сұйықтығымен бірге
мұздатуға болмайды.
Суыту немесе мұздату процесін жылдамдату
үшін тез суыту функциясын пайдаланыңыз
үнделікті анықтамалық нұсқаулықты
қараңыз).
ҚАТЫРЫЛҒАН ТАҒАМ: САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ
КЕҢЕСТЕР
Мұздатылған өнімдерді сатыпу алу кезінде:
Қаптаманың бұзылмағанына көз жеткізіңіз
(бұзылған қаптамадағы мұздатылған тағам
бүлініп кетуі мүмкін). Егер орам ісіп кетсе
немесе аққан сұйықтық іздері байқалса, ол
қолайлы жағдайларда сақталмауы және еруі
әлдеқашан басталған болуы мүмкін.
Дүкенге барған кезде мұздатылған
тағамдарды ең соңында сатып алыңыз және
оларды жылу өткізбейтін сөмке-термоске
салып алыңыз.
Үйге келгеннен кейін мұздатылған
тағамдарды дереу мұздатқышқа салыңыз.
Егер тағам тіпті ішінара жібісе де, оны
қайтадан мұздатпаңыз. 24 сағат ішінде
пайдаланып тастаңыз.
Температураның өзгеруіне жол бермеңіз
немесе барынша азайтыңыз. Орамдағы
жарамдылық мерзіміне дейін пайдаланыңыз.
Орамдағы жарамдылық мерзіміне дейін
пайдаланыңыз.