Instruction for Use

228
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кез келген тазалау немесе қызмет көрсету
жұмысының алдында құрылғыны электр
желісінен немесе электр қуатының көзінен
ажыратыңыз.
Ысқыш заттарды ешқашан пайдаланбаңыз.
Тоңазытқыш бөлшектерін ешқашан жанғыш
сұйықтықтармен тазаламаңыз.
Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
Түймешіктер және басқару панеліндегі
дисплей спиртпен немесе құрамында спирт
бар заттармен тазартылмауы тиіс, тек құрғақ
матаны пайдаланыңыз.
Құрылғыны жүйелі түрде шүберекпен және
тоңазытқыштың ішін жууға арналған бейтарап
жуғыш қосылған жылы сумен тазалаңыз.
Құрылғының сыртқы жағын және есік
тығыздағышын дымқыл шүберекпен тазалап,
жұмсақ матамен құрғатыңыз.
Құрылғының артқы жағында орналасқан
конденсаторды шаңсорғышпен үнемі тазалап
тұру қажет.
Маңызды:
Түймелерді және басқару тақтасының
дисплейін спиртпен немесе құрамында спирт
бар заттармен тазалауға болмайды, тек құрғақ
шүберекпен тазалау керек.
Тоңазытқыш жүйесінің түтіктері жібіту
науасының қасында орналасқан, сондықтан
ыстық болуы мүмкін. Оларды жүйелі түрде
вакуум тазалағышының көмегімен тазартыңыз.