Instruction for Use

KZ
229
АҚАУЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ЖӘНЕ КЕПІЛДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
САТУДАН КЕЙІНГІ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ
ҮШІН ХАБАРЛАСПАС БҰРЫН...
Өз бетіңізбен анықтап, ешбір құралсыз
түзете алатын шағын мәселелер өнімділік
ақаулықтарын жиі тудыруы мүмкін.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ДЫБЫСТАР
Құрылғылардан шығатын дыбыстар қалыпты
болып саналады, себебі құрылғы автоматты
түрде қосу және өшіру жұмыстарын реттейтін
желдеткіштер және моторлармен қамтылған.
КЕЙБІР ФУНКЦИЯЛЫҚ ДЫБЫСТАРДЫ
КЕЛЕСІДЕЙ АЗАЙТУҒА БОЛАДЫ:
Құрылғының деңгейін туралау және тегіс
бетке орналастыру.
Құрылғы мен жиһаздың арасын бөлу және
бір-біріне тигізбеу.
Ішкі бөліктерінің дұрыс салынғанын тексеру.
Шөлмектер мен сауыттардың бір-біріне
тимеуін тексеру.
КЕЛЕСІДЕЙ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
ДЫБЫСТАРДЫ ЕСТУІҢІЗ МҮМКІН
Құрылғыны бірінші рет немесе
ұзақ іркілістен кейін қосу
кезіндегі ысылдаған дыбыс.
Хладагент сұйықтығы
түтіктерге кірген кездегі
бүлкілдеген дыбыс.
Жұмыс істеп тұрған
компрессордан шығатын
"бррр" дыбысы.
Су краны немесе желдеткіш
жұмысты бастаған кездегі
быжылдаған дыбыс.
Компрессор іске қосылған
кездегі сатырлаған дыбыс.
Сыртылдаған дыбыс
компрессордың қаншалықты
жиі жұмыс істейтінін реттейтін
термостаттан шығады.