Setup and user guide

KK
Қысқаша нұсқаулық
HOTPOINT - ARISTON ӨНІМІН САТЫП
АЛҒАНЫҢЫЗ ҮШІН РАХМЕТ.
Толығырақ көмек алу үшін құрылғыңызды
www . hotpoint . e u / r e g i s t e r веб-сайтында тіркеңіз
Құрылғыны пайдаланбас бұрын Қауіпсіздік
нұсқаулығын мұқият оқыңыз.
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ
АЛҒАШҚЫ РЕТ ПАЙДАЛАНУ
Құрылғыны орнатылғаннан кейін, қуат көзіне қоспас бұрын
кемінде екі сағат күтіңіз. Құрылғыны желіге қосыңыз
да, ол автоматты түрде жұмыс істей бастайды. Тағамға
арналған тиісті сақтау температуралары зауытта алдын ала
орнатылған.
Құрылғыны іске қосқаннан кейін қалыпты толтырылған
құрылғының сәйкес сақтау температурасы орныққанша
4-6 сағат күту қажет. Бактерияға қарсы иісті болдырмайтын
сүзгіні оның орамында көрсетілгендей желдеткішке
орнатыңыз (бар болса). Егер дыбыстық белгі естілсе,
бұл температура дабылының іске қосылғанын білдіреді:
дыбыстық белгілерді өшіру үшін түймені басыңыз.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1. Жарық диод шамы
2. Қосу/Күту
3. Мұздатқыш және тоңазытқыш
бөлімінің температурасы
2.
1.
3.
ҚОСУ/КҮТУ
Құрылғыны өшіру үшін түймешігін 3 секунд басыңыз.
Күту режимінде тоңазытқыш бөлімінің шамы жанбайды.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін, түймешікті қайтадан тез
басыңыз.
Ескертпе: бұл құрылғыны қуат көзінен ажыратпайды.
МҰЗДАТҚЫШ ЖӘНЕ ТОҢАЗЫТҚЫШ
БӨЛІМІНІҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Үш жарық диодты индикаторлар тоңазытқыш бөлімінің
орнатылған температурасын көрсетеді.
түймесі арқылы құрлығының әртүрлі температураны
орнатуға болады.
Келесі реттеулерді орындауға болады:
Жарық диодтары
жанады
Температураны орнату
Жоғары (салқындығы азырақ)
Орташа жоғары
Орташа
Орташа төмен
Төмен (салқынырақ)
ЖЕЛДЕТКІШ*
Корпустағы түймешікті (суретте көрсетілгендей) басу арқылы
желдеткішті қосуға/өшіруге болады. Егер
қоршаған ортаның температурасы 27°C артса
немесе әйнек сөрелерінде су тамшылары пайда
болса, тағамдардың тиісінше сақталуын
қамтамасыз ету үшін желдеткішті қосу қажет.
Желдеткішті өшіру қуаттың тұтынылуын
оңтайландыруға мүмкіндік береді.
БАЛҒЫН ТАҒАМДАРДЫ МҰЗДАТУ
Қатырылатын таза тағамды мұздатқыш бөліміндегі ҚАТЫРУ
АЙМАҒЫНА салыңыз, қатырылған өнімге тигізбеңіз. Мұздату
жылдамдығын тиімді ету үшін төменгі жәшік шығарылып,
тағам тікелей бөлімнің астына орналастырыла алады.
* Кейбір үлгілерде ғана қолжетімді

Summary of content (3 pages)