Денсаулық және қауіпсіздік, Пайдалану және күтім көрсету және Орнату нұсқаулығы www.whirlpool.
ҚАЗАҚ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
KZ ҚАЗАҚ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ және ОРНАТУ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ Индекс WHIRLPOOL ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗҒА РАХМЕТ. Толығырақ көмек алу үшін, құрылғыңызды www.whirlpool.eu/register сайтына тіркеңіз Денсаулық және қауіпсіздік нұсқаулығы ҚАУІПСІЗДІК ҰСЫНЫСТАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Денсаулық және қауіпсіздік нұсқаулығы ҚАУІПСІЗДІК ҰСЫНЫСТАРЫ МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ СІЗДІҢ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ. Бұл нұсқаулық және құрал барлық уақытта оқылатын және қарастырылатын маңызды қауіпсіздік ескертулерімен қамтамасыз етеді. Бұл – қауіпсіздік дабылы белгісі.Бұл белгі сізді және басқаларды өлтіруі немесе жарақаттауы мүмкін ықтимал қауіптер туралы ескертеді. Бұл – қауіпсіздік дабылы белгісі.
ЕСКЕРТУ су көздеріне тікелей қосылмаған мұздатқыштар және/немесе су диспенсерлері тек ауыз сумен толтырылуы керек. ЕСКЕРТУ Құрылғы корпусындағы немесе кірістірілген құрылымдағы желдету саңылауларын кедергісіз ашық қалдырыңыз. ЕСКЕРТУ Автоматты мұз жасағыштар және/немесе су диспенсерлері тек ауыз құятын су көзіне жалғануы керек, негізгі су қысымы 0,17 және 0,81 мПа (1,7 және 8,1 бар) болуы керек. Құрылғының жеткілікті желдетілуін қамтамасыз ету үшін, оның екі жағынан және үстінен орын қалдырыңыз.
Егер қуат сымы зақымдалса, оны дәл сондай сыммен ауыстыру керек. Қуат сымын тек білікті техникалық маман өнім жасаушысының нұсқаулығына және ток қауіпсіздігі ережелеріне сай ауыстыруы керек. Өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қажет. Қуат көзінің сымы құралды негізгі қуат көзіне байланыстыру үшін жеткілікті түрде ұзын болуы қажет. Ұзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз. Қуат көзі кабелін тартпаңыз.
Өнімнің арнайы буклетінде басқаша көрсетілмеген болса, сәйкес өнімділіктерді сақтай отырып, оларды алып тастауға болады. Мұз пакеттерінің (кейбір үлгілерде) ішіндегісін (уытты емес) жұтпаңыз. Мұз текшелері немесе жеміс мұзы суық күйіктерін тудыра алатындықтан, оларды мұздатқыштан алған соң бірден аузыңызға салмаңыз. Қолжетімді желдеткіш қақпағының ішінде ауа сүзгісін пайдалану үшін жасақталған өнімдер үшін, тоңазытқыш жұмыс істеген кезде сүзгі әрқашан орнында болуы керек.
қайта өңдеуге арналған арнайы жинау орталығына өткізілуі тиіс екендігін көрсетеді. ҚУАТ ҮНЕМДЕУ ТУРАЛЫ КЕҢЕСТЕР Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеге, кез келген жылу көзінен алшақ (мысалы, радиатор, пеш және т.б.) және күн сәулесі тікелей түспейтін жерге орнатыңыз. Қажет болса, оқшаулағыш тақтаны пайдаланыңыз. Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін, орнату нұсқауларын орындаңыз. Өнімнің артындағы жеткіліксіз желдету қуат тұтынылуын арттырады және салқындату тиімділігін азайтады.
KZ Пайдалану және күтім көрсету нұсқаулығы ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ ҚҰРЫЛҒЫ 1 2 3 4 7 8 9 10 11 12 13 20 21 22 23 24 5 6 14 15 16 17 18 19 Тоңазытқыш бөлімі 1. Желдеткіш 2. Желдеткіш қақпағы және бактерияға қарсы сүзгі аймағы 3. Электронды басқару панелі / шам құралы 4. Сөрелер 5. Бөтелке ұстағышы 6. Сыр қорабы + қақпақ 7. Көп ағынды суық ауа аймағы 8. Сенсор қақпағы 9. Салқындатқыш бөлімі (ет пен балық үшін үздік) 10. Сауда атауы бар техникалық төлқұжаты 11. Жемістер мен көкөністерді сақтау ыдысы 12.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ 1 2 1. Индикатор шамдары ағымдағы температура орнатылған нүктені немесе Fast Cooling (Жылдам салқындату) функциясын көрсету үшін) 2.
KZ ЕСІК ЕСІКТІҢ АШЫЛУ БАҒЫТЫН ӨЗГЕРТУ МҮМКІНДІГІ Ескертпе: Есіктің ашылу бағытын өзгертуге болады. Осы операция кепілдік бойынша қызмет көрсету бөлімінің тарапынан орындалса, ол кепілдікте қамтылмайды. Есіктің ашылу бағытын ауыстыруды екі адам орындағаны жөн. Орнату нұсқаулығы ішіндегі нұсқауларды орындаңыз. ТОҢАЗЫТҚЫШ ШАМЫ Тоңазытқыш бөліміндегі жарықтандыру жүйесі жарық диодты шам жүйесін пайдаланып, жақсы жарықтандыру мен қуаттың төмен деңгейде тұтынылуына мүмкіндік береді.
NO-FROST ҚАТЫРҒЫШ БӨЛІГІ No Frost мұздатқыштары сақтау аймақтары айналасында салқындатылған ауа айналымын қамтамасыз етеді және мұздың қалыптасуын болдырмайды, сондықтан, еріту мүлдем қажет болмайды. Мұздатылған заттар қабырғаларға жабыспайды, белгілер анық, ал сақтау аймағы таза болады.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛЫ KZ АЛҒАШҚЫ РЕТ ПАЙДАЛАНУ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСУ ЖОЛЫ Құрылғыны желіге қосқаннан кейін ол автоматты түрде жұмыс істей бастайды. Құрылғыны іске қосқаннан кейін, оған тағамды салудан бұрын кем дегенде 4-6 сағат күте тұрыңыз. ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ Құрылғы әдетте ұсынылған орташа температурада жұмыс істеу үшін зауытта орнатылады. Температураны орнату туралы толық мәліметтерді Күнделікті анықтамалық нұсқаулықтан қараңыз.
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ МҰЗДАТҚЫШТЫҢ САҚТАУ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫ • үлкен өнімдерді сақтау үшін себеттерді / жапқыштарды алу. • тағам өнімдерін тікелей мұздатқыш сөрелеріне қою. • қосымша алынбалы керек-жарақтарды алып тастау. • Ауа шығару аймағын (өнімнің ішіндегі артқы қабырғада) тағам өнімдерімен бұғаттамаңыз. • Барлық сөрелер, жапқыштар және тартып алынатын себеттерді алуға болады.
KZ АШЫҚ ЕСІК ДАБЫЛЫ Дабыл белгішесі жанып жыпылықтайды және акустикалық дабыл естіледі. Есік 2 минуттан артық уақыт бойы ашық қалса, дабыл іске қосылады. Есік дабылын өшіру үшін, есікті жабыңыз немесе дыбыс дабылының дауысын басу үшін Дабылды тоқтату түймешігін басыңыз. ЖЫЛДАМ МҰЗ ЖАСАУ МҰЗ КЕСЕКТЕРІН ЖАСАУ ӘДІСІ Бос мұз кесектерін жасау науасын салқындату үшін Quick Ice (Жылдам мұз жасау) түймесін баспас бұрын қатырғышқа 24 сағатқа салып қойыңыз.
МҰЗ ЖАСАУ НАУАЛАРЫН ЭВТЕТИКА РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ 16 Жылдам мұз жасау науаларын эвтетика ретінде пайдалануға болады, ол қатқан тамақты электр қуаты болмай қалған кезде де сақтауға көмектеседі. Оларды дұрыс қолдану үшін, оларды мұздатқыш бөлімінің жоғарғы жағында сақталған тағамның үстіне қойыңыз. Осы күйде науаларды әлі де мұз кесектерін жасау үшін пайдалануға болады, бірақ оны істеу үшін қажет уақыт ұзақ болуы мүмкін.
KZ ТАҒАМДЫ САҚТАУ КЕҢЕСТЕРІ ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ Тоңазытқыш - дайын тамақ, балғын және консервіленген тағамды, сүт тағамдарын, жеміс және көкөністер мен сусындарды сақтау үшін ыңғайлы орын. АУА ЦИРКУЛЯЦИЯСЫ Ауаның тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі табиғи циркуляциясы түрлі температуралы аймақтардың түзілуін тудырады. Жеміс және көкөніс сақтау бөлімінің үстінде және артқы қабырға аймағы аса суық. Бөлімнің жоғарғы алдыңғы жағы аса жылы.
Шартты белгілер ТЕМПЕРАТУРА АЙМАҒЫ Тропикалық жемісті, қауашақтарды, сусындарды, жұмыртқаларды, соустарды, маринадталған тағамдарды, сары майды, джемді сақтау үшін ұсынылады. САЛҚЫНДАТУ АЙМАҒЫ Сырды, сүтті, күнделікті тамақты, деликатес тағамдарын, йогуртты сақтауға арналған. ЕҢ САҚЛҚЫН АЙМАҚ туралған тағамдарды, десерттерді сақтауға арналған. ЖЕМІС ЖӘНЕ КӨКӨНІС ТАРТПАСЫ ҚАТЫРУ АЙМАҒЫНЫҢ ТАРТПАСЫ (МАКС. САЛҚЫНДАТУ АЙМАҒЫ) Таза/піскен тағамды қатыру үшін ұсынылады.
KZ ҚАТЫРҒЫШ БӨЛІМІ Қатырғыш қатырылған тағам, мұз кесектерін жасау және балғын тағамды мұздатқыш бөлімінде сақтауға арналған тамаша орын. 24 сағаттық кезеңде сақауға болатын балғын тағамның килограммдық мөлшері БАЛҒЫН ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ ЖӘНЕ САҚТАУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР › Барлық мұздатылған тағамдарға белгі қойып, күнін белгілеген жөн. Белгі қосу азықтүлікті анықтап, сапасы нашарлағанша жарамдылық мерзіміне дейін пайдалану уақытын анықтауға көмектеседі. Ерітілген азық-түлікті қайта мұздатпаңыз.
ҚАТЫРЫЛҒАН АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ САҚТАУ УАҚЫТЫ ай 8 - 12 6-9 6-8 4-6 БУҒА ПІСІРІЛГЕН ЕТ Май Ірімшік 6 3 2-3 Шайқалған кілегей 1-2 1-2 Балмұздақ Жұмыртқа 2-3 8 Балапан 5-7 10 8 - 12 10 Күркетауық Құстардың ішекқарны 6 2-3 СОРПА ЖӘНЕ ТҰЗДЫҚТАР Шабдалы Алмұрт Алхоры 2-3 2-3 Таңқурай Құлпынай 8 - 12 10 Моллюсктер, омар 1-2 1 8 10 4-6 Краб, лобстер 1-2 Рауғаш Жеміс шырындары (апельсин, лимон, грейпфрут) ЕТ Сиыр еті Шошқа еті, бұзау еті Қозы еті Қоян Тартылған ет / ішекқарын Шұжықтар ҮЙ ҚҰСЫ Ш
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНБАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҰСЫНЫС УАҚЫТША ЖОҚ БОЛУ / ДЕМАЛЫС KZ Ұзақ уақыт жоқ болған жағдайда азық-түлікті тұтынып, қуатты үнемдеу үшін құрылғыны ажыратқан жөн. ОРНЫН АУЫСТЫРУ 1. Барлық ішкі бөлшектерін шығарыңыз. 3. Оларды орап, бір-біріне соғылмайтындай немесе жоғалмайтындай етіп, жабысқақ таспамен бекітіңіз. 4. 2. Реттелетін аяқтарды тіреу бетіне тимейтіндей етіп бұраңыз. Есікті жауып, жабысқақ таспамен бекітіңіз және жабысқақ таспаның көмегімен қуат кабелін құрылғыға бекітіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЕСКЕРТУ Кез келген тазалау немесе қызмет көрсету жұмысының алдында құрылғыны электр желісінен немесе электр қуатының көзінен ажыратыңыз. Ысқыш заттарды ешқашан пайдаланбаңыз. Тоңазытқыш бөлшектерін ешқашан жанғыш сұйықтықтармен тазаламаңыз. Құрылғыны жүйелі түрде мата және тоңазытқышқа арналған бейтарап тазалау заты қосылған жылы су ерітіндісімен тазалаңыз. Құрылғының сыртқы жағын және есік тығыздағышын дымқыл шүберекпен тазалап, жұмсақ матамен кептіріңіз.
KZ АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ НҰСҚАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫ САТУДАН КЕЙІНГІ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ҮШІН ХАБАРЛАСПАС БҰРЫН... Өз бетіңізбен анықтап, ешбір құралсыз түзете алатын шағын мәселелер өнімділік ақаулықтарын жиі тудыруы мүмкін. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ДЫБЫСТАР Құрылғылардан шығатын дыбыстар қалыпты болып саналады, себебі құрылғы автоматты түрде қосу және өшіру жұмыстарын реттейтін желдеткіштер және моторлармен қамтылған.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ НҰСҚАУЛЫҒЫ Проблема Ықтимал себебі Шешімі ҚҰРЫЛҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙ ТҰР Құрылғыны қуатпен қамтамасыз етуде мәселе бар болуы мүмкін. › Қуат кабелінің кернеуі сәйкес жұмыс істейтін розеткаға қосылғанын тексеріңіз. › Үйіңіздегі электр жүйесінің қорғаушы құрылғылары мен сақтандырғыштарын тексеріңіз ЕРІТУ ПОДДОНЫНДА СУ БАР Бұл ыстық, дымқыл ауа райы кезінде қалыпты болып табылады. Поддон, тіпті, жартылай толы болуы мүмкін.
KZ ҚҰРЫЛҒЫ ТЕМПЕРАТУРАСЫ ТЫМ ЖОҒАРЫ Мұның себептері әртүрлі болуы мүмкін ("Шешімдер" бөлімін қараңыз) › Конденсаторда (құрылғының артқы жағы) шаң немесе мамық жиналмағанын тексеріңіз. › Есіктің дұрыс жабылатынына көз жеткізіңіз. › Есіктің тығыздағыштары дұрыс бекітілгеніне көз жеткізіңіз. › Ыстық күндері немесе бөлме жылы болғанда мотор әдеттегідей ұзағырақ жұмыс істейді.
КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САТУДАН КЕЙІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРНЫНА ХАБАРЛАСПАС БҰРЫН 1. Мәселені АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ НҰСҚАУЛЫҒЫ ішінде берілген ұсыныстар арқылы шеше алу мүмкіндігін тексеріңіз. 2. Құралды өшіріп, ақаулықтың бар-жоғын қайта қосу арқылы тексеріңіз ЕГЕР ЖОҒАРЫДАҒЫ ТЕКСЕРІСТЕР АҚАУЛЫҒЫ ОРЫН АЛСА, ЕҢ ЖАҚЫН САТЫЛЫМНАН КЕЙІНГІ ҚЫЗМЕТКЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ Көмек алу үшін, кепілдік кітапшасында берілген нөмірге қоңырау шалыңыз немесе www.whirlpool.eu сайтындағы нұсқауларды орындаңыз.
KZ 7 SERVIC E 27
1. 4x C B A 1x 1x D 1x min . 50 мм 2. 28 3.
4. KZ 5. 6.
7. 9. 30 8.
10. KZ 11.
12. 13. 14. 15.
16. 17. KZ B 18. 19.
KZ 400010803314 Whirlpool® тіркелген сауда белгісі/TM Whirlpool компанияларының сауда белгісі © Copyright Whirlpool Europe s.r.l. 2014. Барлық құқықтар қорғалған - http://www.whirlpool.