Setup and user guide
4
ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ
Қайта өңделе алатын пластик, металл,
алюминий және әйнек контейнерлерді,
сондай-ақ, тағамды орау үшін ас
пленкасын пайдаланыңыз.
Сұйықтықтар және иісті шығаруы не
сіңіруі мүмкін тағамдар үшін әрқашан
жабық контейнерлерді пайдаланыңыз
немесе бетін жабыңыз.
Егер тоңазытқышта сақталатын
тамақтың мөлшері аз болса, жеміс
және көкөністерді сақтау бөлімінің
үстіндегі сөренің пайдалануын
ұсынамыз, себебі бұл - бөлімдегі ең
суық аймақ.
Этилен газының үлкен мөлшерін
беретін және осы газға сезімтал
жеміс, көкөністер және салад сияқты
тағамдар сақтау мерзімін қысқартпау
мақсатында бөлек оралып сақталуы
керек; мысалы, қызанақтарды киви
жемісімен және орамжапырақпен бірге
сақтамаңыз.
Бөтелкелердің аударылып кетуін
болдырмау үшін бөтелке ұстағышын
пайдалануға болады (кейбір үлгілерде
қолжетімді).
Жеткілікті ауа циркуляциясын
қамтамасыз ету үшін тағамды бір-
біріне жақын сақтамаңыз.
ҚАТЫРҒЫШ БӨЛІМІ
Қатырғыш қатырылған тағам, мұз
кесектерін жасау және балғын
тағамды мұздатқыш бөлімінде
сақтауға арналған тамаша орын.
24 сағаттық кезеңде сақауға болатын
балғын тағамның килограммдық
мөлшері техникалық деректер
тақтасында көрсетілген (…кг/24 сағ).
Егер қатырғышта сақталатын тағам
мөлшері аз ғана болса, қатырғыш
бөлігінің ең салқын бөлігін (әдетте
ортаңғы бөлік) пайдалануды
ұсынамыз.
Шартты белгілер
ТЕМПЕРАТУРА АЙМАҒЫ
Тропикалық жемісті, қауашақтарды,
сусындарды, жұмыртқаларды, соустарды,
маринадталған тағамдарды, сары майды,
джемді сақтау үшін ұсынылады
САЛҚЫНДАТУ АЙМАҒЫ
Сырды, сүтті, күнделікті тамақты,
деликатес тағамдарын, йогуртты сақтауға
арналған
САЛҚЫНДАТУ АЙМАҒЫ
туралған тағамдарды, десерттерді
сақтауға арналған
ЖЕМІС ЖӘНЕ КӨКӨНІС ТАРТПАСЫ
ҚАТЫРУ АЙМАҒЫНЫҢ ТАРТПАСЫ
(МАКС. САЛҚЫНДАТУ АЙМАҒЫ) Таза/
піскен тағамды қатыру үшін ұсынылады
ҚАЛЫПТЫ МҰЗДАТҚЫШ ТАРТПАЛАРЫ
Ескертпе: Шартты белгінің сұр реңкі
тартпалардың түсіне сай емес
011
400010868314A
ӨНІМ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
WWW
Осы құрылғымен бірге берілетін қуат туралы
деректермен келетін өнім туралы ақпарат парақшасын
мына веб-сайтымыздан жүктеп алуыңызға болады:
www.whirlpool.eu
ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
НҰСҚАУЛЫҒЫН АЛУ ЖОЛЫ
>
WWW
Пайдалану және күтім көрсету
нұсқаулығын www.whirlpool.eu веб-
сайтымыздан өнімнің кодын көрсету (QR
кодын пайдалануға болады) арқылы жүктеп алыңыз.
> Болмаса, Сатудан кейінгі қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз
САТЫЛЫМНАН КЕЙІНГІ ҚЫЗМЕТКЕ ХАБАРЛАСУ
Байланыс мәліметтерін кепілдік
нұсқаулығынан табуға болады. Сатудан
кейінгі қызмет көрсету орталығымен
хабарласқан кезде, өнімнің айқындауыш
жапсырмасында бар кодты беріңіз.
Италияда басылған
БАЛҒЫН ТАҒАМ ЖӘНЕ
СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ




