Instruction for Use

KZ15
Қалыпты жұмыс кезінде индукциялық плиталар ысқыру немесе шыртылдау дыбыстарын шығаруы мүмкін, олар негізінде ыдыстар
түбінің ерекшеліктерінің нəтижесінде кастрөлдер мен табалардан шығады (мысалы, түптері бірнеше қабатты материалдардан
жасалады немесе түптері тегіс болмайды). Мұндай шулар пайдаланылатын кастрөлдер мен табаларға жəне олардың ішіндегі тағам
мөлшеріне байланысты өзгереді жəне қандай да бір ақаудың бар екенін
білдірмейді.
Сонымен қоса, индукциялық плита электрондық бөліктердің температурасын басқаруға арналған ішкі суыту жүйесімен жабдықталған;
сондықтан жұмыс кезінде жəне плитаны өшірген соң бірнеше минут бойы суыту желдеткішінің шуы естіледі. Ол құрылғының дұрыс
жұмыс жасауы үшін қалыпты жəне шынында маңызды құбылыс болып табылады.
Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына қоңырау шалу алдында:
1. «Ақаулықтарды шешу нұсқаулығында» берілген ұсыныстар көмегімен мəселені өздігіңізбен шеше алатындығыңызды анықтаңыз.
2. Құрылғыны өшіріңіз жəне ақаулық шешілгендігін көру үшін оны қайта қосыңыз.
Жоғарыдағы тексерістерден кейін мəселе шешілмесе, жақын маңдағы Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Əрдайым келесілерді көрсетіңіз:
ақаулықтың қысқа сипаттамасы;
өнім түрі жəне нақты үлгісі;
Қызметтік нөмір (техникалық төлқұжаттағы Қызмет сөзінен кейінгі нөмір), ол құрылғының астыңғы жағында орналасқан
(металл тақтада).
толық мекенжайыңыз;
телефон нөміріңіз.
Егер қандай да бір жөндеу жұмыстары қажет болса,
Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз (түпнұсқа зауыт-
өндіруші бөліктерінің пайдаланылатынын жəне дұрыс жөндеу жұмыстарының дұрыс орындалатынын қамтамасыз ету үшін).
Зауыт-өндіруші бөліктері 10 жыл бойы қолжетімді.
ПЛИТА ШЫҒАРАТЫН ШУЛАР
КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ