Instruction for Use

KZ7
- Құрылғы тек тағам дайындау үшін тұрмыстық қолданысқа арнап
жасақталған. Басқа қолданысқа рұқсат етілмейді (мысалы, бөлмелерді
жылыту). Өндіруші тиісінше пайдаланбау немесе басқару құралдарының
дұрыс емес параметрлері қолданылу жағдайында барлық
жауапкершіліктен босатылады.
- Құрылғы мен оның қолжетімді бөліктері пайдалану кезінде қызуы мүмкін.
Қыздыру элементтерін ұстап алмау үшін сақ болу қажет. Өте жас
(0-3
жастағы) жəне жас балалар (3-8 жастағы) бақылаусыз болғанда
құрылғыдан алшақ болуы керек.
-8 жастан үлкен балалар жəне дене, сезу не ақыл қабілеттері шектеулі
немесе тəжірибесі мен біліктілігі аз адамдар бұл құрылғыны біреудің
бақылауында болғанда ғана немесе қауіпсіз пайдалану бойынша
нұсқауларды алған жəне ықтимал қатерлерді түсінген жағдайда ғана
осы құрылғыны пайдалана алады. Балалар құрылғымен
ойнамау қажет.
Балаларға тазалау жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
бақылаусыз орындауға рұқсат бермеңіз.
- Пайдалану кезінде немесе пайдаланғаннан кейін құрылғының қыздыру
элементтерін ұстамаңыз. Барлық құрамдастар толығымен суымағанша
құрылғының маталармен немесе басқа жанғыш материалдармен
жанасуын болдырмаңыз.
- Құрылғының ішіне немесе қасына жанғыш материалдарды қоймаңыз.
- Қыздырылған майлар отқа оңай жанады. Майы мол тағам
өнімдерін
дайындау кезінде аса назар аударыңыз.
- Бөлгіш панельді (құрылғымен бірге ұсынылмайды) құрылғы астындағы
бөлімге орнату қажет.
- Құрылғының беті жарылған болса, электр тогының соғу ықтималдығын
болдырмау үшін құрылғыны өшіріңіз (тек беті əйнек құрылғылар үшін).
- Құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы
басқарылу үшін арналмаған.
- Тағамды плитада ыстық майға
бақылаусыз дайындау қауіпті, əрі өрт
тудыруы мүмкін. Өртті судың көмегімен ЕШҚАШАН сөндірмеңіз, тек
құрылғыны өшіріп, содан кейін қақпақ немесе өрт жабыны сияқты затпен
жабыңыз.
Өрт қаупі: заттарды дайындау беттерінің үстінде сақтамаңыз.
- Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
- Пышақтар, шаңышқылар, қасықтар жəне қақпақтар сияқты металл
нысандарды плитаның бетіне қоймау қажет, себебі олар қызуы
мүмкін.
- Пайдаланғаннан кейін, плита элементін оның басқару элементі арқылы
өшіріңіз, таба детекторына сенбеңіз (тек индукциялық құрылғылар үшін).