Instruction for Use

22
KZ
Жуғыш заттар мен кірлер
Жуғыш зат тартпасы
Жақсы жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш заттың дұрыс
мөлшеріне де байланысты болады: тым көп жуғыш зат
қосылса, жуу міндетті түрде тиімдірек болмайды және
шынында құрылғы ішінде қалдықтардың түзілуіне және
қоршаған ортаны ластауға әкелуі мүмкін.
! Қолмен жууға арналған жуғыш заттарды
қолданбаңыз, себебі олар тым көп көбік түзеді.
Жуғыш зат тартпасын
а ш ы п , ж у ғ ы ш з ат т ы
немесе жуғыш қосындыны
төмендегідей салыңыз.
1-бөлік: Алдынла жууға
арналған жуғыш зат (ұнтақ)
2-бөлік: Жуу циклына
арналған жуғыш зат
(ұнтақ немесе сұйықтық)
Сұйық жуғыш затты жуу
циклы басталмас бұрын сәл
уақыт қалғанда құю керек.
3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.)
Кондиционер белгіден асып кетпеуі керек.
Ескертпе: «Таблетка түрінде жуғыш зат» қолданылса,
әрқашан өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
! Қолмен жууға арналған жуғыш құралдарды
пайдаланбаңыз қатты көбіктенуі кір жуу нәтижесін
төмендетеді және машинаны қатардан шығаруы мүмкін.
Кірлерді дайындау
• Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
- мата түрі/жапсырмадағы таңба
- түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден бөліңіз.
• Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз.
• «Жуу циклдарының кестесі» атты кестедегі мәндерден
асырып жібермеңіз, онда кірлердің құрғақ кездегі
салмағы берілген.
Кірлердің салмағы қандай?
1 ақжайма 400-500 г
1 жастыққап 150-200 г
1 асжаулық 400-500 г
1 монша халаты 900-1200 г
1 орамал 150-250 г
Күнделікті жылдам циклдер
Ең көп қолданылатын маталарды жуып іпті толық
жүктемемен), ең жиі кездесетін күнделікті кірлерді 1
сағатта кетіруге арналған жылдам бағдарламалардың
толық жинағы.
Аралас түрлі-түсті заттар 59 мин: аралас және түрлі-
түсті бұйымдарды бірге жуу үшін.
Мақта заттар 59 мин: мақта киімдерді жууға арналған
цикл: негізінен ақ түсті бұйымдар үшін. Оны ұнтақ жуғыш
затпен қолдануға болады.
Мақта заттар 45 мин: нәзік мақта бұйымдарды жууға
арналған қысқа цикл.
Синтетика 59 мин: синтетикалық бұйымдарға
арналған. Кірді кетіру қиын болса, температураны 60°
дейін көтеріп, ұнтақ жуғыш зат та қолдануға болады.
Аралас заттар 30 мин: мақта және синтетикалық
маталарды бірге жууға арналған қысқа цикл: ақ түсті және
түрлі-түсті бұйымдарды бірге жууға болады.
Тез 20 мин: бұл бағдарлама бұйымдарды жаңғыртып,
20 минут ішінде-ақ олардың хош иісін қалпына келтіреді.
Арнайы жуу циклдары
Спорттық киім мен орамалдар: бұл цикл барлық
спорттық бұйымдардың, оның ішінде спортзалда
қолданылған орамалдардың талш ы қ тарына
зақым келтірмей, оларды жууға қолайлы (бұйым
жапсырмасындағы нұсқауларды орындаңыз).
Спорттық аяқ-киім: спорттық аяқ киімдерді жууға
арналған; жақсырақ нәтижеге қол жеткізу үшін бір ретте
2 жұптан артық аяқ киім жумауды ұсынамыз.
Аяқ киімді барабанға салмас бұрын, олардың бауларын
байлап қойғанды жөн санаймыз.
Балалар киімі: әдетте балалардың киімдерінде
болатын кірді кетіруге арналған цикл, ол жуғыш заттың
қалдықтарын тиімді түрде кетіреді.
Мамық көрпелер: Бір адамға арналған мамық көрпені
(оның салмағы 1,5 кг-нан аспауы тиіс), жастықтарды
немесе мамық курткалар сияқты қаз мамығы бар
киімдерді жуу үшін арнайы 12 жуу циклын қолданыңыз.
Мамық көрпелерді шеттерін ішке қайырып (суретті
қараңыз) және барабанды 3/4 көлеміне ғана толтырып
барабан ішіне салыңыз. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу
үшін сұйық жуғыш қолданылып, жуғыш зат тартпасына
құйылғаны абзал.
Жүн: тіпті жапсырмасында «тек қолмен жуу»
жазуы бар жүн киімдерін қоса, барлық жүн киімдерін
13-бағдарламамен жууға болады. Ең жақсы нәтижеге
қол жеткізу үшін арнайы жуғыш затты қолданыңыз және
1,5 кг кір салмағынан аспаңыз.
Жібек: жібек киімдерді жуу үшін арнайы 14уу циклын
қолданыңыз. Нәзік киімдерді жууға арналған арнайы
жуғыш заттарды пайдаланған абзал.
Перделер: перделерді бүктеп, жастыққапқа немесе тор
сөмкеге салыңыз. 14-жуу циклын қолданыңыз.
Жүкті теңестіру жүйесі
Әрбір сығу циклынан бұрын, шамадан тыс дірілдеудің
алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін,
барабан жуу кезіндегі айналу жылдамдығын сәл
көбірек жылдамдықпен айналып тұрады. Егер бірнеше
әрекеттен кейін жүк дұрыс теңестірілмесе, құрылғы
төмендетілген сығу жылдамдығында айналдырады.
Егер жүк тым теңестірілмеген болса, құрылғы сығу
орнына тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен
теңестірілуін жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді
аралас салуды ұсынамыз.
1
2
3