Instruction for Use

43
KZ
! Алғаш пайдаланғанда, құрылғыны бос күйінде
есігін жауып, ең жоғарғы температурада кемінде
жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті өшіріп, оның
есігін ашпастан бұрын, бөлменің жақсы желденетінін
тексеріңіз. Өндіру кезінде қолданылған қорғағыш
заттардың жанып кетуіне байланысты жеңіл
жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! “Басқару тақтасын құрсаулау” мен “DEMO режимі”
функцияларын тіпті басқару тақтасы сөндірулі тұрған
кезде де іске қосуға/ажыратуға болады.
Басқару тақтасын құрсаулау
Пештің басқару элементтерін құрсаулау үшін
түймесі мен түймесін қатар басыңыз. Дыбыстық
белгі естіледі де, TEMPERATURE (температура)
бейнебетінде “Loc” сөзі шығады.
Басқару элементтерінің құрсауын ағыту үшін
қайтадан басыңыз. “STOP” түймесі әрқашан іске
қосулы.
DEMO режимі
Пеш DEMO режимінде жұмыс істей алады: барлық
қыздырғыш элементтер ажыратылады, ал басқару
элементтері жұмыс істейді.
DEMO режимін іске қосу үшін “+”,
және “START”
түймелерін қатар басыңыз. Дыбыстық белгі естіледі
де, TIME (уақыт) бейнебетінде “DEMO” сөзі шығады.
DEMO режимін іске қосу үшін “+” және “START”
түймелерін қатар басыңыз. Дыбыстық белгі естіледі
де, “DEMO” хабары бейнебеттен ғайып болады.
Сағат пен таймерді қою
Электр тогы желісіне қосқаннан кейін немесе электр
тогы ажыратылғаннан кейін УАҚЫТ дисплейіндегі
түймесі мен сандар жыпылықтайды.
Уақытты қою үшін:
1. Сандар тез айналып, реттеуді оңайлату үшін “+”
және “-”; түймелерін басып ұстап тұрыңыз.
2. Дәл уақыт мәндеріне жеткен кезде, ол жадыда
сақталу үшін 10 секунд күте тұрыңыз да, реттеуді
бекіту мақсатында
түймесін қайтадан басыңыз.
Қажетті өзгерістерді енгізу үшін түймесін басу
арқылы басқару тақтасын сөндіріңіз де, түймесін
басып, көрсетілген қадамдарды жасаңыз.
Орнатылған уақыт өткен кезде, таймер дыбыстық
белгі береді де, 6 секундтан кейін немесе басқару
тақтасындағы кез келген белсенді белгіше басылған
кезде ол өздігінен тоқтайды.
Таймерді реттеу үшін
түймесін басыңыз да,
сағатты реттеу үшін пайдаланылған рәсімді
орындаңыз. Қосылған
түймесі таймердің іске
қосылғанын көрсетеді.
! Таймер пешті қоспайды және өшірмейді.
Пешті қосу
1. түймесін басып басқару тақтасын қосыңыз.
2. Қалаған пісіру режиміне сәйкес келетін түймені
басыңыз. TEMPERATURE бейнебеті пісіру режимінің
температурасын көрсетеді; TIME бейнебеті ағымдық
уақытты көрсетеді.
3. Пісіруді бастау үшін “START” түймесін басыңыз.
4. Пешті алдын ала қыздыру сатысы басталады,
ағымдық температура айғақтауыштары температура
көтерілген кезде жарықтанады. Температураны “+”
және “-” түймелерін басу арқылы реттеуге болады.
5. Алдын ала қыздыру аяқталғанда, дыбыстық
белгі естіледі де, ағымдық температура
айғақтауыштарының барлығы жанады: содан кейін
тағамды пешке салуға болады.
6. Тағам дайындау кезінде әрқашан мына
әрекеттерді орындауға болады:
- температураны “+” және “-” түймелерін басу
арқылы реттеу;
- Пісіру режимінің ұзақтығын реттеу (“Пісіру
режимдері” бөлімін қараңыз);
- “STOP” түймесін басу арқылы пісіруді тоқтату.
7. Электр тогы ажыратылған жағдайда автоматты
жүйе тоқтаған жерінен іске қосылады және берілген
пештің температурасы белгілі деңгейден түспейді.
Қосылмаған бағдарламаға енгізілген режимдер
қалпына келтірілмейді және бағдарламаны қайта
орнату керек болады.
! Барбекю (BARBECUE) режимінде алдын ала
қыздыру сатысы жоқ.
! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз,
бұл эмальді қабатты зақымдайды.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
салқындату желдеткіші басқару тақтасы мен пеш
есігінің арасында салқын ауа ағынын өткізеді. FAST
CLEAN (ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ) режимінде салқындату
желдеткіші төменгі жылдамдықта жұмыс істейді.
! Тағам дайын болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанша желдеткіш жұмыс істеп тұрады.
Пештің шамдары
Пеш жұмыс істемей тұрғанда шамды кез келген
уақытта пештің есігін ашу арқылы жағуға болады.
Қосу және пайдалану