Health and safety

3
KZ
ҚАУІПСІЗДІК НҰҚАУЛАРЫ
ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ
ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас
бұрын осы нұсқауларды
мұқият оқып шығыңыз.
Оларды болашақта қарау
үшін оңай жерге қойыңыз.
Бұл нұсқауларда және
құрылғыда барлық уақытта
орындау қажет маңызды
қауіпсіздік нұқсаулары берілген.
Өндіруші осы қауіпсіздік
нұсқауларын орындамау,
құрылғыны дұрыс қолданбау
немесе басқару элементтерін
дұрыс орнатпау нәтижесінде
туындаған ақаулыққа қатысты
жауапкершілікті мойнына
алмайды.
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
Енді жүретін сәбилерді (0-3
жас) және жас балаларды (3-8
жас) үздіксіз бақылау болмаса,
құрылғыға жолатпаңыз.
8 жас және одан үлкен
жастағы балалар және
физикалық, сезімдік немесе
рухани мүмкіншіліктері
жеткіліксіз немесе тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз тұлғалар
құрылғыны тек басқару
бойынша арнайы қауіпсіз
пайдалану нұсқаулары
берілгеннен кейін пайдалана
алады. Балалар құрылғымен
ойнамау қажет. Тазалау және
жөндеу жұмыстарын, егер
жанында жетекшілік ететін
ересек адам болмаса,
балаларға орындауға
болмайды.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның
қосалқы бөліктері пайдалану
кезінде ыстық болады,
үздіксіз бақылауда болмаса, 8
жастан төмен балаларды
жақындатпау керек.
ЕСКЕРТУ: Ыстық элементтерін
немесе ішкі бетін ұстамаңыз,
күйіп қалуыңыз мүмкін.
Барлық бөліктері толығымен
суымайынша, киімдеріңізді
немесе басқа жанатын заттарды
құрылғыдан әрі ұстаңыз.
Тағамды құрғату барысында
құралды ешқашан кездейсоқ
қалдырмаңыз. Шамадан тыс
қызған сұйық май және тоң май
оңай тұтанады. Майы көп
немесе арақ қосылған тағамды
пісіргенде аса абай болу қажет
(мысалы, ром, коньяк, вино),
өрт қаупі болады.
Кастрөлдер мен табаларды
алу үшін пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз, қыздыру
элементтеріне тиіп кетпеңіз.
Тамақ пісіріп болған соң
қақпағын ашқан кезде абай
болыңыз, пешті ашпас бұрын
жайлап буды немесе ыстық
ауаны шығарыңыз. Пештің
алдыңғы жағындағы ауа
желдеткіштерін бітемеңіз.
Құрылғы зонд пайдалану үшін
қолайлы болса, осы пеш үшін
ұсынылатын зонд
температурасын ғана
қолданыңыз.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН
ПАЙДАЛАНУ
Бұл құрылғы кәсіби пайдалануға
емес, тек тұрмыстық жағдайда
пайдалануға арналады.
Бұл құрылғыны сыртта
пайдаланбаңыз. Құрылғының
жанында аэрозоль бөтелкелері
сияқты жарылатын немесе
тұтанатын заттарды
сақтамаңыз және оның қасында
бензин немесе басқа жанатын
заттарды қолданбаңыз: құрал
кездейсоқ қосылған жағдайда
өрт болуы мүмкін.
САҚТАНЫҢЫЗ: Бұл құрылғы
сыртқы таймер немесе бөлек
қашықтан басқару құралымен
пайдаланылуға арналмаған.
Басқа қолданыс түріне рұқсат
етілмейді (мысалы, бөлмелерді
жылыту).
ОРНАТУ
Орнату және жөндеу
жұмыстарын өнім
жасаушысының нұсқаулары
мен жергілікті қауіпсіздік
ережелеріне сәйкес білікті
техникалық маман орындауы
керек. Пайдаланушы
нұсқаулығында ерекше
белгіленген болмаса,
құрылғының ешбір бөлшегін
жөндемеңіз не ауыстырмаңыз.
Орнату әрекеттерін балалар
орындамауы керек. Орнату
кезінде балаларды
жақындатпаңыз. Орнату
кезінде және одан кейін орам
материалдарын (пластик
дорба, пенопласт бөлшектері,
тсс.) балалардың қолы
жетпейтін жерге қойыңыз.
Құрылғыны екі не одан көп
адам тасуы және орнатуы
керек. Құрылғыны орамынан
шығару және орнату үшін
қорғаныс қолғаптарын киіңіз.
Құрылғыны орамнан шығарған
соң, оның тасмалдау
барысында зақымдалмағанына
көз жеткізіңіз. Өнімді орамынан
шығарған соң, оның
тасымалдау барысында
зақымданбағанына көз
жеткізіңіз. Кез келген орнату
жұмысын орындау алдында
құрылғыны қуат көзінен
ажырату қажет. Орнату
барысында, құрылғы қуат
кабеліне зақым
келтірмейтіндігіне көз
жеткізіңіз. Құрылғыны тек
орнату жұмысы аяқталған соң
ғана іске қосыңыз. Құрылғыны
жиһазға салмас бұрын,
барлық шкафты кесу
жұмысын орындап, ағаш
қиқымдары мен ұнтақтарын
абайлап жойыңыз. Орнату
аяқталғанда, құрылғының түбі
толығымен жабық болуы тиіс.
Пештің жұмыс бетпейі мен
жоғарғы шеті арасындағы
кішкентай саңылауды
бітемеңіз. Тек орнату кезінде
пешті пенополистирол
негізінен алыңыз.
ЭЛЕКТРИКАЛЫҚ
ЕСКЕРТУЛЕР
Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне
сәйкес орнату үшін ең аз
байланыс аралығы 3 мм болатын
барлық полюсті ажыратып-
қосқыш пайдаланылуы қажет
және құрылғыны жерге тұйықтау
қажет. Салынған аша розетка
үшін қолайлы болмаса, білікті
маманмен байланысыңыз.
Қуат көзінің сымы корпусына
салынған соң, құрылғыны
негізгі қуат көзіне жалғау үшін
жеткілікті түрде ұзын болу
қажет. Қуат көзі кабелін
тартпаңыз. Қуат сымы
зақымдалған болса, оны
бірдей түрімен ауыстырыңыз.
Қуат кабелін ауыстыру
жұмыстарын өндіруші
нұсқаулары мен жергілікті
қауіпсіздік ережелеріне сай,
білікті техник орындауы қажет.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласаңыз. Ашасы
салынған құрылғылар үшін,
аша розетка үшін қолайлы
болмаса, білікті маманмен
байланысыңыз.