Use and care guide

KZ
13
SPECIAL FUNCTIONS
(АРНАЙЫ ФУНКЦИЯЛАР)
SLOW COOKING (БАЯУ ПІСІРУ)
Ет (90°C градуста) және балықты
(85°C градуста) баяу пісіру үшін. Тағам
жұмсақ әрі былбыраған күйде сақтау үшін
осы функция оны баяу пісіреді. Төмен
температураның арқасында тағамның сыртқы
жағы қызармайды және соңғы нәтиже бумен
пісіру нәтижесіне ұқсайды. Алдымен етті
қызарту үшін жіліктерді табаға қуырып алуды
ұсынамыз, бұл оның табиғи сөлін сақтауға
мүмкіндік береді. Пісіру уақыты 300 г ет үшін
сағаттан бастап, 3 кг балық үшін сағатқа
созылуы мүмкін; салмағы 1 кг болатын
қуырылған етті 4 сағат пісіру керек, ал
салмағы 3 кг қуырылғане етті 6-7 сағат пісіру
керек. Жылу шығып кетпеуі үшін, оңтайлы
нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пісіру
барысында пеш есігін ашпаңыз; ет сүңгісін
(егер болса) немесе әдеттегі пеш термометрін
пайдаланыңыз.
ECO FORCED AIR
(ҮНЕМДІ ЖЕЛДЕТКІШПЕН ПІСІРУ)*
Толтырмасы бар етті және кесектеп
туралған етті бір сөреде пісіруге арналған.
Бұл функция тағамның тым құрғап кетуін
болдырмау үшін желдеткішті ара-тұра
шамалап іске қосады. Бұл функция
пайдаланылған кезде ҮНЕМДЕУ шамы
пісіру кезінде өшірулі қалады және оны
түймешігін басу арқылы уақытша қосуға
болады. ECO циклін пайдаланып қуат
тұтынылуын оңтайландыру үшін тағам
толығымен піскенше пештің есігін ашуға
болмайды. 3-деңгейді пайдалану ұсынылады.
Пешті алдын ала қыздырудың қажеті жоқ.
DIAMOND CLEAN
АУХАРДАЙ ТАЗА)
Осы арнайы төменгі температурада тазалау
циклі кір мен тамақ қалдықтарын оңай
кетіруге мүмкіндік береді. Пештің түбіне 200
мл ауыз суды құйып, бұл функцияны тек пеш
суыған кезде ғана іске қосыңыз.
SETTINGS (ПАРАМЕТРЛЕР)
Пеш параметрлерін (тіл, уақыт, жарықтама,
дыбыс белгілерінің үнділігі, эко режим)
өзгертуге арналған.
Ескеріңіз: Пеш өшірулі, бірақ Эко режимі
белсенді болғанда, қуатты үнемдеу үшін
дисплейдің жарықтылығы азайтылады. Ол кез
келген түймелер басылған кезде автоматты
түрде белсендіріледі.
FULLY AUTOMATIC RECIPES
ТҮГЕЛДЕЙ АВТОМАТТЫ РЕЦЕПТТЕР
Функцияның дұрыс пайдалануына көз жеткізу
үшін www.hotpoint.eu торабынан рецепт
кітапшасын оқып, жүктеп алыңыз
28 түрлі алдын ала орнатылған рецепттердің
бірін таңдау үшін. Пеш оңтайлы пісіру
температурасын, функцияны және уақытты
автоматты түрде орнатады. Рецепттер
кітабында көрсетілген, тамақ пісіру,
пайдаланылатын керек-жарақтар мен
деңгейлер туралы ұсыныстарды орындаудың
маңызы зор.
MEAT PROBE RECIPES
(ЕТ СҮҢГІСІ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН
РЕЦЕПТТЕР)
Бұл функция еттің әр түрі үшін оңтайлы пісіру
режимін автоматты түрде таңдайды. Ол
таңдалған ет түріне байланысты пісіру бөлімі
мен тағамның ішінде оңтайлы температураны
ұсынады. Бұл температуралар төмендегі
арнайы пісіру кестесінде келтірілген. Алайда
екі температураны да белгілі бір кезеңде
қалауыңызша өзгертуге болады.
Зондтың дұрыс енгізіліп, қолданылуына көз
жеткізу үшін сәйкес параграфта берілген
нұсқауларды орындаңыз.
Етті торлы сөреге қойылған пеш науасын
немесе таму науасының өзін қолданып
3-сөреге салыңыз. Пешті алдын ала
қыздырып алу қажет емес.
Пісіру кезінде пеш есігін етті тексеру немесе
сорпа қосу үшін ашуға болады, бірақ ет
сүңгісін қозғап алмау үшін абай болыңыз.