Use and care guide

4
ОҚЫП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ
ҰСТАНҒАН ЖӨН
Құрылғыны пайдаланудан
бұрын нұсқаулықтарды мұқият
оқып шығыңыз.
Болашақта қарау үшін оңай
жерге қойыңыз.
Бұл нұсқаулар мен құрал барлық
уақытта ұстану қажет маңызды
қауіпсіздік ескертулерін
қамтамасыз етеді.
Өндіршуі осы қауіпсіздік
нұсқауларын ұстанбау, құралды
дұрыс пайдаланбау немесе
басқару параметрлерін дұрыс
орнатпау нәтижесінде туындаға
ақаулық үшін жауапты
болмайды.
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның
қосалқы бөліктері пайдалану
кезінде ыстық болады, үздіксіз
бақылауда болмаса, 8 жастан
төмен балаларды жақындатпау
керек.
8 жас және одан үлкен жастағы
балалар мен қозғалу, сезу
немесе рухани мүмкіндіктері
жеткіліксіз немесе тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз тұлғалар
осы құралды тек бақылауда
болғанда, арнайы қауіпсіз
пайдалану нұсқаулары
берілгеннен және олар оны
түсінгеннен кейін пайдалана
алады. Балалар құрылғымен
ойнамау керек. Балаларға
тазалау және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын
бақылаусыз орындауға рұқсат
бермеңіз.
ЕСКЕРТУ: Ыстық элементтерін
немесе ішкі бетін ұстамаңыз,
күйіп қалуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Есік немесе есікті
тығыздауыштар зақымдалған
болса, білікті адам
ауыстырмайынша пешті
пайдалануға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Сұйық және басқа
тағам түрлерін нығыздап
жабылған контейнерлерде
ысытпау керек, атылу қаупі бар.
Микротолқынды пеш тағамды
және сусындарды ысытуға
арналған. Тағам немесе киімді
құрғату және жылыту
төсемдерін, жылжымалы
негіздерді, губкаларды, дымқыл
матаны және ұқсас затты
қыздыру жарақат, өрт немесе
лап ету қаупін тудыруы мүмкін.
Тағамды пластикалық немесе
қағаз контейнерлерде жылытқан
кезде, тұтану қаупі
болатындықтан, пешке қарап
тұрыңыз.
Сусындарды микротколқынды
пеште жылытқан кезде, жайлап
қайнап бастауы мүмкін,
сондықтан контейнерді ұстаған
кезде абайлау керек.
Тағам беру бөтелкелері мен
сәби тағамының
ыдыстарындағы тағамды
араластырыңыз немесе
шайқаңыз және күйіп қалмауы
үшін, ішпес бұрын
температурасын тексеріңіз.
Қабығындағы жұмыртқаны және
қатты пісірлген жұмыртқаларды
микротолқынды пештерде
жылытпаңыз, микротолқынды
пеш жылыту процесін аяқтаған
соң да, олардың жарылуы
мүмкін.
Барлық бөліктері толығымен
суымайынша, киімдеріңізді
немесе басқа жанатын заттарды
құрылғыдан әрі ұстаңыз.
Шамадан тыс қызған сұйық май
және тоң май оңай тұтанады.
Майы көп немесе арақ қосылған
тағамды пісіргенде аса абай
болу қажет (мысалы, ром,
коньяк, вино), өрт қаупі болады.
Шағын толқынды пешті майға
тамақ қуыру үшін пайдалануға
болмайды, себебі майдың
температурасын бақылау мүмкін
емес.
Құрылғы үлгімен пайдалануға
қолайлы болса, осы пеш үшін
ұсынылатын температура үлгісін
ғана қолданыңыз (бар болса).
Кастрөлдер мен табаларды алу
үшін пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз, қыздыру
элементтеріне тиіп кетпеңіз.
Тамақ пісіріп болған соң
қақпағын ашқан кезде абай
болыңыз, пешті ашпас бұрын
жайлап буды немесе ыстық
ауаны шығарыңыз.
Тек шағын толқынды пеште
пайдалануға қолайлы
құралдарды пайдаланыңыз.
Пештің алдыңғы жағындағы ауа
желдеткіштерін бітемеңіз.
Түтін шықса, құрылғыны өшіріңіз
немесе токтан ажыратыңыз
және жалынды өшіру үшін
есіктерді жауып қойыңыз.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
Бұл құрылғы кәсіби емес, тек
тұрмыста пайдалануға
арналған.
Бұл құрылғыны сыртта
пайдаланбаңыз.
Құрылғының ішінде не қасында
аэрозоль қауашақтары сияқты
жарылғыш немесе жанғыш
заттарды сақтамаңыз бензинді
немесе басқа тұтанғыш
заттарды қоймаңыз немесе
пайдаланбаңыз: құрылғы
кездейсоқ қосылып кетсе, өрт
шығуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы
сыртқы таймермен немесе
бөлек қашықтан басқару
жүйесімен пайдаланылуға
арналмаған.
Бұл құрылғы тұрмыстық және
сәйкес қолданыстарда
пайдаланылуға арналған,
мысалы:
- дүкендердегі, кеңселер мен
жұмыс орталарындағы
қызметкерлерге арналған
асхана аумақтары;
- шаруашылық ғимараттары;
- қонақ үйлердегі, мотельдердегі
немесе басқа тұрғылықты
орталардағы тұтынушылар
арқылы;
- жатын және таңғы ас қызметі
түріндегі орталарда.
Басқа қолданыс түріне рұқсат
етілмейді (мысалы, бөлмелерді
жылыту).
ОРНАТУ
Орнату және жөндеу
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ