Health and safety

4
қысымнан басқа болса,
жарамды қысым реттегішті
ағымдағы Ұлттық нормативтік
ережелерге сәйкес газ кіретін
тұрбаға жалғау керек
Бөлме қандай бір иіс пен күйені
кетіретін ауа сорғыш жүйемен
жабдықталған болуға тиіс.
Сорғыш жүйе құрылғы іске
қосылған сайын автоматты
түрде жұмыс істей бастайтын
сораптан немесе электрлік
желдеткіштен тұруы мүмкін.
Бөлмеде сондай-ақ дұрыс ауа
айналымы болуы керек, себебі
газ дұрыс жануы үшін ауа
қажет. Ауа ағыны орнатылған
қуаттылықтың әр кВт үшін 2 м
3
/
сағат мәнінен кем болмауға
тиіс.
Ауаны айналдыру жүйесі ауаны
кем дегенде 100 см
2
ішкі
көлденең қимасы бар тұрбаның
көмегімен тікелей сырттан
алуы мүмкін; жүйенің аузы
кедергінің ешқандай түріне
осал болмауы керек.
Жүйе газ жануы үшін қажетті
ауаны сондайқ жанама түрде,
яғни, жоғарыда суреттелгендей
ауа айналатын түтіктермен
жабдықталған басқа
жапсарлас бөлмелерден бере
алады. Алайда, ол бөлмелер
тұрғын бөлмелер, жатын
бөлмелер немесе өрт шығу
қатері бар бөлмелер болмауға
тиіс.
Сұйылтылған мұнай газы
еденге дейін жетеді, себебі ол
ауадан ауыр. Сондықтан ішінде
СМГ цилиндрілері де газ
жылыстаған жағдайда оның
шығып кетуіне мүмкіндік
беретін саңылаулармен
жабдықталған болуға тиіс.
Соның нәтижесінде жартылай
немесе түгелдей толы СМГ
цилиндрлерін жер бетінің
деңгейінен төмен бөлмелерде
немесе қойма жайларында
(жертөлелер т.с.) орнатуға
немесе сақтауға болмайды. Тек
бөлмеде қазір пайдаланылып
жатқан цилиндрді ғана ұстап,
оның температурасын 50°C
градустан астам жоғарылатуы
мүмкін сыртқы жылу көздері
(тұмшапештер, каминдер,
пештер т.с.с.) шығаратын
қызуға ұшырамайтындай етіп
орналастыруды ұсынамыз.
Құрылғының дұрыс жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін
тиісті корпусты пайдаланыңыз:
тұмшапешті асүй үстелінің
астына (суретті қараңыз)
немесе асүй жиһазының ішіне
орнату үшін оның корпусының
өлшемдері суреттегідей болуы
керек.
Дұрыс желдетілуін қамтамасыз
ету үшін корпустың артқы
панелін алып тастау керек.
Тұмшапешті екі ағаш тақтада
немесе суретте көрсетілгендей
кем дегенде 45 x 560 мм ойығы
бар түгелдей жайпақ беткі
қабатта тұратындай етіп
орналастырған дұрыс.
ГАЗ ҚОСЫЛЫМЫ
ЕСКЕРТУ: Орнатардан бұрын
жергілікті газ тарату
жағдайларының (газдың
шыққан жері және газ қысымы)
және құрылғының
параметрлерінің сыйысымды
екеніне көз жеткізіңіз.
Газбен жабдықтау қысымының
1-кестеде (“Оттық пен
бүріккіштің сипаттамалары”)
көрсетілген мәндерге сәйкес
екенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Осы құрылғыны
реттеу шарттары кестеде
(немесе деректер парағында)
жазылған.
ЕСКЕРТУ: Бұл құрылғы жану
өнімдерін шығару құрылғысына
жалғанбаған. Оны
қолданыстағы орнату
ережелеріне сәйкес орнатып,
жалғау қажет. Желдетуге
қатысты арнайы талаптарға
ерекше назар аударылуы
керек.
Егер құрылғылар сұйық газға
жалғанған болса, реттегіш
бұранданы барынша қатайтып
бұрау қажет.
МАҢЫЗДЫ: Газ цилиндрі
қолданылса, газ цилиндрі
немесе газ контейнері дұрыс
орнатылуы керек (тік бағытта).
ЕСКЕРТУ: Бұл жұмысты білікті
техника маманы орындауға
тиіс.
Газ байланысына тек иілгіш
немесе қатты металл шлангіні
пайдаланыңыз.
Қатты тұрбаның (мыс немесе
болат) көмегімен жалғау
Газ жүйесіне жалғауды
құрылғының ешқандай түріне
ешқандай күш түсірілмейтіндей
етіп жүзеге асыру қажет.
Құрылғының бірге келетін еңіс
жақтауында бейімделетін L
пішінді фиттинг бар, ол газ
жылыстауына жол бермеу үшін
тығыздауышпен бекітіледі.
Фитингіні бұрағаннан кейін
әрқашан да тығыздауышты
ауыстыру керек (тығыздауыш
құрылғымен бірге келеді).
Газбен жабдықтау құбырының
фитингі - бұрандалы 1/2 газ
цилиндрлік өтпелік құрал.
Тот баспайтын болаттан
жасалған иілгіш жіксіз
тұрбаны бұрандалы
тіркемеге жалғау
Газбен жабдықтау құбырының
фитингі - бұрандалы 1/2 газ
цилиндрлік өтпелік құрал. Бұл
тұрбаларды олар толық
жазылған кезде 2000 мм-ден
аспайтындай етіп орнату қажет.
Қосылымды жасау жүзеге
асырылғаннан кейін иілгіш
металл тұрбаның қандай да бір
қозғалатын бөлшектерге тиіп
тұрмағанын және қысылып
қалмағанын тексеріңіз.
Қолданыстағы ұлттық
нормативтік ережелерге сәйкес
келетін тұрбалар мен
тығыздауыштарды ғана
пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ: Егер тот
баспайтын болат иілгіш түтік
пайдаланылса, жиһаздың
қозғалатын бөлшектеріне тиіп
тұрмайтындай етіп орнатылуға
тиіс. Кедергілерсіз немесе
барлық ұзындығын тексеру
мүмкін емес аймақтан өткізу
қажет.
Құрылғына газбен жабдықтау
желісіне немесе газ цилиндріне
қолданыстағы ұлттық
нормативтік ережелерге сәйкес