Setup and user guide

6
СЫРТҚЫ БЕТТЕР
Сулы микроталшықты матамен беттерді
тазалаңыз. Олар қатты кір болса, бейтарап
жуғыш құралдың бірнеше тамшысын қосыңыз.
Құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Жеміргіш немесе түрпілі тазартқыш заттарды
пайдаланбаңыз. Егер осы заттардың кез
келгені күтпеген жерден құрылғының
беттерімен байланысқа түссе, оны дереу
дымқыл микрофибра шүберегімен дереу
тазалаңыз.
ІШКІ БЕТТЕР
Әр пайдаланғаннан кейін пешті салқындатуға
қалдырыңыз, содан кейін қатып қалған
тағам қалдығын не дақтарды кетіру үшін
мүмкіндігінше əлі жылы күйінде тазалаңыз.
Құрамында суы көп тағамды пісіру нəтижесінде
түзілген шықты құрғату үшін пешті əбден
суытыңыз да, шүберекпен немесе жөкемен
сүртіп алыңыз.
Әйнекті тазалау үшін есікті оңай алып
тастауға жəне қайта салуға болады.
WWW
Есіктегі шыны тиісті тазалау сұйықтығымен
тазалануы тиіс.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Қосымша құралдарды пайдаланған соң ыдыс
жуғыш сабынсу қосылған суға батырыңыз,
олар əлі де ыстық болса, қолғаппен ұстаңыз.
Тағам қалдықтарын жуғыш шөткемен немесе
жөкемен тазалауға болады.
Бумен тазалау құрылғыларын
пайдаланбаңыз.
Барлық жұмыстар кезінде
қорғаныш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
Қажетті әрекеттерді пеш
салқын болған кезде
орындаңыз.
Құрылғыны қуат көзінен
ажыратыңыз.
Ысқыш, қатты
тазалағыштарды немесе
абразивті/коррозиялық тазалау
заттарын пайдаланбаңыз,
бұлар құрылғының бетін
зақымдауы мүмкін.
ҚҰРЫЛҒЫҒА ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Қосымша ақпарат алу үшін "Пайдалану жəне күтіп ұстау
нұсқаулығын" docs.hotpoint.eu веб-сайтынан жүктеп алыңыз
WWW
1. Духовканы қуат көзінен ажыратыңыз.
2. Шамның қақпағын бұрап алыңыз да,
лампаны ауыстырыңыз жəне қақпақты қайта
орнына бұрап қойыңыз.
3. Пешті қуат көзіне қайта қосыңыз.
Ескеріңіз: 25 Вт/ 230 В, G9 тұрпатты T300 °C
галоген шамын қолданыңыз.
Құрылғыда пайдаланылған шам тұрмыстық
техника үшін арнайы жасақталған жəне үй
ішіндегі жалпы бөлме жарықтандыруы үшін
жарамсыз болып табылады (244/2009 ЕО
ережесі).
Шам лампаларын қызмет орталығынан сатып
алуға болады.
- Шамдардың жалаң қолыңызбен ұстамаңыз,
себебі саусағыңыздың іздері оны зақымдауы
мүмкін. Шам қақпағы орнына салынбайынша,
пешті пайдаланбаңыз.
ШАМДЫ АУЫСТЫРУ