Health and safety

KZ
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОҚЫП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ
ҰСТАНҒАН ЖӨН
Осы құрылғыны пайдаланбас
бұрын қауіпсіздік нұсқауларын
оқып шығыңыз.
Оларды болашақта қарау үшін
сақтап қойыңыз.
Егер құрылғыда елтің таңбасы
көрінсе, осы нұсқаулық
жарамды болып табылады.
Егер таңба құрылғыда
көрінбесе, техникалық
нұсқаулықты қарау керек, онда
құрылғының сол елде
пайдалану жағдайларына
бейімдеп түрлендірілген
үлгілеріне қатысты қажетті
нұсқаулар беріледі.
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Газбен пісіру
құрылғысын пайдаланудың
нәтижесінде ол орнатылған
бөлмеде жылу, ылғал және
жану өнімдері түзіледі. Әсіресе
құрылғы пайдаланылып
жатқанда бөлменің жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз:
табиғи желдету саңылауларын
ашық ұстаңыз немесе
механикалық желдету құралын
(механикалық ас үй сорабы)
орнатыңыз. Құрылғыны ұзақ
уақыт бойы қарқынды
пайдалану қосымша желдетуді,
мысалы, терезені ашуды,
немесе қолданыстағы
механикалық желдету деңгейін
арттыруды талап етуі мүмкін.
Бұл нұсқауларда және
құрылғыда барлық уақытта
орындау қажет маңызды
қауіпсіздік нұқсаулары берілген.
Өндіруші осы қауіпсіздік
нұсқауларын орындамау,
құрылғыны дұрыс қолданбау
немесе басқару элементтерін
дұрыс орнатпау нәтижесінде
туындаған ақаулыққа қатысты
жауапкершілікті мойнына
алмайды.
Егер осы нұсқаулықтағы
ақпарат дұрыс орындалмаса,
өрт немесе жарылыс орын
алып, соның салдарынан
мүлікке нұқсан келуі немесе
адамды жарақаттауы мүмкін.
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
Енді жүретін сәбилерді (0-3
жас) және жас балаларды (3-8
жас) үздіксіз бақылау болмаса,
құрылғыға жолатпаңыз.
8 жас және одан үлкен жастағы
балалар және физикалық,
сезімдік немесе рухани
мүмкіншіліктері жеткіліксіз
немесе тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны
тек басқару бойынша арнайы
қауіпсіз пайдалану нұсқаулары
берілгеннен кейін пайдалана
алады. Балалар құрылғымен
ойнамау қажет. Тазалау және
жөндеу жұмыстарын, егер
жанында жетекшілік ететін
ересек адам болмаса,
балаларға орындауға
болмайды.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның
қосалқы бөліктері пайдалану
кезінде ыстық болады, үздіксіз
бақылауда болмаса, 8 жастан
төмен балаларды жақындатпау
керек.
ЕСКЕРТУ: Ыстық элементтерін
немесе ішкі бетін ұстамаңыз,
күйіп қалуыңыз мүмкін.
Тағамды құрғату барысында
құралды ешқашан кездейсоқ
қалдырмаңыз.
Құрылғы зонд пайдалану үшін
қолайлы болса, осы пеш үшін
ұсынылатын зонд
температурасын ғана
қолданыңыз.
Барлық бөліктері толығымен
суымайынша, киімдеріңізді
немесе басқа жанатын
заттарды құрылғыдан әрі
ұстаңыз.
Шамадан тыс қызған сұйық май
және тоң май оңай тұтанады.
Майы көп немесе арақ
қосылған тағамды пісіргенде
аса абай болу қажет (мысалы,
ром, коньяк, вино), өрт қаупі
болады.
Кастрөлдер мен табаларды
алу үшін пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз, қыздыру
элементтеріне тиіп кетпеңіз.
Тамақ пісіріп болған соң
қақпағын ашқан кезде абай
болыңыз, пешті ашпас бұрын
жайлап буды немесе ыстық
ауаны шығарыңыз.
Пештің алдыңғы жағындағы
ауа желдеткіштерін бітемеңіз.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН
ПАЙДАЛАНУ
САҚТАНЫҢЫЗ: Бұл құрылғы
сыртқы таймер немесе бөлек
қашықтан басқару құралымен
пайдаланылуға арналмаған.
Бұл құрылғы кәсіби
пайдалануға емес, тек
тұрмыстық жағдайда
пайдалануға арналады.
Бұл құрылғыны сыртта
пайдаланбаңыз.
Құрылғының жанында
аэрозоль бөтелкелері сияқты
жарылатын немесе тұтанатын
заттарды сақтамаңыз және
оның қасында бензин немесе
басқа жанатын заттарды
қолданбаңыз: құрал кездейсоқ
қосылған жағдайда өрт болуы
мүмкін.
Басқа қолданыстарға рұқсат
жоқ (мысалы, бөлмелерді
жылыту).
ОРНАТУ
Құрылғыны екі не одан көп
адам тасуы және орнатуы
керек. Құрылғыны орамынан
шығару және орнату үшін
қорғаныс қолғаптарын киіңіз.
Электр мен газ қосылымдары
жергілікті нормативтік
ережелерге сай болуы қажет.
ЕСКЕРТУ: Барлық қосымша
елдерде құрылғының қауіпсіз
әрі дұрыс пайдаланылуы үшін
құрылғының нұсқасының және
оны орнату әдісінің маңызы
зор.
Нұсқауда көрсетілген газ
қысымына сәйкес келетін
қысым реттегіштерді
пайдаланыңыз.
Қатты тұрбаның (мыс немесе
болат) көмегімен жалғау.
Егер газ қысымы ұсынылатын

Summary of content (8 pages)