Instruction for Use

KK -9-
Ақаулық туындаса, Кепілдік бойынша қызмет көрсету бөліміне хабарласудың алдында ақаулықты шешу үшін келесі тексерулер мен шараларды орындаңыз.
Ақаулықтардың көбісі келесі əрекеттерді орындап, құрылғының қалыпты жұмысын жылдам қалпына келтіру арқылы шешіле алады.
Ақаулықтардың дисплейде көрсетілуі:
Функция нөмірі «F»x
- жыпылықтайды
Қате нөмірі «F»x
- жыпылықтайды 0,5 сек. кідіріс
Құрылғы... Мүмкін себептері... Шешімдері...
...жұмыс істемейді/іске қосылмайды
- Құрылғы іске қосылған болуы тиіс. - Қуат жеткіліксіз болса тұрмыстық тізбек сақтандырғышын тексеріңіз.
- Ыдыс жуу машинасының есігі жабылмайды. - Ыдыс жуу машинасының есігі жабық екендігін тексеріңіз.
Кейінге қалдырылған іске қосу» опциясы ҚОСУЛЫ.
Кейінге қалдырылған іске қосу» опциясының (қолжетімді болса) таңдалғанын тексеріңіз.
Олай болса, құрылғы тек орнатылған уақыт аяқталғаннан кейін ғана ісе қосылады. Қажет болса,
БОЛДЫРМАУ түймешігін басу арқылы құрылғыны ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІҢІЗ немесе СІКЕ ҚОСУ
түймешігін басу арқылы циклді дереу бастаңыз.
...«F6 E2» көрсетіледі
- Су құбыры жабық. - Су құбыры ашық болуы тиіс.
- Суды жинау шлангісі майысқан немесе кіріс сүзгілері
бітелген.
- Суды жинау шлангісі майыспауы тиіс жəне су құбырындағы сəйкес кіріс сүзгілері бітелген болмауы
тиіс.
...«F6 E7» немесе «F6 E1» көрсетіледі
- Су қысымы тым төмен. - Суды жинау кезінде су құбыры толық ашық болуы тиіс (минималды сыйымдылық: 0,5 литр/минут).
- Суды жинау шлангісі майысқан немесе кіріс сүзгілері
бітелген.
- Суды жинау шлангісі майыспауы тиіс жəне су құбырындағы сəйкес кіріс сүзгілері кір болмауы тиіс.
...«F6 E3» көрсетіледі/жуу бағдарламасы
тым ерте аяқталды (ыдыстар кір жəне
дымқыл)
- Сүзгілер кір немесе бітелген. - Сүзгілер кір немесе бітелген болмауы тиіс.
- Ыдыс жуу машинасының су жүйесінде аздаған су
қалды.
- Ойыс заттардың (мысалы кеселер, шынаяқтар) бет жағы сөреге төмен қарап орналасу қажет.
- Төгу шлангісі дұрыс орнатылмаған.
- Төгу шлангісі дұрыс орнатылуы тиіс (жоғарыға орнатылған құрылғылар үшін құрылғының төменгі
жиегінен мин. 200-400 мм қалдырыңыз) - Құрастыру туралы нұсқауларды қараңыз.
- Ішіндегі көбіктің деңгейі жоғары. - Тазалағышсыз қайталаңыз немесе көбік жоғалып кеткенше күтіңіз.
...«F8 E1» көрсетіледі
- Сүзгілер кірленген. - Сүзгілерді тазалаңыз.
- Төгу шлангісі бүгілген. - Төгу шлангісі бүгілмеуі қажет.
- Сифон шлангісінің қосылымы жабық. - Сифон шлангісі қосылымының қорғаныш дискісі алып тасталынбауы қажет.
Жоғарыдағы əрекетті орындағаннан кейін ақаулық хабары қалпына келтірілуі қажет. Көп жағдайларда ақаулық осылай шешіледі.
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ: БОЛДЫРМАУ/Өшіру
түймешігін басыңыз.
Есікті жабыңыз.
Су 1 минутқа дейінгі уақыт ішінде автоматты түрде төгіледі.
Құрылғы қазір қайта іске қосылуға дайын.
Келесі жағдайларда не істеу керек...