Instruction for Use

KK
-12-
Сақтық шаралары жəне жалпы ұсыныстар
1. Қаптама
Қаптама материалдар қайта өңделуге 100% жарамды жəне ол қайта өңдеу белгісімен
таңбаланған .
2. Қаптаманы алып тастау жəне құрамын тексеру
Қаптамадан шығарғаннан кейін құрылғының зақымдалмағанына жəне есіктің дұрыс
жабылатынына көз жеткізіңіз. Күмəніңіз болса, білікті техникалық маманға немесе жергілікті
сатушыға хабарласыңыз.
3. Ыдыс жуу машинасын алғаш рет пайдалану алдында
- Құрылғы 5°C минималды қоршаған орта температурасымен жұмыс жасауға арналған.
- Осы ыдыс жуу машинасы оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өндіруші тарапынан
сыналды. Мұндай сынау жұмыстары азғантай тамшылар/су белгілерін қалдыруы мүмкін, ол
бірінші рет жуғаннан кейін кетіп қалады.
4. Қуатты жəне суды үнемдеу
- Ыдыс-аяқты ағынды су астында шаймаңыз.
- Жұмыс істеу алдында ыдыс жуу машинасын əрқашан толық жүктеңіз немесе «Жартылай
жүктеу/Бірнеше аймақ» опциясын (қолжетімді болса) таңдаңыз.
- Күн батареясының жылыту жүйесі, жылу сораптары немесе орталықтандырылған жылыту
жүйелері сияқты экологиялық энергия көздері қолжетімді болса, құрылғыны 60°C максималды
температураға дейінгі сужүргі торабына жалғауға болады. Су
жинау шлангісінің түрі
(«70°C Max» немесе «90°C Max») дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
5. Балалар қауіпсіздігі
- Қаптама материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Балаларға ыдыс жуу машинасымен ойнауға рұқсат бермеу қажет.
- Тазалағышты, шаю сұйықтығын немесе тұзды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
6. Қауіпсіздік ескертулері
- Құрылғының қауіпсіз қолданылуына кепілдік бере алатын, жауапты ересек адам қарауында
бақыланбаса, құрылғы балалар, физикалық немесе психикалық кемістігі бар тұлғалар
тарапынан пайдалануға арналмаған.
- Құрылғыны ашық ауада жұмыс істетпеңіз.
- Жанғыш материалдарды ыдыс жуу машинасына тікелей жақындықта сақтамаңыз.
- Ыдыс жуу машинасындағы су ішу үшін жарамсыз.
- Ыдыс жуу машинасы ішіндегі еріткіштерді пайдаланбаңыз:
жарылыс қаупі бар!
- Есік ашық кезде сақ болыңыз:
өшіп қалу қаупі бар!
- Ыдыс жуу машинасының ашық есігі тартып шығарған кездегі жүктелген сөре салмағын ғана
көтере алады. Ашық есік үстіне заттар қоймаңыз немесе үстіне отырмаңыз не үстіне
тұрмаңыз.
- Зақым алуға əкелуі ықтимал өткір заттарды (мыс., пышақтар) өткір ұшын төменге қаратып, ас
ішетін саймандарға арналған себетке орналастыру қажет. Тұтқасы ұзын аспаптардың өткір
ұшы құрылғының
алдыңғы жағынан алшақ, жоғарғы сөреде көлденең орналасуы қажет.
- Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау алдында желілік айырды
ажыратыңыз жəне су құбырын өшіріңіз; сонымен қоса кез келген ақаулық жағдайында осы
əрекеттерді орындаңыз.
- Жөндеу жəне техникалық өзгеріс енгізу жұмыстарын тек білікті техникалық маман орындау
қажет.
7. Аязға төзімділігі
Егер құрылғы аяз қаупіне ұшырайтын жерде орналасса, оны толығымен төгіп тастау керек. Су
құбырын өшіріп, су жинау жəне су шығару шлангілерін алып тастаңыз, содан кейін барлық суды
төгіп тастаңыз. Құрылғыны -20°C дейінгі температурадан қорғау үшін тұз контейнерінде кемінде
1 кг ерітілген қалпына келтіру тұзы бар екеніне көз жеткізіңіз. Бағдарлама жалғасқан кезде қате
туралы хабар көрсетілуі мүмкін (9-бетті қараңыз).
«F6 E2»
- құрылғы 5°C минималды қоршаған орта температурасында кемінде 24 сағат бойы
тұруы қажет.
Ақаулықтарды шешкеннен кейін құрылғыны ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІҢІЗКелесі жағдайларда не
істеу керек...» бөлімін қараңыз).
8. Қоқысқа тастау
- Бұл құрылғы қайта өңделмелі материалдарды пайдаланып өндірілген. Ыдыс жуу машинасын
қайта өңдеу пунктіне өткізуді шешсеңіз, ол қоқыстарды тастау бойынша жергілікті ережелерге
сəйкес тасталуы қажет. Қуат сымын кесу арқылы құрылғыны қолданыстан шығарыңыз.
Балалардың зақымдалуы ықтимал жағдайларын болдырмау үшін (мыс., тұншығу қаупі),
есіктің құлпын енді жабылмайтындай бұзып тастаңыз.
- Бұл құрылғы Электрлік жəне
электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша
2002/96/EC Еуропалық директивасына сай белгіленген. Құрылғының тиісті түрде қайта өңдеу
пунктіне өткізілуін қамтамасыз ете отыра, қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы үшін
ықтимал зиянның салдарын алдын алуға көмектесе аласыз. Тұрмыстық қоқыс сияқты
осындай түрдегі құрылғыны тиісті түрде қоқысқа тастамау қоршаған ортаға кері əсерін тигізуі
мүмкін. Құрылғыдағы немесе
құрылғымен берілген құжаттамадағы белгісі осы өнімнің
тұрмыстық қоқыс ретінде өңделмеуі керек, бірақ электр жəне электрондық құрылғыларды
қайта өңдеуге арналған арнайы жинау орталығына өткізілуі тиіс екендігін көрсетеді. Қоқысқа
тастау əрекеті қоқыстарды тастау бойынша жергілікті ережелерге сəйкес орындалуы қажет.
Бұл құрылғыны өңдеу, қалпына келтіру жəне қоқысқа тастау бойынша қосымша ақпарат алу
үшін,
құзыретті жергілікті басқару органына, тұрмыстық қоқысты жинау қызметіне немесе
құрылғы сатып алынған дүкенге хабарласыңыз.
EО сəйкестілік бойынша декларациясы
Бұл құрылғы EО директивасының қауіпсіздік талаптарына сəйкес жасақталған, құрастырылған
жəне таратылған: 2006/95/CE, 89/336/CE, 93/68/CE жəне 2002/95/CE (RoHS директивасы).
Жүктеу сыйымдылығы:
13 ыдыс жинағы.
Егер ақаулықтар дұрыс қолданбау салдарынан орын алса, кепілдік қолданылмайды.
Компания техникалық өзгерістерді енгізу құқығына ие.