Instruction for Use

78
it
78
kz
суға салмаңыз. Дымқыл матамен сүртіп, құрғатыңыз.
Бумен тазалайтын жабдықты ешқашан пайдаланбаңыз.
Өткір пышақтарын тазалау үшін жабдықталған қылшақты
пайдаланыңыз.
КІРІСПЕ
Біздің өнімімізді сатып алғаныңыз үшін рақмет.
Осы құралды сатып алу арқылы сіз өнімділігі
жоғары құрылғыны таңдап алдыңыз.
Осы қол блендерінің екі арнайы функциясы бар:
қол блендері екі минуттан астам уақыт
үздіксіз жұмыс істегеннен кейін, өз жұмысын
автоматты түрде тоқтатады. Қайта іске қосу
үшін түймелерді басыңыз.
Осы құрылғы қолданысы анағұрлым ыңғайлы
және басқарылуы жақсырақ болу үшін,
толық араластыру қуатына жетпес бұрын
моторды ақырындап іске қосатын арнайы
БІРҚАЛЫПТЫ ІСКЕ ҚОСУ ФУНКЦИЯСЫМЕН
жабдықталған.
Осы пайдалану нұсқаулары әртүрлі үлгілерге
жарамды. Әртүрлі үлгілерге көрсетілген беттерде
шолу жасалған.
Осы құрылғыны дұрыс пайдалану жөніндегі
нұсқаулар орындалмаса, онда өндіруші қандай
да бір зақымдану салдарына жауап бермейді.
Пайдалану нұсқауларында әртүрлі үлгілер
сипатталуы мүмкін: қандай да бір айырмашылық
анық көрсетілген.
БӨЛШЕКТЕР МЕН
МҮМКІНДІКТЕР
Жабдықталатын қондырмалар үлгісі бойынша
өзгеше болуы мүмкін
СУРЕТ 1
1. Мотор бөлігі
2. Блендер қосымшасы
3. Стақан
4. Шапқыш қақпақшасы
5. Шапқыш пышағының жүзі
6. Шапқыш тегеші
7. Тағам итергіш
8. Ас үй комбайнының қақпақшасы
9. Ас үй комбайнының пышақ жүзі
10. Ас үй комбайнының тегеші
11. Ұсақтап кескіш
12. Ірілеп кесу жүзу
13. Жүздердің тірегі
14. Спиральді кескіш пышақтың итеру құралы
15. Ұсақтағышты итеру құралы
16. Жоғарғы қақпақ
17. Пышақтар
БІРІНШІ РЕТ ПАЙДАЛАНУ
АЛДЫНДА
Құрылғының сыртын жиналып қалған шаңнан
тазарту үшін абайлап сүртіп шығыңыз. Шаңды
дымқыл матамен сүртіңіз.
ӨНІМДІ ПАЙДАЛАНУ
БЛЕНДЕР ҚОНДЫРМАСЫ
СУРЕТ 1
Блендер қондырмасы сұйықтықтар мен
көкөністерді араластыру және тұздықтарды,
сорпалар мен балалар тамағын дайындау үшін
өте ыңғайлы.
1. Блендер қондырмасын қозғалтқыш бөлікке
бекіту үшін, оны коннектордың сол және оң
жағындағы екі кішкентай түйме шертілгенше
итеріңіз.
2. Жемістердің немесе көкөністердің сыртын
аршып не ортасын кесіп алып, ұсақтап
тураңыз. Содан кейін, жеміс немесе көкөніс
кесектерін өлшеуіш саптыаяққа салыңыз.
Әдетте, біркелкі араластыру үшін, тамақ пен
судың 2:3 пропорциясын сақтап, судың белгілі
бір мөлшерін қосу қажет. Қоспаның мөлшері
ыдыстың сыйымдылығынан аспауы қажет.
3. Құрылғыны розеткаға қосыңыз.
4. Қол блендерін тамаққа салып, қажетті
жылдамдықты таңдау үшін, жылдамдықты
реттейтін тетікті бұраңыз. ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін басып тұрғанда, блендер
араластыруды бірден бастайды. Максималды
жылдамдықта араластыру үшін біраз уақытқа
ТУРБО режим түймесін басып тұрыңыз.
СПИРАЛЬДІ КЕСКІШ ПЫШАҚТАРДЫҢ
ҚОНДЫРМАСЫ