Instruction for Use

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОҚУ ЖӘНЕ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ
KK
http: // docs. hotpoint. eu сайтынан толық пайдаланушы
нұсқаулығын жүктеп алыңыз немесе кепілдеме
кітапшасында көрсетілген телефон нөміріне қоңырау
соғыңыз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды
мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау
үшін сақтап қойыңыз.
Бұл нұсқаулар мен құрал барлық уақытта ұстану
қажет маңызды қауіпсіздік ескертулерін
қамтамасыз етеді. Өндіршуі осы қауіпсіздік
нұсқауларын ұстанбау, құралды дұрыс
пайдаланбау немесе басқару параметрлерін
дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаға ақаулық
үшін жауапты болмайды.
Кішкентай сәбилерді (0-3 жастағы) құрылғыға
жақындатпау керек. Үнемі бақылау болмаса, жас
ба л а ларды (3 - 8 жас тағ ы) қ ұ р ы лғ ы ғ а ж а қ ы н д ат п ау
керек. 8 жас және одан үлкен жастағы балалар
және физикалық, сезімдік немесе рухани
мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек
басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану
нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады.
Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Егер
қасында жетекшілік ететін ересек адам болмаса,
балалардың тазалау және жөндеу жұмыстарын
орындауына болмайды.
ЕСКЕРТУ: Құрал және оның қолжетімді
бөліктері пайдалану барысында қызады.
Қыздырушы элементтерді түртпес үшін абай
болу керек. Үздіксіз қарап отырмаған жағдайда 8
жасқа толмаған балаларды құрылғыдан алыс
ұстау керек.
ЕСКЕРТУ: Егер пісіретін беткі қабат шытынап
кетсе, пешті пайдаланбаңыз электр тоғы соғу
мүмкіндігі бар.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: заттарды пісіру
беттеріне қойып сақтамаңыз.
САҚТАНЫҢЫЗ: Пісіру процесі басқарылады.
Қысқа пісіру процесі үздіксіз басқарылу керек.
ЕСКЕРТУ: Тоң немесе сұйық маймен тамақ
пісірген кезде пешті қараусыз қалдыру қауіпті
болуы және өртке себеп болуы мүмкін. Отты
ЕШҚАШАН сумен өшіруге әрекеттенбеңіз:
құрылғыны өшіріп, отты қақпақ немесе өрт
сөндіру жапқышы сияқты нәрсемен бүркеңіз.
Пешті жұмыс беті немесе тіреуіш ретінде
пайдаланбаңыз. Барлық бөліктері толығымен
суымайынша, киімдеріңізді немесе басқа
жанатын заттарды құрылғыдан аулақ ұстаңыз -
өрт туу қаупі.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
САҚТАНЫҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы
таймермен немесе бөлек қашықтан басқару
жүйесімен пайдаланылуға арналмаған.
Бұл құрылғы тұрмыстық және соған ұқсас
қолданыстарда пайдаланылуға арналған,
мысалы: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс
орталарындағы қызметкерлерге арналған
асхана аумақтары; шаруашылық ғимараттары;
қонақ үйлердің, мотельдердің, шағын
мейманханалардың және басқа тұрғын
жайлардың клиенттерінің пайдалануы.
Басқа қолданыстарға рұқсат жоқ (мысалы,
бөлмелерді жылыту).
Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға
арналмаған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз.
ОРНАТУ
Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және
орнатуы керек - жарақат алу қатері. Қорабынан
шығарып, орнату үшін қолғап киіңіз - қолыңызды
кесіп алу қатері.
Орнатуды, соның ішінде сумен жабдықтауды
(егер болса) және электр сымдарын жалғауды
білікті техник маман жүзеге асыруы керек.
Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе
ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы
нұсқаулығында солай деп жазылмаса. Құрылғы
орнатылатын жерге балаларды жақындатпаңыз.
Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның
тасмалдау барысында зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз. Ақау пайда болған кезде дилерге
немесе жақын жердегі тұтынушыларға қолдау
көрсету қызметіне хабарласыңыз. Орнатылғаннан
кейін орауыштың қалдықтарын (пластик, көбікті
полистирол т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтау керек - тұншығып қалу қатері. Кез
келген орнату жұмысының алдында құрылғыны
қуат көзінен ажырату қажет - электр тоғы соғу
қатері. Орнату барысында құрылғының қуат
сымына нұқсан келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз -
өрт шығуы немесе электр тоғы соғу қатері.
Құрылғыны тек орнату аяқталған соң іске
қосыңыз.
Құрылғыны жиһазға салмас бұрын, барлық
шкафты кесу жұмысын орындап, ағаш қиқымдары
мен ұнтақтарын алып тастаңыз.
Құрлығы пештің алданыда орнатылмаған
кезде,оның астындағы бөлікке бөлгіш тақта
(құрылғымен бірге келмейді) орнату қажет.
ЭЛЕКТРИКАЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР
Құрылғының ашасына қол жеткізу мүмкін
болған жағдайда, розеткадан суыру арқылы
немесе электр сымдар жүйесі ережесімен
бойынша ол розеткадан жоғары орнатылған көп
полюсті қосқыштың көмегімен қуат көзінен
ажыратыла алатын болуы керек және ұлттық
электр қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес
құрылғыны жерге тұйықтау қажет.
Ұзартқыштарды, бірнеше розетканы немесе
адаптерлерді пайдаланбаңыз. Электр құрамдастары

Summary of content (8 pages)