Instruction for Use

68
it
68
kz
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОҚЫЛЫП, ОРЫНДАЛУЫ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны қолданбас бұрын мына қауіпсіздік нұсқауларын оқып
шығыңыз. Оларды кейін қарап тұру үшін жақын жерде ұстаңыз. Бұл
нұсқауларды www.whirlpool.eu сайтынан да алуға болады.
Осы нұсқаулар пен құрылғының өзінде әрқашан орындалуы тиіс маңызды
қауіпсіздік нұсқауы беріледі. Өндіруші осы қауіпсіздік нұсқауларын орындамау,
құрылғыны тиісті түрде қолданбау немесе басқару элементтерін дұрыс
орнатпауға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас тартады.
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
Жасы тым кіші балалар (0–3 жас) құрылғыдан аулақ ұсталуы керек. Жасы кіші
балалар (3–8 жас) үнемі қадағаланбаса, құрылғыдан аулақ ұсталуы керек.
8 жасқа толған балаларға және дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеті
төмен, я болмаса тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға осы құрылғыны
басқа адам бақылап тұрған кезде немесе құрылғыны қауіпсіз түрде
қолдану бойынша нұсқама берілген және олар құрылғыны қолдануға
қатысты қауіптерді түсінген жағдайда ғана қолдануға болады. Балаларға
құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға құрылғыны бақылаусыз
тазалауға және оған қызмет көрсетуге болмайды.
ЕСКЕРТУ: Бұл құрылғыда/керек-жарақта УК-С жарығы
қолданылады. Жұмыс істеген кезде, жарыққа тікелей қарамаңыз,
себебі көзге зақым келуі мүмкін.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ҚОЛДАНЫС
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқарылуға арналмаған.
Бұл құрылғы үйде және оған ұқсас жағдайларда қолдануға арналған:
дүкендердегі, кеңселердегі және басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлердің
ас бөлмесінде; ферма үйлерінде; қонақ үйлеріндегі, мотельдердегі және басқа
да қонақ күту орындарындағы тұтынушылар тарапынан.
Осы құрылғы кәсіби мақсатпен қолданылуға арналмаған.
Құрылғыны сыртта қолданбаңыз.
Құрылғыны күл я қызып тұрған көмірді немесе кез келген басқа
ыстық затты сорып алу үшін қолдануға болмайды, себебі өрт шығу
қаупі төнеді. Құрылғыны сұйықтық немесе дымқыл заттарды сорып
алу үшін қолдануға болмайды, себебі ток соғу қаупі төнеді