Instruction for Use

74
it
74
kz
10. Шаң сауыты жинағын қайтадан негізгі
корпусқа орнатыңыз.
Сүзгілерді тазалау (Н)
Аса таза Нера сүзгісін (10) тазалау:
1. Суретте көрсетілгендей (9) шаң сауытындағы
тұтқадағы иінтірекпен сүзгі қақпағын (H3)
ашыңыз.
2. Аса таза Hepa сүзгісін үстінде көрсетілген
бағытпен бұрау арқылы сүзгіні шешіп алыңыз
(H4).
3. Судың күші тым жоғары болмауына назар
аудара отырып, сүзгіні су ағынында жуыңыз.
4. Су қабатталған жерлеріне параллель
ағатындай ұстаңыз.
5. Бөлшектерінің барлығы толығымен кепкенше
бөлме температурасында ұстаңыз.
6. Аса таза Hepa сүзгісін орнына орнатып,
қарама-қарсы ретпен жинаңыз.
Мультициклондық сүзгіні тазалау (13):
1. Шаң сауытын ашу үшін, жоғарғы шаң сауытын
суретте (G) көрсетілгендей бұрап, мотор
қақпағының (11) артындағы бұранданы шаң
сауытындағы (15) құлыпты ашу белгісіне
дәлдеңіз.
2. Мультициклондық сүзгіні (13) шығарып
алыңыз.
3. Судың күші тым жоғары болмауына назар
аудара отырып, сүзгіні су ағынында жуып,
тазалаңыз.
4. Бөлшектері кепкенше бөлме
температурасында ұстаңыз.
5. Сүзгіні шаң сауыты контейнерінің ішіндегі
арнайы корпусқа орнатыңыз.
6. Шаң сауыты контейнерінің қарама-қарсы
ретпен жабыңыз.
Электр жетегі бар щетканы тазалау (I)
Шаңсорғыштың электр жетегі бар щеткасын
тазаламас немесе оған қызмет көрсетпес бұрын,
ол розеткадан ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Тазаламас бұрын электр жетегі бар щетканы
әрдайым ажыратыңыз.
1. Щетка ролигі қақпағының бекітпесін (3) екі
бұранданы бұрап шығару арқылы ашыңыз.
2. Ролик қақпағын суретте (I) көрсетілген бағытқа
сәйкес алыңыз.
3. Тазалау үшін роликті қуысынан шығарып
алыңыз. Сумен тазаламаңыз.
4. Қарама-қарсы ретпен жинаңыз.
ҚОСЫМШАЛАР (F)
Екі функциялы керек-жарақ: Жіңішке ұш
Екі функциялы керек-жарақты суретте (F2)
көрсетілген орынға түскенше орнату арқылы
жіңішке ұшты қолдануға болады. Ол бұрыштарды,
қисық жерлерді және тазалануы қиын басқа
жерлерді тазалауға көмектеседі.
Екі функциялы керек-жарақ: Нәзік
беттерге арналған ұш
Екі функциялы керек-жарақты суретте (F3)
көрсетілген орынға түскенше орнату арқылы нәзік
беттерге арналған ұшты қолдануға болады. Ол
батарея, жиһаз, т.б. сияқты арнайы күтімді қажет
ететін беттерді тазалауға қолайлы. Оның арнайы
табиғи қылдары өте нәзік беттерді зақымдамай
тазалауға мүмкіндік береді.