Instruction for Use

67
KZ
Кептіргіш орнатылатын орын
• Кептіргішті газ
плиталарынан,
пештерден,
батареялардан
немесе тамақ пісіру
панельдерінен аулақ
жерге орнатыңыз,
себебі жалын оны
зақымдауы мүмкін.
Кептіргіш
үстелдің үстіңгі
тақтайының астына орнатылатын
болса, кептіргіш үстіңгі панелімен
одан жоғары орналасқан кез келген
нысандар арасында 10 мм аралық жəне
құрылғының бүйірлері мен қабырғалар
немесе жиһаздар арасында 15 мм
аралық болатынын қамтамасыз етіңіз.
Бұл тиісті ауа айналымының болуын
қамтамасыз етеді.
Құрылғыны артын қабырғаға тигізіп
орнату керек.
Желдету
• Кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезде бөлме тиісті
түрде желдетілуі қажет. Кептіргіш ылғалдылығы
жоқ жəне тиісті ауа айналымы бар бөлмеде
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Кептіру барысында судың
конденсациялануына мүмкіндік беру үшін кептіргіш
айналасындағы ауа ағыны өте маңызды; кептіргіш
жабық жерде немесе шкаф ішінде орнатылса, ол дұрыс
жұмыс істемейді.
! Кептіргіш кіші немесе суық бөлмеде қолданылса,
біраз конденсация түзілуі мүмкін.
! Кептіргішті шкаф ішіне орнату жөн
емес, алайда оны құлыпталатын есік,
сырғыйтын есік немесе топсасы кептіргіш
есігінің топсасына қарама-қарсы жақта
орналасқан есік артына ешқашан
орнатуға болмайды.
Су ағызу
Кептіргіш канализация құбырына жақын орнатылса,
суды осы құбырға қосуға болады. Бұл су ыдысын
босатып отыру қажеттілігін жояды. Кептіргіш кір жуғыш
машина үстінде немесе оның жанында орнатылған
болса, бір канализация құбырын ортақ пайдалануға
болады. Канализация құбырының биіктігі кептіргіштің
түбінен 3 дюймнен (1 метрден) аспауы керек.
Бар түтікті А суретінде көрсетілген жерден ағытып
алыңыз, ұзындығы қолайлы түтікті бекітіп, В суретінде
көрсетілген қосыңыз.
10 mm
15 mm
15 mm
! Кептіргіш тұрақты орнына қойылған кезде түтік
қысылып қалмауына немесе онда түйіндер пайда
болмауына көз жеткізіңіз.
1
2
2
1
Less than 1m
А суреті В суреті
Электр қосылымдары
Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын
төмендегі жағдайларды тексеріңіз:
Қолыңыз құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
Розетка жерге тұйықталған болуы тиіс.
Розетка техникалық деректер
тақтасында көрсетілген құрылғының ең
көп қуат шығысына төтеп бере алуы
тиіс (Кептіргіш сипаттамасын қараңыз).
Ток желісінің кернеуі техникалық
деректер тақтасында көрсетілген
мəндер ауқымында жатуы тиіс
(Кептіргіш сипаттамасын қараңыз).
Розетка құрылғының айырымен
үйлесімді болуы тиіс. Олай болмаса,
розетканы немесе айырды ауыстыру
керек.
! ҰЗАРТҚЫШ СЫМДАРДЫ
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
!Жабық жер болса да, кептіргішті сыртта
орнатпау қажет. Бұл құрылғыны жауын
мен найзағай астында қалдыру өте
қауіпті болуы мүмкін.
! Кептіргішті орнату аяқталғаннан кейін
ток сымы мен айыры қол жететін жерде
болуы керек.
! Ток сымын майыстыруға немесе оған
қысым түсіруге болмайды.
!Ауыстырылатын айыр балқытып
орнатылған түрлі болса, оны қауіпсіз
түрде тастау керек. Оны розеткаға қосуға
болатын жерде қалдырып КЕТПЕҢІЗ,
себебі ток соғу қаупі бар.{}
Орнату
! Кабельді жүйелі түрде тексеріп отыру
қажет. Ток кабелі зақымдалған болса,
қауіптің алдын алу үшін оны өндіруші,
оның қызмет көрсету бойынша өкілі
немесе сондай біліктілігі бар мамандар
ауыстыруы тиіс. (Көмек алу тарауын
қараңыз). Өкілетті сатушылар жаңа
немесе одан да ұзын ток сымдарын
қосымша бағада жеткізеді.
! Осы нұсқаулар орындалмаса, өндіруші
барлық жауапкершіліктен бас тартады.
! Жоғарыдағы көрсетілімдер туралы
күмəн бар болса, білікті электр маманға
хабарласыңыз.
Бастапқы ақпарат
Кептіргіш орнатылғаннан кейін, оны қолданбас бұрын
барабанының ішін тазалап, тасымалдау кезінде
жиналған кез келген кірді жойыңыз.
Сақтау жəне көлікпен тасымалдау
талаптары
Орамаланған құрғату машинасы табиғи желдетілген
кезде үй-жайда
80 %-дан аса ауаның ылғалдығы кезінде
сақталуы тиіс.
Егер құрғату машинасы ұзақ уақыттың ішінде
қолданылмаса жəне от жағылмайтын үй-жайда
сақталса, онда құрғату машинасынан барлық суды жою
қажет.
Құрғату машинасын көлікпен тасымалдау тік тұрған
жағдайда бекітумен, кез келген жабық автокөлікте кез
келген зақымдалулардан, автомобильдің қозғалыс
немесе ішіне құлаудан аулақ болуымен жүргізіледі
Көлікпен тасымалдау уақытында құрғату машинасын
соққыға ұшыратуға тыйым салынады.
Ең көп жүк өлшемдері: 8 kg
Техникалық ақпарат
Өнім Кептіргіш
Сауда белгісі
Өндірушінің сауда
белгісі
Модель IDCL G5 B H (EU)
Өндіруші Indesit Company
Өндіру елі (шыққан
жері)
Ұлыбританияда жасалған
Ең көп жүк 8 кг
Кернеу мен кернеу
ауқымының
номиналды мəні
220-240 В ~
Ток немесе ток жиілігінің
шартты белгісі
50 Гц
Тұтынылатын қуат 2300-2700 Вт
Қуат тұтыну класы B
Тұтынылатын қуаттың
орташа мəні
560,5 кВт/жыл
Ток соғудан қорғау
класы
I қорғау класы
Келесі электрондық
пошта мекенжайына
өтінім жіберіп,
куəландыру
туралы ақпарат
немесе сəйкестік
сертификаттарының
көшірмесін алуға
болады: cert.rus@
indesit.com.
Өндіру күнін
сериялық нөмірден
(С/н XXXXXXXXX *
XXXXXXXXXXX) келесі
жолмен табуға болады:
- С/н 1-саны өндіру жылының соңғы
саны,
- С/н 2- жəне 3-саны өндіру айының
реттік нөмірі,
- С/н 4- жəне 5-саны өндіру күнінің
реттік нөмірі.
Өндіруші құрылғының өнімділігіне əсер етпейтін дизайн
мен өнім параметрлеріне қатысты алдын ала ескертусіз
өзгеріс енгізу құқығын сақтайды. Осы нұсқаулықта берілген
кейбір параметрлер шамаланып көрсетілген. Өндіруші
осы мəндерден сəл ауытқуға жауапты болмайды. Бұл
кітапшадағы басып шығару немесе көшіру қателеріне
жауапты болмаймыз.
Өндіруші: Viale A. Merloni 47, 60044, Fabriano
(AN), Италия
Импорттаушы:
OOO “Indesit RUS”
Кез келген сұрақтарыңыз
болса, оларды төмендегі
мекенжайға хатпен
жолдаңыз:
01.01.2011 бұрын: Ресей, 129223,
Мəскеу, Мир даңғылы, ВВЦ, пав.
46; 01.01.2011 кейін: Ресей, 127018,
Мəскеу, Двинцев к-сі, 12-1