Instruction for Use

77
KZ
Опциялар
Опциялар таңдалған бағдарламаны өз қажеттіліктеріңізге қарай баптауға мүмкіндік береді.
Кешіктіріп бастау
Кейбір бағдарламалардың басталуын («Бағдарламалар және опциялар» тарауын қараңыз) 9 сағатқа дейін кешіктіруге
болады. Қажетті кешіктіру уақытын енгізу үшін түймені қайта-қайта басыңыз. Кешіктіріп бастауды орнатпас бұрын су
ыдысы бос және сүзгі таза екеніне көз жеткізіңіз.
Перне құлпы
Бағдарлама параметрлерінің өзгертілуін болдырмайды. Бағдарлама мен қолжетімді опцияларды таңдаған соң, екі опция
түймесін 3 секунд басыңыз («Кептіргіш сипаттамасы» бөлімін қараңыз)
Түймелер басылғанда ұзақ дыбыстық сигнал естіледі және опция түймелеріндегі жарық диодтары баяу екі рет
жыпылықтайды. Алдында таңдалған опциялардағы жарық диодтары жанып тұрады, бірақ оларды одан әрі өзгерту
мүмкін болмайды.
Егер белсенді ПЕРНЕ ҚҰЛПЫМЕН параметрлерді өзгертуге әрекеттенсеңіз, 3 қысқа дыбыстық сигнал естіледі және 3
жылдам жыпылықтау бағдарлама не опцияларды өзгерту одан әрі өзгерту мүмкін емес екендігі туралы ескертеді.
ПЕРНЕ ҚҰЛПЫ опциясын ажырату үшін опция түймелерін үш секунд басып тұрыңыз. ПЕРНЕ ҚҰЛПЫН барлық
бағдарламалармен таңдауға болады. ӨШІРУ күйі кептіргішті өшіреді.
жеңіл кептіру
нәзік киімдерді мұқият кептіруге арналған арнайы опция.
Бұл түймені төмен температура параметрін таңдау үшін басыңыз; түйме жанындағы шам қосылады. Бұл опцияны
белсендіру циклдердің ұзақтығын арттырады.
! Барлық бағдарламалар үшін барлық опциялар бар бола бермейді («Бағдарламалар және опциялар» тарауын қараңыз).
Есікті ашу
Бағдарлама орындалып жатқан кезде есік ашылса (немесе БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылса), кептіргіш тоқтайды
және төмендегілер орын алуы мүмкін:
• БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі қызғылт сары түспен жыпылықтайды.
• Кешіктіріп бастау іске қосылған кезде кешіктіру кері санағы жалғасады. «Кешіктіріп бастау» бағдарламасын жалғастыру
үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басу керек. Енгізілген кешіктіру уақытын білдіру үшін «Кешіктіріп бастау»
индикатор шамдарының бірі жыпылықтайды.
• Кешіктіріп бастау бағдарламасын жалғастыру үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басу керек. Орындалу барысының
индикатор шамдары орындалып жатқан кезеңді білдіреді және БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы жыпылықтауын
тоқтатып, жасыл түспен жанады.
• Кейінгі күтім фазасы белсенді болғанда, бұл кептіру бағдарламасы бұрыннан аяқталғанын білдіреді. БАСТАУ/ТОҚТАТА
ТҰРУ түймесін басу жаңа бағдарламаны басынан қайта іске қосады.
• Бағдарламаны таңдау тұтқасының көмегімен жаңа бағдарлама таңдалады және БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор
шамы жасыл түспен жыпылықтайды. Киімдер жеткілікті түрде құрғақ деп табылса, бұл процедураны киімдерді
салқындату мақсатында Салқын кептіру бағдарламасын таңдау үшін қолдануға болады.
Жаңа бағдарламаны бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз.
ЕЕСКЕРТПЕ: Ток өшіп қалса, құрылғыны өшіріңіз немесе айырды ағытыңыз. Кептіргіш әрекетін қайта іске қосу үшін
тұтқаны қалаулы позицияға бұраңыз (бағдарламаны іске қосу үшін ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймесін басыңыз). ӨШІРУ күйі
кептіргішті өшіреді.