Instruction for Use

САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ҦСЫНЫСТАР
! Кір жуғыш машина халықаралық қауіпсіздік нормативтеріне сәйкес жобаланған және
жасалған. Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жазылған осы ескертулермен мұқият танысып
шыққаныңыз дұрыс.
Жалпы қауіпсіздік талаптары
Осы кір жуғыш машина тек қана үйде пайдалануға арналған.
Кір жуғыш машинаны осы техникалық нұсқаулықта аталған ережелерді орындайтын,
тек қана ересектер пайдалануы тиіс.
Бұйымды су қолмен, жалаңаяқ немесе су киіммен ұстамаңыз.
Машинаны электр розеткасынан ажырату үшін желі кабелін тартпай, вилканы қолмен
ұстап ажаратыңыз.
Кір жуылып жатқан кезде кір жуғыш ұнтақты бӛлгішті ашпаңыз.
Тӛгілетін суға қолыңызды салмаңыз, ол ӛте ыстық болуы мүмкін.
Люкті күшпен ашуға болмайды, себебі машинаны кездейсоқ ашылудан сақтайтын
қорғаныс механизмі зақымдалуы мүмкін.
Зақымдалған, бүлінген жағдайда ӛз бетінше жӛндеу үшін машинаның ішкі
механизмдерін ашуға тыйым салынады.
Жұмыс істеп тұрған машинадан аулақта болғаныңыз дұрыс.
Кір жуу кезінде машинаның люгі қызып кетуі ықтимал.
Машинаны орнынан ауыстыру қажет болған жағдайда, оның салмағы ауыр
болғандықтан, аталған операцияны жалғыз емес, екеулеп мұқият орындау керек.
Жуылатын кірді машинаға салар алдында, барабан бос екеніне кӛз жеткізіңіз.
Кептіру процесінде кір жуғыш машинаның люгі қызып кетуі ықтимал.
Жанғыш ерітінділерді (мысалы, триелин) қосып жуған кірді автоматты түрде кептіру
құпталмайды.
Паралон бұйымдар мен соған ұқсас эластомерлерге автоматты кептіруді қолданбаңыз.
Кептіру кезінде су құбыры ашық болуын тексеріңіз.
Қайта ӛңдеп пайдаға асыру
Орау материалдарын жою: орау материалдарын қайта ӛңдеп пайдаға асыру үшін
жерглікті нормативтерді сақтаңыз.
Электронды және электр құралдарын қайта ӛңдеп пайдаға асыру туралы 2002/96/СЕ
Еуропалық директиваға сәйкес, электр құралдарын қаланың қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Істен шыққан құралдардың қайта ӛңделіп пайдаға асырылуын
оңтайландыру және рекуперациялау, сонымен қатар қоршаған орта мен денсаулық
қауіпсіздігі үшін, олар бӛлек жиналып сақталуы тиіс. Барлық құралдардағы сызылған
қоқыс салатын кәрзеңке белгісі оларды бӛлек жинап қайта ӛңдеу қажет екенін
ескертеді.
Тұтынушылар тұрмыстық электр құралдарын дұрыс қайта ӛңдеу туралы толығырақ
ақпаратты арнайы мемлекеттік ұйымдарда немесе дүкенде ала алады.