Қолдану нұсқаулықтары
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулықтары 4 Қоршаған ортаны сақтау 5 Электрлік байланыс тек Ұлы Британия мен Ирландия үшін 5 Қуатты үнемдеу кеңестері 6 Құрылғыны қолданар алдында 6 Сақтық шаралары және жалпы кеңестер 6 Кіріспе 7 Қолданыс 7 Басқару панелі 10 Жұмыс істеуі 11 Орнату ережелері 16 Орнату 18 Дабылдар және ақаулықтар кестесі 20 Техникалық сипаттамалары 21
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулықтары Түпкі нұсқаулықтар ағылшын тілінде берілген. Басқа тілдегі барлық нұсқаулықтар түпнұсқалық үлгіден аударылған. • ЕСКЕРТУ: құрылғы тұрақсыздығынан болатын қауіпті болдырмас үшін, орнату немесе бекіту шаралары өндірушінің нұсқаулықтарына сай етіп орындалуы тиіс. • ЕСКЕРТУ: құрылғының желдету саңылауларына ешнәрсе кедергі келтірмейтіндей етіп ұстаңыз. • ЕСКЕРТУ: құрылғының тоңазытқыш затының айналым түтіктерін зақымдап алмаңыз.
• Құрылғының тоқ сымын тартпаңыз • Құрылғыны екі немесе бірнеше адам қозғауы және орнатуы тиіс. • Орнату және күту, сонымен қатар қуат сымын ауыстыру шараларын өндіруші немесе білікті техник өндірушінің нұсқаулықтарына және жергілікті қолданыстағы қауіпсіздік ережелеріне сай орындауы тиіс. Қатерге ұшырамас үшін, пайдаланушы нұсқаулығында ерекше атап көрсетілген болмаса, құрылғының кез келген бөлшегін, соның ішінде қуат сымын жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды.
Қуатты үнемдеу кеңестері • Құрылғыны құрғақ, жақсы желденетін, кез келген жылу көзінен алшақ (мысалға, радиатор, пеш және т.б.) және күн көзі тікелей түспейтін жерге орнатыңыз. Қажет болса, оқшаулағыш тілімшені қолданыңыз. • Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін орнату нұсқаулықтарын орындаңыз. Құрылғыны қолданар алдында Құрылғыны мүмкіндігінше дұрыс пайдалану үшін, өнімнің сипаттамасы мен пайдалы кеңестері жазылған жұмыс істеу нұсқаулықтарын мұқият оқыңыз.
Кіріспе Жылдам тоңазытқыш - тағамды жылдам салқындату, тез мұздату және сусындарды тез салқындату үшін кәсіби саладан алынған құрылғы. Пісірілгеннен соң, жылдам тоңазытқыштың көмегімен тез салқындатылған өнімдер, өздерінің бастапқы жоғары сапасын 5/7 күн сақтаса, тез мұздатылған тағамдар, ерітілген жағдайда, езіліп кетпей өздерінің тығыздығы мен алғашқы дәмін сақтап қалады.
ЫҚТИМАЛДЫ ЖҰМЫС ІСТЕУ РЕЖИМДЕРІ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ “Термопіскімен” жұмыс істеу Термопіскі темір торда орналасатын, қосымша жабдықтармен бірге келген, тез салқындауға немесе тоңазытуға арналған өнімнің өзегіндегі температураны тексеруге арналған құрал. Сезгіш құрал өнімнің өзегіндегі температураның + 3°C (тез тоңазыту) or -18°C (тез мұздату) деңгейіне жеткенін хабарлаған кезде, тез тоңазытқыш сақтау тәртібіне ауысады.
Ауа бақылағышы жайлы мағлұмат Ауа бақылағышы (қолжетімді емес, көзге көрінбейді және пайдаланушы оны ауыстыра алмайды) камера ішіндегі ауа температурасын үздіксіз бақылап тұрады. Оның қызметтері: • қауіпсіздікті тексеру • тез тоңазыту мен тез мұздату айналыстарынан кейін, “сақтау тәртібі” кезінде камера ішіндегі тұрақты температураны ұстап тұру. Ыдыстар мен қақпақтар Барынша таяз яғни 65 мм аспайтын табақтар мен шұңғылдарды қолдануға кеңес беріледі.
Басқару панелі 1. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі, тең тоңазытуды қосыңыз және өшіріңіз 2. Ұзақтығы 270 минутке алдын ала орнатылған тез мұздату айналымын таңдаңыз. 3. “Уақыт” жұмыс тәртібін көрсететін белгі. 4. Айналымның таңдалған түрін көрсететін дисплей (SoF = Жұмсақ / HAR = Қатаң / FrE = Мұздату). Айналым “уақыт” тәртібінде тұрғанда қалған уақытты көрсету. Айналым “піскі” тәртібінде тұрғанда өткен уақытты көрсету. Сақтау айналымының басынан бастап өткен уақытты көрсету. 5.
Жұмыс істеуі Қосылу Құрылғыны қуат көзіне алғаш қосқанда, ол барлық белгілер мен дисплейлерді 3 рет жыпылықтату арқылы тексеріс жасайды. Содан кейін тек түймесі істеп тұрады және төменгі есік ашылып жабылады. Бұл кезде тез тоңазытқыш “күтілім” тәртібінде болады. Шыңылдап дыбыс шығаратын түймесін басып ұстап тұру арқылы тез тоңазытуды “күтілім” тәртібінен “дайын” тәртібіне ауыстырады, “Жұмсақ” айналымы әдепкі қалып бойынша көрсетіліп тұрады.
- “Жұмсақ” тез тоңазыту (+ 3°C) - “Қатаң” тез тоңазыту (+ 3°C) - тез мұздату (-18°C) - сусындарды салқындату (“Жұмсақ” айналым) 12
Сусындарды тез салқындату Машина іске қосылып және “дайын” режимінде болған кезде түймесін басыңыз. Түйме шамдары үздіксіз жанып тұрады және 4-ші дисплей “Жұмсақ” режимін көрсетеді, ал 5-ші дисплей 3 санын көрсетеді (3 = 3°C). 10/15 минут өткеннен соң түймесін басып, АЙНАЛЫМДЫ ҚОЛМЕН ТОҚТАТЫҢЫЗ. Тоңазытқыш “дайын” күйіне қайта келеді және сол кезде суыған сусындарды алып шығу мүмкін болады.
Күнделікті күтім Осы тараудағы ақпарат пен нұсқаулықтар машинамен жұмыс істейтін барлық қызметшілерге, оның ішінде, пайдаланушылар мен техниктерге арналған. НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ Тазалау және жөндеу шараларын қауіпсіз түрде жүргізу үшін келесі ережелерді орындаңыз: • машинаны қуат көзінен тоқ сымын тартпай ажыратыңыз; • қолыңыз не аяғыңыз жалаң, ылғал немесе су болған кезде машинаға тимеңіз; • қалқандар мен жылжымалы бөлшектер арасына бұрағыштарды, ас үй жарақтарын немесе басқа да заттарды салмаңыз.
Маңызды! Жібіту барысында пайда болған су мөлшерінен артық су АҒЫЗБАҢЫЗ. Кейінгі тазалауды ағызбаны жауып жасаңыз. Өңделетін тағамның гигиенасы мен қасиетінің қорғанысын қамтамасыз ету үшін камераның ішін жібіту барысынан кейін тазалау қажет. Камераның және ішкі бөлшектерінің пішіні олардың жуылуына кедергі емес; жуған кезде жұмсақ матаны немесе ысқышты және жұмсақ жуғыш затты қолдануды ұсынамыз.
Осы ауық-ауық жасалатын жұмысты буландырғыш қабырғаларын тігінен жұмсақ щеткамен сүрту арқылы жасауға болады. Егер олардың арасы май болса, алкогольке малынған щетканы пайдаланыңыз. Маңызды! Қайта қолданбас бұрын, құрылғының тұтастығын тексеріңіз және тез тоңазытқышты мұқият тазалап шығыңыз. Маңызды! Беттерін өткір немесе абразивті заттармен қырмаңыз! Жоғарыда айтылған жұмыстар кезінде қорғаныс қолғаптарын әрқашан қолданыңыз.
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ ТИЕУ/ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ Құрылғыны көлік құралына тиеу және одан түсіру жұмыстары тиісті жабдықпен жасалуы қажет (9 сурет) Маңызды! Құрылғыны тиеп-түсіру кезінде құрылғыға, адамдарға немесе мүлікке зақым келмес үшін, қаптамада көрсетілген барлық нұсқаулықтарды және қажетті сақтық шараларды орындау қажет. Сурет 9 ҚАПТАМАНЫ АШУ Қатырма қорапты ағаш тұғырға бекітіп тұрған екі пластик бауды қайшымен кесіңіз.
Орнату Бұл құрылғы дәстүрлі және қолданыстағы ережелерге, оқыстардың алдын алу заңдары мен ережелеріне толықтай сәйкестікпен орнатылып, тексерістен өтуі тиіс. ЭЛЕКТР ТОҒЫНА ЖАЛҒАУ Жабдықты орнатар алдында, қолданыстағы электр жүйесі заңға және орнатылатын құрылғының заттаңбалық кестедегі деректеріне сәйкес екендігіне көз жеткізіңіз (В, кВт, Гц, қолданыстағы қуат). Құрылғы ұзындығы 2,50 метр тоқ сымымен және 16А Шуко істікшесімен жабдықталған.
Тез тоңазытқышты сөреге бекіту үшін есікті ашыңыз және екі жақтағы ілме тесіктерге жету үшін астыңғы есікті көтеріңіз. Берлген 4 бұранданы бұраңыз (12 сурет) Маңызды! Орналастыратын жер іздегенде негізгі есік пен төменгі есіктің ашылуына жеткілікті кеңістік болғанын қадағалаңыз. Маңызды! Тоқ кабелі 2,5 метр болады және қызып кету мәселесіне байланысты ұзарту сымдарын немесе кабельдерін қолдану мүмкін емес. Тез тоңазытқышты орналастыру кезінде, тоқ ұяшықтарының орындарын да есепке алыңыз.
Дабылдар және ақаулықтар кестесі Түрі Себебі Шешімі Ақау1 Қате/ажыратылған камера пісігі Техникалық көмек шақырыңыз Ақау2 Термопіскі қателігі/ажыратылған Техникалық көмек шақырыңыз Есік алдындағы бөгеттер Кез келген бөгеттерді алып тастаңыз және + түймелерін бірдей басу арқылы қайта қосыңыз 2A Сақтандырғышы сынық Техникалық көмек шақырыңыз Ашу механизмі сынған/зақымданған Техникалық көмек шақырыңыз Ауа арнасы бітеу Бөгеттерді алып тастаңыз/конденсаторды тазалаңыз Тез тоңазытылатын тағамның
Техникалық сипаттамалар Кернеу 230 В - 1 - 50 Гц Тез тоңазыту айналымына арналған өнімнің мөлшері 7 кг Тез мұздату айналымына арналған өнімнің мөлшері 4 кг Темір тор сыйымдылығы 3 бірлік Жалпы қуаты 736 Вт Жалпы сіңімділігі 3,2 A Тоқ беру кабелі Ұзындығы 2,5 метр - Шуко істекшесі 16A Компрессор қуаты 313 Вт Тоңазытқыш газ түрі және мөлшері R 404 a - 540 гр Климаттық класс N Техникалық ақпарат тақтайшасының орны Техникалық ақпарат тақтайшасы Техникалық ақпарат тақтайшасы Стандартты жаб
Қаптама көлемі 755 685 660 Сымдарды қосу сызбасы Атаулары: B1 = Камера піскісі B2 = Термопіскі E1 = Тоқ қалқаншасы E2 = Басқару тақтайшасы F1 = Қуат сақтандырғышы F2 = Төменгі панель моторының сақтандырғышы HP = Жоғары қысым ауыстырғышы M1 = Компрессор M2/M3 = Конденсатор моторының желдеткіші M4 = Камера ішіндегі мотор желдеткіші M5 = Төменгі панель моторы R1 = Тор қыздыру элементі 22 Жалпы салмақ = 60 кг
Printed in Italy r 09/16 400011044723 KK