Health and safety

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОҚУ ЖӘНЕ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды
болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
Бұл нұсқаулар мен құрал барлық уақытта
ұстану қажет маңызды қауіпсіздік
ескертулерін қамтамасыз етеді. Өндіршуі
осы қауіпсіздік нұсқауларын ұстанбау,
құралды дұрыс пайдаланбау немесе басқару
параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде
туындаға ақаулық үшін жауапты болмайды.
Кішкентай сәбилерді (0-3 жастағы)
құрылғыға жақындатпау керек. Үнемі бақылау
болмаса, жас балаларды (3-8 жастағы)
құрылғыға жақындатпау керек. 8 жас және
одан үлкен жастағы балалар және
физикалық, сезімдік немесе рухани
мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны
тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз
пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін
пайдалана алады. Балалар құрылғымен
ойнамауы тиіс. Егер қасында жетекшілік
ететін ересек адам болмаса, балалардың
тазалау және жөндеу жұмыстарын
орындауына болмайды.
ЕСКЕРТУ: Құрал және оның қолжетімді
бөліктері пайдалану барысында қызады.
Жылыту элементтеріне қол тигізбеген дұрыс.
Үздіксіз қарап отырмаған жағдайда 8 жасқа
толмаған балаларды құрылғыдан алыс ұстау
керек.
Құрылғы зонд пайдалану үшін қолайлы
болса, осы пеш үшін ұсынылатын зонд
температурасын ғана қолданыңыз - өрт туу
қатері бар.
Барлық бөліктері толығымен суымайынша,
киімдеріңізді немесе басқа жанатын заттарды
құрылғыдан аулақ ұстаңыз - өрт туу қаупі.
Майлы тағамдарды пісіру немесе алкогольді
ішімдіктерді қосу кезінде жіті болыңыз - өрт
туу қаупі. Табалар мен бөлшектерді алу үшін
пеш қолғабын пайдаланыңыз. Тамақ пісіріп
болған соң қақпағын ашқан кезде абай
болыңыз, пешті ашпас бұрын жайлап буды
немесе ыстық ауаны шығарыңыз -күйіп қалу
қатері бар. Пештің алдындағы ыстық ауа
саңылауларын бітемеңі - өрт туу қаупі.
Майлы тағамдарды пісіру немесе
алкогольді ішімдіктерді қосу кезінде жіті
болыңыз - өрт туу қаупі.
Пеш есігі ашық немесе төмен қарап тұрған
қалыпта болған кезде, есікті соғып кетуден
абай болыңыз.
Тағамды құрғату барысында құралды
ешқашан назардан тыс қалдырмаңыз- өрт
туу қаупі.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы
таймермен немесе бөлек қашықтан басқару
жүйесімен пайдаланылуға арналмаған.
Бұл құрылғы тұрмыстық және соған ұқсас
қолданыстарда пайдаланылуға арналған,
мысалы: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс
орталарындағы қызметкерлерге арналған
асхана аумақтары; шаруашылық
ғимараттары; қонақ үйлердің, мотельдердің,
шағын мейманханалардың және басқа
тұрғын жайлардың клиенттерінің
пайдалануы.
Басқа қолданыстарға рұқсат жоқ (мысалы,
бөлмелерді жылыту).
Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға
арналмаған. Бұл құрылғыны сыртта
пайдаланбаңыз.
Құрылғының ішінде немесе жанында
жарылғыш немесе тұтанғыш заттарды
(мысалы, бензин немесе бүріккіш сауыттар)
сақтауға болмайды - өрт шығу қатері бар.
ОРНАТУ
Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы
және орнатуы керек - жарақат алу қатері.
Қорабынан шығарып, орнату үшін қолғап
киіңіз - қолыңызды кесіп алу қатері.
Орнатуды, соның ішінде сумен
жабдықтауды (егер болса) және электр
сымдарын жалғауды білікті техник маман
жүзеге асыруы керек. Құрылғыны ешбір
бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға
болмайды, егер пайдаланушы нұсқаулығында
солай деп жазылмаса. Құрылғы орнатылатын
жерге балаларды жақындатпаңыз.
Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның
тасмалдау барысында зақымдалмағанына
көз жеткізіңіз. Ақау пайда болған кезде
дилерге немесе жақын жердегі
тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне
хабарласыңыз. Орнатылғаннан кейін
орауыштың қалдықтарын (пластик, көбікті
полистирол т.с.с.) балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтау керек - тұншығып
қалу қатері. Кез келген орнату жұмысының
алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату
қажет - электр тоғы соғу қатері. Орнату
барысында құрылғының қуат сымына нұқсан
келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз - өрт шығуы
немесе электр тоғы соғу қатері. Құрылғыны
тек орнату аяқталған соң іске қосыңыз.
Құрылғыны жиһазға салмас бұрын, барлық
шкафты кесу жұмысын орындап, ағаш
қиқымдары мен ұнтақтарын алып тастаңыз.
Пештің жұмыс бетпейі мен жоғарғы шеті
арасындағы кішкентай саңылауды бітемеңіз
KZ