Instruction for Use

6
ОРНАТУ
Құрылғыны екі немесе бірнеше адам қозғауы
жəне орнатуы тиіс.
Еденге (мысалы: паркет) зақым келтірмеу үшін
құрылғыны жылжытқан кезде сақ болыңыз.
Орнату барысында құрылғының тоқ сымына
зақым келтірмеуін қадағалаңыз.
Құрылғының жылу көзінің жанында
орналаспағанына көз жеткізіңіз.
Қажетті желдетуді қамтамасыз ету үшін
құрылғының екі жағында жəне төбесінде бос
кеңістік қалдырыңыз жəне орнату
нұсқаулықтарын орындаңыз.
Құрылғының желдету қуыстарын ашық күйде
қалдырыңыз.
Құрылғының тоңазытқыш затының айналым
түтіктерін зақымдап алмаңыз.
Құрылғыны оның салмағын көтере алатын
мейілінше мықты еденге жəне оның көлемі мен
қолданысына сай жерге түзу орнатыңыз.
Құрылғыны құрғақ əрі жақсы желденетін жерге
орнатыңыз. Бұл құрылғы техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген климаттық класқа
сəйкес төмендегі ауқымдағы температурасы бар
жерлерде жұмыс істеуге арналып жасалған.
Құрылғы көрсетілген ауқымнан тыс
температурада ұзақ уақыт қалып қойса, дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Техникалық кестеде көрсетілген кернеу мөлшері
сіздің үйіңіздегі кернеуге сай екеніне көз
жеткізіңіз.
Жалғыз/көп көзді бейімдеуіштерді немесе
ұзартқыш сымдарын қолданбаңыз.
Суды жалғау үшін жаңа құрылғымен бірге
жүретін түтікті қолданыңыз; əуелгі құрылғының
түтігін қолданбаңыз.
Қуат сымын өзгертуді немесе ауыстыруды
білікті қызметкерлер немесе Кепілді қызмет
көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғыны қуат көзінен ашасын суыру арқылы
немесе ұяшықтың жоғары жағынан орнатылған
электр желісінің екі полюсті қосқышының
көмегімен ажырату мүмкін болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК
Ішінде жанғыш заты бар бүріккіш қалбырлар
сияқты жарылғыш заттарды осы құрылғының
ішінде сақтауға болмайды.
Осы немесе өзге де электр құрылғыларының
айналасында жанармайды, тұтанғыш
сұйықтықтарды немесе газдарды сақтамаңыз
жəне қолданбаңыз.
Бұлар өрттің немесе жарылыстың түрткісі
болуы мүмкін.
Жібіту үрдісін жылдамдату үшін өндіруші
ұсынған құралдардан басқа механикалық,
электрлік немесе химиялық құралдарды
қолдануға болмайды.
Егер Өндіруші электр аспаптарының белгілі бір
түрлерін арнайы рұқсат етпеген болса, оларды
құрылғы камераларының ішінде қолдануға
немесе қоюға болмайды.
Бұл құрылғы іс-қимыл, сезіну, ойлау қабілеті
мен мүмкіндіктері шектелген немесе тəжірбиесі
мен білімі жоқ адамдардың (балалар)
қолданысы үшін арналмаған, олардың
қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғы
қолданысына қатысты нұсқау беріп, қадағалаған
жағдайда ғана олардың қолдануына рұқсат
етіледі.
Балалардың қамалып қалуын жəне тұншығып
қалуын болдырмас үшін, оларға құрылғымен
ойнауға жəне оның ішіне тығылуға тыйым
салынады.
Мұз сауыттарының ішіндегіні (уытты емес)
жұтып қоюға болмайды (кейбір үлгілерде).
Мұз текшелерін немесе мұз таяқшаларын
мұздатқыштан алған бетте пайдалануға
болмайды, себебі олар үсік шалуға əкелуі
мүмкін.
ҚОЛДАНЫС
Кез келген техникалық қызмет көрсету немесе
тазалау жұмыстарын жүргізбес бұрын, құрылғы
істікшесін суырып, қуат көзінен ажыратыңыз.
Автоматты мұз жасағышымен жəне су
диспенсерімен жабыдқталған барлық
құрылғылар тек ауыз суын қамтамасыз ететін су
құбырына жалғануы тиіс (су желісінің қысымы
0,17 жəне 0,81 МПа (1,7 жəне 8,1 бар)
аралығында болуы тиіс). Су құбырына тікелей
жалғанбаған автоматты мұз жасағыштарына
жəне/немесе су диспенсерлеріне тек ауыз суын
ғана құю қажет.
Тоңазытқыш бөлімше тек жас тағамды сақтау
үшін, ал мұздатқыш бөлімше тек мұздатылған
азық-түлікті сақтау, жас тағамды мұздату үшін
жəне мұз текшелерін қатыру үшін
пайдаланылады.
Ішіне сұйықтық құйылған шыны ыдыстарын
мұздатқыш бөлімшесінде сақтамаңыз, себебі
олардың сынып кетуі мүмкін.
Оралмаған азық-түлікті тоңазытқыш немесе
мұздатқыш бөлімшелердің ішкі беттеріне
тікелей жанастырып сақтамаңыз.
Егер жоғарыда көрсетілген кеңес пен сақтық
шаралары орындалмаса, Өндіруші кез келген
жауапкершіліктен бас тартады.
Климаттық класс Қорш. Т. (°C) Қорш. Т. (°F)
SN 10 - 32 50 - 90
N 16 - 32 61 - 90
ST 16 - 38 61 - 100
T 16 - 43 61 - 110
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер