Instruction for Use

8
Басқару панелінде температура диспейлі бар инновациалық электрондық басқару жүйесі үш
бөлімшедегі температураны тұрақты етіп ұстап тұрады. Ол сондай-ақ, пайдаланушыға түрлі
қызметтерді қалауынша реттеу арқылы басқару жүйесімен өзара əрекеттесуіне жəне/немесе
құрылғы зақымданған кезде əртүрлі аудио/визуалды дабылдарды жасап шығаруына мүмкіндік
береді.
Электрондық басқару
Басты басқару панелі
1
Құрылғы түймесі
Құрылғыны толықтай өшіруге жəне қосуға мүмкіндік
береді (үш секунд бойы басыңыз).
2
Тағамдар бары
Тағамдар барын жеке түрде қосуға немесе өшіруге
мүмкіндік береді (3 секунд бойы басыңыз)
3
Мəзір
Құрылғының қызметтер мəзірін ашуға болады.
4
Жоғары/төмен
Шарап қоймасы
Жоғары жəне Төмен түймелерін қолданып,
тоңазытқыштың орнатылған температурасын өзгертуге
жəне интерактивті мəзірді шарлауға болады.
5
Дисплей
Шарап қоймасының температурасын, көп температуралы
бөлімшенің температурасын, күнді, уақытты, мəзір
қызметтерін жəне визуалды хабарламаларды көрсетеді.
6
Жоғары/Төмен
(Үш режимі)
Жоғары/Төмен түймелерін таңдау арқылы орнатылған
температураны таңдалған қызмет режиміне сəйкес
өзгертуге болады (мұздату, тоңазыту, Динамикалық 0°).
7
Енгізу
Мəзірде жасалған іске қосу немесе істен шығару таңдауын
растайды.
8
Дабыл
Мұзды автоматты түрде өндіру қызметін іске қосуға
немесе істен шығаруға мүмкіндік береді.
9
Жарық
Шарап қоймасын жəне тағамдар барын есік жабылып
тұрған кезде жарықтандыруға мүмкіндік береді. Іске
қосылғаннан кейін, жоғарғы бөлімшенің жарығы 6
сағаттан соң автоматты түрде өшеді.