Бөлме ауа кондиционерін Орнату нұсқаулығы
O1 O073 RU I O1 O093 RU I O1 O123 RU I O1 O183 RU I O1 O243 RU I IN O073 RU I IN O093 RU I IN O123 RU I IN O183 RU I IN O243 RU I
Орнату нұсқаулығыe KZ Қазақ тіл, 1 МАЗМҰНЫ Қауіпсіздік Шаралары, 3 Бағдарламаны орнату нұсқаулары, 5 Орнату тақтасын бекіту, 8 Қабырғада тесік тесу, 10 Ішкі құрылғыға кабель жалғау, 11 Жалғайтын түтік пен ағызу жүйесін орнату, 13 Сыртқы Құрылғыны Орнатуға Қатысты Сақтық Шаралары, 16 Ағызу иінін орнату, 16 Салқындатқыш сұйықтық түтігін жалғау, 17 Сыртқы құрылғыға кабель жалғау, 18 Ауа үрлеу және құрылғы жұмысын тексеру, 19 1
2
Орнату нұсқаулығыe АБАЙ БОЛЫҢЫЗ • • • • • • • • Өнімді орнатпас бұрын осы орнату нұсқаулығын толығымен оқып шығыңыз. Қуат кабелі зақымдалған болса, оны тек өкілетті қызметкерлер ауыстыруы керек. Орнату жұмысын тек өкілетті қызметкерлер ұлттық электр жалғау стандарттарына сәйкес орындауы қажет. Осы құрылғыны жөндеу, оған техникалық қызмет көрсету және орнату үшін өкілетті қызмет көрсету маманына хабарласыңыз.
Орнату нұсқаулығыe Қауіпсіздік Шаралары Өнімді орнатпас бұрын осы орнату нұсқаулығын толығымен оқып шығыңыз Орнату жұмысын тек өкілетті қызметкерлер ұлттық электр жалғау стандарттарына сәйкес орындауы қажет. Кернеу мен жиіліктің техникалық сипаттамалар жапсырмасындағы жиілікпен бірдей екеніне көз жеткізіңіз. Нұсқауларды елемеу салдарынан дұрыс пайдаланбау нәтижесінде зиян келтіру мүмкін.. - Ауырлығы төмендегі көрсеткіштермен жіктеледі.
Орнату нұсқаулығыe 8)Қуат кабелінің ұзындығын өзгертуге не ұзартқыш қолдануға және басқа электр құрылғылар қосылатын розеткаға қосуға болмайды. Әйтпесе, өрт шығуы не ток соғуы мүмкін. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ 1) Бұл жабдықты жерге тұйықтау және жерге тұйықтайтын тізбек үзгішімен орнату қажет. Жерге тұйықтау дұрыс болмаса, ток соғуы мүмкін. 2) Құрылғыны жанғыш газ шығуы мүмкін жерге орнатуға болмайды. Газ шығып, айналасындағы құрылғыда жиналса, өрт шығуы мүмкін.
Орнату нұсқаулығыe Бағдарламаны орнату нұсқаулары 1. Ең тиімді орынды таңдау Ішкі құрылғы • • • • • • • • Құрылғы жанында ешқандай жылу көзі не ағыны болмауы керек. Ауа айналымына кедергі жасайтын заттар болмауы керек. Бөлмеде ауа айналымы жақсы жерге орнатқан дұрыс. Су ағызу жүйесін оңай орнатуға болатын жер. Шуылды азайту ескерілген жер. Құрылғыны есікке жақын жерде орнатуға болмайды. Көрсеткілермен белгіленген қабырға, төбе, дуал және басқа кедергілерге дейінгі аралықтарды қамтамасыз ету керек.
Орнату нұсқаулығыe 7
Орнату нұсқаулығыe КЕРЕК-ЖАРАҚТАР Нөмір Керек-жарақтардың атаулары Саны 1 Орнату тақтасы 2 Қысқыш анкер 3 Өздігінен ойғыш бұранда A ST3.9x25 1 5-8 (модельге байланысты) 5-8 (модельге байланысты) 4 5 6 7 8 9 10 Тығыздағыш (тек салқындатқыш әрі жылытқыш модельдерде): Ағызу иіні (тек салқындатқыш әрі жылытқыш модельдерде): Түтіктерді жалғау жинағы Сұйық тық жағы Сұйық тық жағы 1 1 Ф 6,35 Ф 9,52 Ф 9,52 Ф 12,7 Бөлшектерді сатып алу керек. Түтік өлшемі құрылғыларда әр түрлі болады.
Орнату нұсқаулығыe Орнату тақтасын бекіту ЕСКЕРТПЕ Құрылғы орнатылатын қабырға вибрациядан қорғайтындай берік әрі мықты болуы керек. Орнату тақтасын бекіту: 1) Орнату тақтасын айналасынан орын қалдыра отырып, қабырғаның құрылымдық бөліктеріне көлденең орнатыңыз. 2) Қабырға кірпіштен, бетоннан не соған ұқсас материалдардан жасалған болса, қабырғада диаметрі 5 мм бес не сегіз тесік тесіңіз. Тиісті орнату бұрандалары үшін қысқыш анкерлерді кіргізіңіз.
Орнату нұсқаулығыe 10
Орнату нұсқаулығыe Қабырғада тесік тесу 1) Орнату тақтасының сол және оң жақтары бойынша тесік орындарын анықтаңыз. Тесіктің ортасы жоғарыдағы сызбада көрсетілгендей арақашықтықты өлшеу арқылы анықталады. 2) 4>65 мм іші қуыс бұрғымен түтік тесігін тесіңіз. 3) Тесікті оң не сол жақтан тесіңіз; ол сыртқы қарай сәл еңкейген болуы керек. 4) Металл торды, металл тақтаны не осыған ұқсас материалды бұрғылаған кезде қабырға тесіктеріне арналған арна қолдану керек.
Орнату нұсқаулығыe Ішкі құрылғыға кабель жалғау Электр жұмыстары Бастапқы орнатуға қатысты электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері: 1) Қуат көзіне қатысты айтарлықтай қауіпсіздік мәселесі бар болса, техникалық мамандар ауа кондиционерін орнатудан бас тартып, клиентке мәселені шешу қажет екенін түсіндіруі қажет. 2) Қуат көзінің кернеуі номиналды кернеудің 90-110% ауқымында болуға тиісті.
Орнату нұсқаулығыe Morsettiera unità interna 13
Орнату нұсқаулығыe Жалғайтын түтік пен ағызу жүйесін орнату 1) Ағызу түтігін төмен еңкейтіп өткізіңіз. Ағызу түтігін суреттерде көрсетілгендей орнатуға болмайды. 2) Ұзартқыш ағызу түтігін жалғаған кезде, оның жалғанатын жерін қалқа түтікпен оқшаулау керек, әйтпесе ағызу түтігі салбырап тұрады.. Жалғайтын түтікті орнату 1) Сол жақтан және оң жақтан түтік жалғау үшін бүйірдегі панельден түтік жапқышын алып тастаңыз.
Орнату нұсқаулығыe Ішкі құрылғыны орнату 1) Түтікті қабырғадағы тесік арқылы өткізіңіз. 2) Ішкі құрылғыны орнату тақтасының жоғарғы жағына іліңіз (ішкі құрылғыны орнату тақтасының жоғарғы шетіне бекітіңіз). Солға және оңға жылжытып көру арқылы ілмектер орнату тақтасына дұрыс отырғызылғанына көз жеткізіңіз. 3) Ішкі құрылғы мен қабырға арасына тірегіш материал салу арқылы ішкі құрылғыны көтеріп, түтіктерді өткізуді жеңілдетуге болады. Түтіктерді өткізгеннен кейін оны алып тастаңыз.
Орнату нұсқаулығыe 16
Орнату нұсқаулығыe Сыртқы Құрылғыны Орнатуға Қатысты Сақтық Шаралары • • • • • • Жоғары шуыл деңгейін және вибрацияның алдын алу үшін сыртқы құрылғыны берік тұғырға орнатыңыз. Шығарылатын ауаға кедергі келмейтін ауа шығатын саңылау бағытын анықтаңыз. Теңіз жағалауы сияқты қатты жел болатын жерге орнатқан жағдайда, құрылғыны қабырға бойымен орнату немесе шаң я қалқа тақташаларын орнату арқылы желдеткіш дұрыс жұмыс істейтінін қамтамасыз етіңіз.
Орнату нұсқаулығыe Салқындатқыш сұйықтық түтігін жалғау Конус пішініне келтіру 1) Түтікті түтік кескішімен кесіңіз. 2) Ішкі және сыртқы құрылғыларға бекітілген конус пішінді сомындарды шешіп алыңыз, одан кейін қылауларды алып тастап сомындарды түтіктерге салып, түтіктерді конус пішініне келтіріңіз. 3) Мыс түтікті төмендегі кестеде көрсетілген өлшемдегі қалыпта мықтап ұстап тұрыңыз. Сыртқы диам. (мм) Ф 6,35 Ф 9,52 Ф 12,7 Ф 16 A(мм) Макс.
Орнату нұсқаулығыe Сыртқы құрылғыға кабель жалғау Бұранданы босату арқылы сыртқы құрылғыдан электр басқару тақтасының қақпағын шешіп алыңыз. Жалғағыш кабельдерді ішкі және сыртқы құрылғылардың нөмірлері тиісті ағытпаларға жалғаңыз. Кабельді басқару тақтасына кабель қысқышымен бекітіңіз. Су кіруіне жол бермеу үшін ішкі және сыртқы құрылғылардың орнату сызбасында көрсетілгендей, жалғағыш кабельдерден контур жасаңыз. 5) Қолданылмайтын кабельдерді (өткізгіштерді) ПВХ таспасымен оқшаулаңыз.
Орнату нұсқаулығыe Ауа үрлеу және құрылғы жұмысын тексеру ЕСКЕРТПЕ Жалғағыш түтік ұзындығы құрылғының өнімділігі мен қуат тұтыну тиімділігіне әсер етеді. Номиналды тиімділік 5 метрлік түтік ұзындығына негізделіп тексерілген. Ауа үрлеу Салқындатқыш сұйықтық жүйесінде ауа және ылғал болса, оның жағымсыз әсері болады. Сондықтан ішкі құрылғы және ішкі құрылғы мен сыртқы құрылғы арасындағы түтіктерді су/ауа жіберуге тексеру, сондай-ақ конденсацияланбайтын заттар мен ылғалды жүйеден шығару қажет.
Орнату нұсқаулығыe 5) Сорып шығару аяқталғаннан кейін коллектор клапанының төменгі тұтқасын толығымен жауып, вакуумды сорғыны өшіріңіз. 15 минут не одан көп сорып шығарыңыз да, күрделі санауышта -76 cmHg (1.0x105 Па) көрсетілгенін тексеріңіз. 6) В тығыздама клапанының штогын 6-7 секунд уақытқа 45°-қа сағат тіліне қарсы бағытта бұрап газ шығарыңыз да, одан кейін конус пішінді сомынды қайтадан қатайтыңыз. Қысым көрсеткішіндегі қысым атмосфера қысымынан сәл жоғары екенін қамтамасыз етіңіз.
Орнату нұсқаулығыe АБАЙ БОЛЫҢЫЗ A: Төменгі В тығыздама клапаны: жоғарғы С және D тығыздама клапандары ішкі құрылғы жалғауларының ұштары болып табылады. 4. Сынақ Конус пішінді сомын жалғанған жерлерде газ жіберуді және электр қауіпсіздікті тексергеннен кейін құрылғыны жұмысын сынап көріңіз. Барлық түтіктер мен сымдар дұрыс жалғанғанын тексеріңіз. Газ бен сұйықтық жақтарындағы қызмет көрсету клапандары толығымен ашық екенін тексеріңіз.
Орнату нұсқаулығыe 23
2014/01 ver. 1.0. Viale Aristide Merloni, 47 60044 Fabriano (AN) Italy www.indesitcompany.