Пайдаланушы нұсқаулығы
O1 O073 RU I O1 O093 RU I O1 O123 RU I O1 O183 RU I O1 O243 RU I IN O073 RU I IN O093 RU I IN O123 RU I IN O183 RU I IN O243 RU I
Пайдаланушы Нұсқаулығы KZ Қазақ, 1 Мазмұны I Қауіпсіздік шаралары, 3 Бөлшек атаулары, 4 Пайдалану нұсқаулары, 6 Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету, 9 Ақаулықтарды жою кеңестері, 11 1
АУА КОНДИЦИОНЕРІ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ Осы нұсқаулықты оқып шығыңыз. Оның ішінде ауа кондиционерін дұрыс қолдану және оған техникалық қызмет көрсету бойынша көптеген пайдалы кеңестер бар. Аз ғана алдын ала күтім көрсету арқылы ауа кондиционерін қолдану барысында уақытыңыз бен қаражатыңызды үнемдей аласыз. Ақаулықтарды жою кеңестерінің кестесінде жиі кездесетін мәселелерге жауап табуға болады. Ақаулықтарды жою кеңестерінің кестесін қарап шықсаңыз, қызмет көрсету бөліміне хабарласу керек болмауы мүмкін.
АУА КОНДИЦИОНЕРІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ I Пайдаланушы мен басқа адамдарды жарақаттамау және мүлікке залал келтірмеу үшін төмендегі нұсқауларды орындау қажет. Нұсқауларды елемеу салдарынан дұрыс пайдаланбау нәтижесінде зиян келтіру мүмкін. Ауырлығы төмендегі көрсеткіштермен жіктеледі. Бұл таңба өлім не ауыр жарақат қаупін білдіреді. ЕСКЕРТУ Бұл таңба жарақат не мүлікке АБАЙ БОЛЫҢЫЗ залал келтіру қаупін білдіреді Осы нұсқаулықта қолданылатын таңбаларды мағынасы төменде көрсетілген. Мүлдем тыйым салынған.
АУА КОНДИЦИОНЕРІ БӨЛШЕК АТАУЛАРЫ Дисплей Ион индикаторы (қосымша) Бұл индикатор CLEAN AIR (ТАЗА АУА) мүмкіндігі қосылған кезде жанады Жібіту индикаторы (Тек салқындатқыш және жылытқыш модель үшін) Бұл индикатор ауа кондиционері автоматты түрде жібіте бастағанда. Температураны индикаторы Ауа кондиционері жұмыс істеп тұрған кезде ағымдағы орнатылған температураны көрсетеді. Жұмыс индикаторы Индикатор ауа кондиционері жұмыс істей бастағаннан кейін жанып тұрады. Ішкі құрылғы 1. Алдыңғы панель 2.
АУА КОНДИЦИОНЕРІ Арнайы функция CLEAN AIR (ТАЗА АУА) функциясы (қосымша) Тордың позициясын есте сақтау функциясы (қосымша) Ішкі ауа сапасын жақсарту – ауа кондиционері мақсаттарының бірі. Бұл ауа кондиционері ионизатормен не Плазмалық шаң жинағышпен жабдықталады (модельдің конфигурациясына байланысты). Ионизатор түзетін аниондар көмегімен ауа кондиционерінің ауа айналымы бөлмені таза, табиғи әрі денсаулыққа пайдалы ауамен толтырады. Плазмалық шаң жинағыш жоғары кернеулі ионизация аумағын жасайды.
АУА КОНДИЦИОНЕРІ Ауа кондиционері басқару Ауа ағынының бағытын басқару Құрылғылар төтенше жағдайда жұмыс істеу режимін қосатын қосқышпен жабдықталады. Оған қол жеткізу үшін алдыңғы панельді ашу керек. Бұл қосқыш қашықтан басқару құралы жұмыс істемей қалғанда немесе техникалық көрсету қажет болған кезде қолданылады. ЕСКЕРТПЕ 1) Панельді бүйірлерінен ұстап, алдыңғы панельді бекітілгенше бұрып көтеріңіз.
АУА КОНДИЦИОНЕРІ Тік ауа ағыны бағытын орнату (жоғары-төмен) Бұл функцияны құрылғы жұмыс істеп тұрғанда іске асырыңыз. Ауа ағынының бағытын реттеу үшін қашықтан басқару құралын қолданыңыз. Көлденең торды басқан сайын 6°-қа жылжытуға немесе автоматты түрде жоғары және төмен бұрып отыруға болады. Мәлімет алу үшін “ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫН” қараңыз. Көлденең ауа ағыны бағытын орнату (солға-оңға) • Ауа ағынын қажетті жаққа бағыттау үшін тік торды қолмен жылжытыңыз.
АУА КОНДИЦИОНЕРІ Ауа кондиционері жұмысының принципі DRY (КЕПТІРУ) режимі • Кептіру барысында салқындату режимін не тек желдеткішті қосу және өшіру арқылы температура реттеліп отырады. Желдеткіш жылдамдығы LOW (ТӨМЕН) болады Оңтайлы режим Салқындату Жылыту AUTO (АВТО) режим • Ауа кондиционерін AUTO (АВТО) режимге орнатқан кезде, ол таңдалған температураға және бөлме температурасына байланысты салқындату, жылыту (салқындату/жылыту модельдерінде ғана) не тек желдету режимін автоматты түрде таңдайды.
АУА КОНДИЦИОНЕРІ Күтім және техникалық қызмет көрсету АБАЙ БОЛЫҢЫЗ • Ішкі құрылғы кірленсе, суық сумен ылғалдандырылған шүберекті қолдануға болады. Одан кейін құрылғыны сүртіп құрғату керек. • Құрылғыны тазалау үшін химиялық түрде өңделген шүберек қолдануға болмайды. • Тазалау үшін бензол, сұйылтқыш, жылтыратқыш ұнтақ не осыларға ұқсас еріткіштер қолдануға болмайды. Мұндай заттар қолданылса, пластмасса шатынауы не майысуы мүмкін.
АУА КОНДИЦИОНЕРІ Ұзақ уақыт өшіріп қоюға дайындау Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, төмендегі әрекеттерді орындаңыз: (1) Ішкі құрылғы мен сүзгілерді тазалаңыз. (2) Құрылғыны ішін кептіру үшін желдеткішті жарты күнге қосып қойыңыз. (3) Ауа кондиционерін өшіріп, токтан ажыратыңыз. (4) Қашықтан басқару құралынан батареяларды алып қойыңыз. Сыртқы құрылғыға жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету және оны тазалау қажет. Мұны өзіңіз атқаруға әрекеттенбеңіз.
АУА КОНДИЦИОНЕРІ АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ КЕҢЕСТЕРІ Қалыпты жұмыс кезінде төмендегі жағдайлар орын алуы мүмкін. Компрессор жұмыс істеп тұрғанда не жаңа ғана тоқтаған кезде шиқылдаған дыбыс та естілуі мүмкін. Ол – температура өзгерген кезде, пластмассадан жасалған бөліктердің жылудан кеңею және салқындаудан кішірею себебінен байқалады. Құрылғы қосылған кезде тор бастапқы қалпына келген кезде дыбыс шығуы мүмкін. 1. Ауа кондиционерін қорғау. 4. Ішкі құрылғыдан шаң шығады.
АУА КОНДИЦИОНЕРІ 8. Салыстырмалы ылғалдық жоғары болғанда, салқындату кезінде ішкі құрылғының бетінде су жиналуы мүмкін (салыстырмалы ылғалдық 80%дан жоғары болғанда). Көлденең торды максималды ауа шығару позициясына реттеп, ЖОҒАРЫ желдеткіш жылдамдығын таңдаңыз. 9. Жылыту режимі (тек салқындатқыш әрі жылытқыш модельдерде) Жылыту режимінде ауа кондиционері сыртқы құрылғыдан жылу тартып, ішкі құрылғы арқылы шығарады. Сыртқы температура төмендеген кезде, ауа кондиционері тартатын жылу тиісінше азаяды.
2014/01 ver. 1.0. Viale Aristide Merloni, 47 60044 Fabriano (AN) Italy www.indesitcompany.