Instruction for Use

IT
PL
RU
RO
KZ
GB
KK
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл нұсқаулар, сондай-ақ, келесі веб-сайтта қолжетімді болуы керек: docs.indesit.eu
СІЗДІҢ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ
Бұл нұсқаулық жəне құрылғының өзі оқылып, барлық кезде сақталуы тиіс маңызды қауіпсіздік хабарламаларын қамтиды..
Бұл пайдаланушыларды өздеріне жəне басқаларға төнетін мүмкін қауіптер туралы ескертетін қауіпсіздікке қатысты қауіпсіздік ескерту белгісі.
Барлық қауіпсіздік хабарламалары қауіпсіздік ескерту белгісін жəне келесі терминдерді қамтиды:
Болдырылмаған жағдайда ауыр жарақатты тудыратын қауіпті жағдайды білдіреді.
Болдырылмаған жағдайда ауыр жарақатты тудыратын қауіпті жағдайды білдіреді.
Барлық қауіпсіздік хабарламалары мүмкін қауіпті, жарақат алу мүмкіндігін азайту жолын түсіндіреді жəне нұсқау орындалмаған жағдайдың салдарын
хабарлайды.
- Кез келген орнату жұмыстарын орындаудан бұрын құрылғы қуат көзінен ажыратылуы тиіс..
- Орнату жəне техникалық күтім өндірушінің нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сəйкес білікті техник маман тарапынан жүзеге асырылуы тиіс.
Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген болмаса, құрылғының ешбір бөлшегін жөндемеңіз не ауыстырмаңыз.
Бұл нұсқаулықтағы ақпарат дəл орындалмаған жағдайда мүліктің зақымдалуы мен жарақатты тудыратын өрт немесе
жарылыс орын алуы мүмкін.
- Бұл құрылғының қасында жанармай немесе басқа жанғыш булар мен сұйықтықтарды сақтамаңыз немесе пайдаланбаңыз.
Газдың иісі сезілген жағдайда орындалатын əрекеттер:
- Кез келген құрылғыны жақпаңыз
- Ешбір электр қосқышын ұстамаңыз
- Ғимараттағы ешбір телефонды пайдаланбаңыз
- Көршілеріңіздің телефоны арқылы газ қызметімен дереу хабарласыңыз.Газ қызметінің нұсқауларын орындаңыз.
- Егер газ қызметімен хабарласа алмаңыз өрт сөндіру бөлімінен хабарласыңыз.
- Орнату жəне қызмет көрсету білікті орнатушыызметтік агенттік немесе газ қамтушысы тарапынан орындалуы тиіс.
- Құрылғыларды тек жеткілікті желдетілетін бөлмелерде ғана пайдаланыңыз.
Электрлік жəне газ қосылымдары жергілікті заңнамаға сəйкес болуы тиіс.
Пеш орнатылғанда толық ажыратуды қамтамасыз ететін контакт бөлуі кем дегенде 3 мм болатын көп
полюсті тізбек ажыратқышын қамтамасыз етіңіз.
Ереже бойынша құрылғының жерге тұйықталуы талап етіледі.
Құрылғы қуат көзіне қосылуы үшін розеткаға салынатындай қуат кабелінің ұзындығы жеткілікті болуы тиіс.
Газ қосылымы үшін тек икемді немесе қатты металл шлангіні пайдаланыңыз.
Қажет болса, электр қуатының сымы арнайы түрде өндірушінің түпнұсқалы жеткізілген сым сипаттамаларына
ұқсас қуат сымымен ауыстырыла алады. Бұл операция білікті электр маманы тарапынан орындалуы тиіс.
Өндіруші бұл ұсыныстарды орындамаған жағдайда орын алатын кез келген адам немесе жануарлардың
жарақаттары немесе мүлік зақымдалуы үшін жауаптан босатылады.
Бірнеше айырды адаптерлерді немесе ұзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз.
Қуат кабелін электр көзінен ажырату үшін оны тартпаңыз.
Орнатудан кейін пайдаланушы электр құрамдастарына қатынаса алмауы тиіс.
Құрылғыны денеңіз су болған кезде ұстамаңыз немесе жалаң аяқ болғанда пайдаланбаңыз.
Бұл пеш (3-класс) жеке тұрмыстық мақсаттарда тағам дайындау үшін арналған. Бұл құрылғыны бөлмені
жылыту үшін жылытқыш ретінде пайдаланбаңыз. Бұл тұншықтырғыш газбен улану немесе пештің шамадан
тыс қызуына əкелуі мүмкін. Өндіруші тиісінше пайдаланбау немесе басқару құралдарының дұрыс емес
параметрлері қолданылу жағдайында барлық жауапкершіліктен босатылады.
Құрылғы мен оның қолжетімді бөліктері пайдалану кезінде қызуы мүмкін. Қыздыру элементтерін ұстап
алмау үшін сақ болу қажет. Үздіксіз бақылауда болмайынша, 8 жастан кіші балалар алшақ болу керек. 8
жастан үлкен балалар жəне дене, сезу не ақыл қабілеттері шектеулі немесе тəжірибесі мен біліктілігі аз
адамдар бұл құрылғыны біреудің бақылауында қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқауларды алған жəне
ықтимал қатерлерді түсінген жағдайда ғана оны пайдалана алады. Олар құрылғымен ойнамау қажет.
Балаларға тазалау жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бақылаусыз орындауға рұқсат бермеңіз.
Газ құрылғысын пайдалану бөлмеде жылу жəне ылғалдылықтың түзілуін тудырады. Бөлменің тиісінше
желдетілуіне көз жеткізіңіз немесе сору мұржасы бар қақпақты пайдаланыңыз.
Үй жануарлары құрылғыдан алшақ ұсталуы тиіс.
ҚАУІП
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
ГАЗ ПЛИТАСЫ
400011188022

Summary of content (6 pages)