Use and care guide

KZ
15
ТАҒАМДЫ САҚТАУ КЕҢЕСТЕРІ
ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ
Тоңазытқыш - дайын тамақ, балғын және
консервіленген тағамды, сүт өнімдері, жеміс
және көкөністер мен сусындарды сақтау үшін
ыңғайлы орын.
АУА ЦИРКУЛЯЦИЯСЫ
Ауаның тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі
табиғи циркуляциясы түрлі температуралы
аймақтардың түзілуін тудырады. Жеміс және
көкөніс сақтау бөлімінің үстінде және артқы
қабырға аймағы аса суық. Бөлімнің жоғарғы
алдыңғы жағы аса жылы.
Желдетудің жеткіліксіздігі қуат тұтынылуының
артуына және тоңазытқыш өнімділігінің
азаюына әкеледі.
Ауа саңылауларын тамақпен немесе басқа
нәрселермен жаппаңыз - олар дұрыс
ауа айналымын және тағамды сақтауға
болатындай етіп оңтайландырылған.
ЖАС ТАҒАМДЫ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ ЖОЛЫ
Тағамды салу үшін қайта өңделетін пластик,
металл, алюминий және шыны ыдысты,
сондай-ақ асүй үлдірін пайдаланыңыз.
Сұйық және иіс шығаруы не сіңіруі мүмкін
тағамды салу үшін әрқашан жабық ыдысты
пайдаланыңыз немесе бетін жабыңыз.
Этилен газының үлкен мөлшерін беретін
және осы газға сезімтал жеміс, көкөніс және
салат сияқты тағамдардың сақтау мерзімін
қысқартпау мақсатында оларды бөлек орап
сақтау керек; мысалы, қызанақтарды киви
жемісімен және орамжапырақпен бірге
сақтамаңыз.
Жеткілікті ауа айналымын қамтамасыз ету
үшін тағамды бір-біріне жақын сақтамаңыз.
Бөтелкелердің құлауына жол бермес үшін,
бөтелке ұстатқышты пайдалана аласыз.
Егер тоңазытқышта сақталатын тамақтың
мөлшері аз болса, жеміс-жидек пен көкөніс
сақталатын бөлімшенің үстіндегі сөрені
пайдаланған жөн, себебі, бұл - бөлімшедегі ең
суық аймақ.
Ауа саңылауларын тамақпен жауып
тастамаңыз.
ЖАС ТАҒАМДЫ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ ОРНЫ
Тоңазытқыш сөрелерінде: дайын тамақ,
тропикалық жемістер, ірімшіктер, деликатес.
Ең салқын аймақта (жеміс-жидек пен көкөніс
жәшігінің үстіндегі): ет, балық, ет тілімдері, торт
Жеміс-жидек пен көкөніс сақталатын ыдыста:
жеміс, салат, көкөніс.
Есікте: нан, тосап, қатық, тұздық,
консервілер, бөтелкелер, сусындар, жұмыртқа.