Instruction for Use

KZ
15
Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар
Орнату
Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқанда
сақ болу керек.
Техникалық сипаттамаларды өзгерту
немесе өнімді кез келген жолмен
өзгертуге әрекет жасау қауіпті.
Құрылғы электрмен қамту кабелінде
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Бұл құрылғыны орнату үшін қажет
кез келген электр жұмысын тек білікті
электрик немесе білікті тұлға жүзеге
асыруы керек.
Қызатын бөліктер ашық болмауы
керек. Мүмкін болса, құрылғының арты
қабырғаға жақын болуы, бірақ орнату
туралы нұсқауларда айтылғандай
желдету үшін қажет қашықтықты
қалдыруы керек.
Салқындатқыштың отыруына мүмкіндік
беру үшін орнатудан кейін қоспай тұрып
құрылғыны бірнеше сағатқа қалдыру
керек.
Балалар қауіпсіздігі
Балаларға басқару тетіктерін шұқылауға
немесе өніммен ойнауға жол бермеңіз.
Пайдалану кезінде
Бұл құрылғы тек үйде пайдалануға, атап
айтқанда, тек жеуге болатын тамақты
сақтауға арналған.
Қатырылған тамақты еріткеннен кейін
қайта қатырмау керек.
Газдалған немесе көпіршікті сусындарды
мұздатқышқа қоймаңыз.
Мұздатқыштан ала салып жесе,
мұз кәмпиттер «аяздан/мұздатқыш
күйіктерін» тудыруы мүмкін.
Қолдарыңыз ылғалды болса,
мұздатқыштан заттарды алмаңыз,
өйткені бұл теріні жыруларға немесе
аяздан/мұздатқыш күйіктеріне әкелуі
мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Кез келген тазалау немесе техникалық
қызмет көрсету жұмысын орындау
алдында құрылғыны өшіріңіз және
розеткадан ажыратыңыз.
Мұзды қырып кетіру үшін үшкір
құралдарды пайдаланбаңыз. (Еріту
туралы нұсқауларды қараңыз).
Құрылғының қызмет көрсету мерзімінің
соңында
Құрылғыны қоқысқа лақтырғанда рұқсат
етілген лақтыру орнын пайдаланыңыз.
Жас балалардың ішінде ұсталып қалуын
болдырмау үшін ашаны суырыңыз және
барлық құлыптар немесе ілгектер алып
тасталғанына көз жеткізіңіз.
Қоқысқа лақтыру
Қайта өңдеу мақсатында орам материалын қоқысқа
лақтырғанда жергілікті қоршаған орта стандарттарын
сақтаңыз.
Электрлік және электрондық жабдықтарды жою
(WEEE) туралы Еуропалық директива 2002/96/
ЕБ тұрмыстық электр аспаптары қарапайым
сұрыпталмаған қоқыстар сияқты жойылмауын
талап етеді. Құрамындағы материалдарды қалпына
келтіруді және қайта өңдеуді оңтайландыру және
адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерді
азайту үшін ескі құрылғыларды бөлек жинау керек.
Өнімдегі үсті сызылған «қоқыс контейнері» белгісі
құрылғыны жойғанда оны бөлек жинау керектігі
туралы міндетіңізді еске салады. Ескі аспабын
дұрыс жою туралы ақпарат алу үшін тұтынушылар
жергілікті билік органдарына немесе бөлшектеп сату
өкіліне хабарласуы керек.
Қоршаған ортаны құрметтеу және сақтау
Құрылғыны таза және жақсы желдетілетін бөлмеде
орнатыңыз. Оны тік күн сәулелерінен қорғаңыз және
жылу көздерінің жанына қоймаңыз.
Қуатты үнемдеу үшін есікті ұзақ уақытқа ашып
қоймауға немесе есікті тым жиі ашпауға тырысыңыз.
Құрылғыны тым көп тамақпен толтырмаңыз: тамақ
дұрыс сақталуы үшін салқын ауа еркін айналуы
керек. Айналымға кедергі келтірілсе, компрессор
үздіксіз жұмыс істемейді.
Ыстық тамақты тікелей тоңазытқышқа салмаңыз.
Ішкі температура артады және компрессордың
қаттырақ жұмыс істетіп, көбірек қуатты тұтынады.
Мұз пайда болса, құрылғыны ерітіңіз (Техникалық
қызмет көрсету» бөлімін қараңыз). Мұздың қалың
қабаты суықтың тамақ өнімдеріне тарауын қиынырақ
етеді және қуатты көбірек тұтынуға әкеледі.
Бұл ескертулер қауіпсіздігіңіз үшін берілген. Осы құрылғыны орнату немесе пайдалану
алдында олардың барлығын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.
Пайдалану алдында
осы нұсқаулық кітапты мұқият оқып
шығыңыз және болашақта анықтама алу
үшін сақтаңыз.