Instruction for Use

24
ҚАУІПСІЗДІК
НҰҚАУЛАРЫ
ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ
ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын
осы нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз. Оларды болашақта
қарау үшін сақтап қойыңыз.
Бұл нұсқауларда және аспаптың
өзінде берілген маңызды қауіпсіздік
ескертулерін әрқашан да ұстану
керек. Өндіруші осы қауіпсіздік
нұсқауларын ұстанбау, құрылғыны
дұрыс пайдаланбау немесе басқару
параметрлерін дұрыс орнатпау
нәтижесіндегі ақаулық үшін
жауапкершілікті қабылдамайды.
Кішкентай сәбилерді
(0-3 жастағы) құрылғыға
жақындатпау керек. Үнемі
бақылау болмаса, жас балаларды
(3-8 жастағы) құрылғыға
жақындатпау керек. 8 жастан асқан
балалар және дене, сезіну немесе
ақыл-ой қабілеті шектеулі немесе
тәжірибесі мен білімі жетпейтін
адамдар тек егер ересектер
қадағалайтын болса немесе қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқаулар алып,
төнетін қатерлерді түсінетін болса
ғана осы аспапты пайдалана алады.
Балалардың құрылғымен ойнауына
болмайды. Егер қадағалайтын
ересек адам болмаса, балалардың
тазалау және жөндеу жұмыстарын
орындауына болмайды.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы және
оның керек-жарақтары пайдалану
барысында ысып кетеді.
Қыздырғыш элементтерді қолмен
ұастаудан сақ болу керек. Үздіксіз
қарап отырмаған жағдайда 8 жасқа
толмаған балаларды құрылғыдан
алыс ұстау керек.
Тағамды құрғату барысында
құралды ешқашан назардан тыс
қалдырмаңыз.
Барлық бөліктері толығымен
суымайынша, киімдеріңізді
немесе басқа жанатын заттарды
құрылғыдан аулақ ұстаңыз - өрт
туу қаупі. Майлы тағамдарды
пісірген немесе спиртті ішімдікті
қосқан кезде сақ болыңыз - өрт
шығу қатері бар. Табалар мен
керек-жарақтарды алып шығу үшін
пеш қолғабын киіңіз. Тамақ пісіріп
болған соң қақпағын ашқан кезде
абай болыңыз, пешті ашпас бұрын
жайлап буды немесе ыстық ауаны
шығарыңыз -күйіп қалу қатері бар.
Құрылғының алдыңғы жағындағы
ыстық ауа саңылауларын бітемеңіз
- өрт шығу қатері бар.
Тұмшапештің есігі ашық тұрған
кезде, есікке соғылып қалмау үшін
абай болыңыз.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы
сыртқы таймер немесе бөлек
қашықтан басқару құралы сияқты
сыртқы қосқыш құралмен басқаруға
арналмаған.