Instruction for Use

26
Ашаға қол жеткізу мүмкін болса,
құрылғыны электр желісінен ашаны
суыру арқылы немесе сымдарды
өткізу ережелеріне сәйкес
розеткадан бұрын орнатылған
бірнеше полюсті қосқыш арқылы
тоқтан ажырату керек және
құрылғыны ұлттық электрлік
қауіпсіздік стандарттарына сәйкес
жерге тұйықтау қажет.
Ұзартқыштарды, бірнеше
розетканы немесе адаптерлерді
пайдаланбаңыз. Электр
құрамдастары орнатудан кейін
пайдаланушы қатынаса алатындай
болуы қажет. Аяғыңыз су болса
немесе жалаң аяқ болсаңыз,
құрылғыны пайдалануға болмайды.
Құрылғының қуат сымы немесе
ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс
істемесе немесе бұзылған немесе
құлаған болса, оны пайдаланбаңыз.
Егер электр сымы бүлінген
болса, электр тоғы соғуы қатеріне
жол бермеу үшін оны өндіруші,
оның қызмет көрсетуші өкілі соған
ұқсас білікті адамдар дәл сондай
сымға ауыстыруға тиіс.
Қуат сымын ауыстыратын
жағдайда уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ЕСКЕРТУ: Тазалау немесе
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізерден бұрын
құрылғының өшіріліп, қуат көзінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз -
электр тоғы соғу қатері бар; бумен
тазалау жабдығын ешқашан
пайдаланбаңыз - электр тоғымен
зақымдану қаупі бар.
Есіктің шынысын тазалау үшін
қажағыш ысқыштарды немесе
өткір металл қырғыштарды
пайдаланбаңыз, өйткені олар
шынының бетін сызып, оның
шытынауына себеп болуы мүмкін.
Тазалау немесе техникалық
күтім көрсету жұмыстарынан бұрын
құрылғының суығанын тексеріңіз. -
күйіп қалу қатері бар.
ОРАУЫШ МАТЕРИАЛДАРДАН
АРЫЛУ
Орауыш материал 100% қайта өңделеді
және ол қайта өңдеу белгісімен
таңбаланған
. Сондықтан орауышының
әр түрлі бөліктерінен жауапты түрде және
қоқыстан арылуды реттейтін жергілікті билік
органының ережелеріне сәйкес арылу
қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛЫП БОЛҒАН
ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ
ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
Бұл құрал қайта өңделмелі немесе
қайта қолданбалы материалдардан
жасалған. Оны жергілікті қалдықты тастау
ережелеріне сәйкес қоқысқа тастаңыз.
Тұрмыстық электр құрылғыларын қолдану,
қалпына келтіру және қайта пайдалануға
тапсыру бойынша қосымша ақпарат алу
үшін құзыретті жергілікті билік органына,
тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне
немесе құрылғы сатып алынған дүкенге
хабарласыңыз. Бұл құрал электрлік және
электрондық жабдықты қоқысқа тастау
(WEEE) бойынша 2012/19/EU Еуропалық
директивасына сай белгіленген. Бұл
өнімнен дұрыс арылу арқылы қоршаған
ортаға және адамдардың денсаулығына
теріс әсердің салдарының алдын алуға
көмектесесіз.
Құрылғыдағы немесе ілеспе құжаттамадағы
белгісі бұл құрылғыны тұрмыстық қоқыс
ретінде тастамау керектігін және электрлік
және электрондық жабдықты қайта өңдеуге
арналған арнайы жинау орталығына
өткізілуі тиіс екендігін көрсетеді.