Instruction for Use

31
КЕПІЛДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласу алдында:
1. Мәселені өз бетіңізбен "Ақаулықтарды
шешу нұсқаулығы" арқылы шешіп
көріңіз.
2. Мәселенің шешілгенін/шешілмегенін
көру үшін құрылғыны қайта қосыңыз.
Келесі ақаулар пайда болса,
Тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына немесе білікті маманға
хабарласыңыз:
Егер ыдыстар ысымаса:
қуат сымы ағытылған немесе бүлінген
болуы мүмкін.
Ыдыстар қатты ысып кетсе:
температураны басқару құралы ақаулы
болуы мүмкін.
Құрылғыны қосқан кезде Қосу/
Сөндіру қосқышы қосылмайды:
қосқыш тетіктің индикаторы ақаулы.
Жоғарыдағы тексерістерден кейін
ақау жойылмаса, жақындағы
Кепілді қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Әрқашан мыналарды көрсетіңіз:
ақаулықтың қысқаша сипаттамасы;
жылыту тартпасының түрі және нақты
үлгісі;
Тұтынушыларға қолдау көрсету
орталығының нөмірі (дерек
тақтайшасындағы Сервис деген сөзден
кейінгі нөмір) тартпа сырғытпасының
сыртқы оң жақ жиегінде орналасқан.
Қызмет нөмірі кепілдік кітапшасында
да берілген;
толық мекенжайыңыз;
Телефон нөміріңіз.
Егер жөндеу жұмыстарын орындау
қажет болса, Кепілді қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз (фирмалық
қосалқы бөлшектер пайдаланылсын
және дұрыс жөнделсін десеңіз). Осы
нұсқаулар орындалмаса, өнімнің
қауіпсіздігі мен сапасына нұқсан келуі
мүмкін.