Instruction for Use

15
KZ
Ағызу түтігін жалғау
Ағызу түтігін
майыстырмай,
еденнен 65-100 см
жоғары орналасқан
ағызу құбырына
немесе қабырғадағы
канализация құбырына
жалғаңыз;
немесе, оны ваннаға,
шұңғылшаға немесе
шылапшынға салып,
берілген түтікті
шүмекке бекітіңіз
(суретті қараңыз).
Түтіктің шеті су
астында болмауы тиіс.
! Түтікті ұзартуға қарсымыз; бірақ басқа амалы
болмаса, ұзарту түтігінің диаметрі бастапқы түтіктің
диаметрімен бірдей болуы және оның ұзындығы 150
см-ден аспауы керек.
Токқа жалғау
Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын, мына
жағдайларға көз жеткізіңіз:
розетка жерге тұйықталған және қолданыстағы
заңды ережелерге сәйкес келеді;
розетка Техникалық деректер кестесінде
көрсетілген құрылғының ең жоғарғы қуатына
төзімді (оң жақта);
қуат көзінің кернеуі Техникалық деректер
кестесіндегі мәндер ауқымында
(оң жақта);
розетка кір жуғыш машинаның айырымен
үйлесімді. Олай болмаса, розетканы немесе
айырды ауыстырыңыз.
! Жабық жер болса да, кір жуғыш машинаны сыртта
орнатуға болмайды, себебі құрылғыны жауын мен
найзағай астында қалдыру өте қауіпті болуы мүмкін.
! Кір жуғыш машина орнатылғаннан кейін розеткаға
оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс.
! Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
! Ток сымы ешқашанда майыстырылмауы немесе
қауіпті түрде қысылмауы тиіс.
! Ток сымын тек өкілетті мамандар ауыстыруы тиіс.
Ескерту! Бұл ережелер сақталмаса, компания кез
келген жауапкершіліктен бас тартады.
Бірінші жуу циклы
Құрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет
пайдаланбас бұрын, алдын ала жуу циклы жоқ 90°C
бағдарламасын қолдана отырып, жуғыш зат пен
кірлерді салмай-ақ, жуу циклын іске қосыңыз.
65 - 100 cm
Техникалық деректері
Үлгі WISE 10
Өлшемдері
ені 59,5 см
биіктігі 85 см
тереңдігі 40 см
Сыйымдылығы 1 - 6 кг
Электр
қосылымдары
құрылғыға бекітілген техникалық
деректер тақтасын қараңыз
Су қосылымдары
ең жоғары қысым 1 МПа (10 бар)
ең төмен қысым 0,05 МПа (0,5 бар)
барабан сыйымдылығы 40 литр
Айналдыру
жылдамдығы
1000 айналым/мин мәніне дейін
Қуатты есептеу
бағдарламалары
мына
стандартқа сәйкес:
EN 60456
2 бағдарламасы; температура 60°C;
6 кг жүкті қолдана отырып.
Бұл құрылғы төмендегі ЕО
директиваларына сәйкес келеді:
- 2004/108/ЕС (Электр магниттік
үйлесімділік)
- 2006/95/EC (Төмен кернеу)
- 2012/19/EU (WEEE)