Use and care guide

26
ЕСКЕРТУ
Су сүзгісін тазалау немесе қалдық суды төгу
алдында жуғыш және кептіргіш машинаның
өшкеніне және розеткадан ажыратылғанына
көз жеткізіңіз Егер жақында жоғарғы
температуралы жуу бағдарламасы
қолданылған болса, суды төкпес бұрын
суығанын күтіңіз
Жуу циклдерінен кейін машина ішінде
қалдық сулардың шықпай қалып қоюына
жол бермес үшін, су сүзгісін тұрақты түрде
тексеріп отырыңыз
СУ СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ / ҚАЛДЫҚ СУДЫ ТӨГУ
1 Аяқ панельді алыңыз: Бұрауыш құралды
пайдалану арқылы оны төмендегі суретте
көрсетілгендей етіп орындаңыз
2 Төгілген суға арналған ыдыс:
Қалдық суды жинау үшін су сүзгісінің астына
биік емес және кең ыдыс қойыңыз
3 Суды төгу:
Сүзгіні сағат тілі бағытына қарсы су
шыққанша бұраңыз Сүзгіні алмастан судың
ағып кетуіне мүмкіндік беріңіз
Ыдыс толған кезде сүзгіні сағат тілі бойынша
бұрып жабыңыз Ыдысты босатыңыз Барлық
су төгілгенше осы процедураны қайталаңыз
4 Сүзгіні алыңыз: Қалдың судың кез келген
шағын мөлшерін сіңіріп алу үшін су сүзгісінің
астына мақта орамал қойыңыз Сосын, су
сүзгісін сағат тіліне қарсы бұрау арқылы
алыңыз