User manual

Table Of Contents
Тор сөрені және шұңғыл науаны бірге
пайдалану:
шұңғыл науаны сөре тірегінің
бағыттағышының және жоғарыдағы
бағыттағыштар үстіндегі тор сөренің арасына
кіргізіңіз.
Үстіңгі жағындағы шағын ойық
қауіпсіздікті арттырады. Шығыңқы
тұстар құралдардың аударылып
қалуына жол бермейтін қауіпсіздік
құралдары болып табылады.
Сөренің айналасындағы биік жиек
ыдыстардың сөреден сырғып
кетуіне жол бермейді.
СЫРҒЫТПА ЖОЛДАР
Сырғытпа жолдарды орнату
нұсауларын кейін пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Сырғытпа жолдардың көмегімен сөрелерді
оңай алып-салуға болады.
АБАЙЛАҢЫЗ Сырғытпа
жолдарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Сырғытпа жолдарды
майламаңыз.
1. Оң және сол жақтағы сөре сырғытпаларын
тартып шығарыңыз.
°C
2. Тор сөрені бағыттауыш жолдарға салыңыз
да, пештің ішіне абайлап итеріңіз.
Пештің есігін жабар алдында, бағыттауыш
жолдардың пешке әбден кіргізілгеніне көз
жеткізіңіз.
ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
ЖЕЛДЕТКІШ
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде, пештің
беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пешті
сөндірсеңіз, желдеткіш пеш салқындағанша
жұмыс істеп тұра береді.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕРМОСТАТЫ
Тұмшапеш дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты қызып
кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың алдын алу
үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге арналған
термостатпен жабдықталған. Температура
11